4.Озон. Алынуы және қасиеті. 13-суреттегідей газометрді
27-сурет. Озон алынудың сызбанұсқасы
|
толтырыңдар. Индукциялық катушканы қосып озонатор арқылы газометрден оттек жіберіңдер (27-сурет). Озонның түзілу реакциясын жазыңдар. Бірнеше тамшы крахмал тамызылған калий иодиді ерітіндісі арқылы озонды жібере отырып, озонның қасиетін зерттеңдер. Озонның иісі қандай?
|
Үш сынауыққа 1-2 мл калий йодиді, индиго, марганец сульфаты ерітінділерін құйыңдар. Сыйымдылығы 100-150 мл құтыға 5 г (NH4)2S2O8 және 10 мл концентірлі азот қышқылын құйыңдар да, құтыны газ шығаратын түтігі бар тығынмен жауып, оны әлсіз жалында қыздырып, бөлініп жатқан газды үш ерітінді (KJ, индиго, H2SO4) арқылы өткізіңдер. Әрбір ерітіндіде болып жатқан өзгерістерді бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияларда озон қандай роль атқарады? Озон молекуласының құрылысын жазыңдар.
5. СУТЕК. СУТЕК ПЕРОКСИДІ
ғ 14 жұмыс. Сутек
Ескерту: Сутекпен тәжірибелер жасағанда оның тазалығына алдын-ала көз жеткізіп алмайынша қондырғыдан шығып жатқан сутекті жағуға болмайды, себебі таза емес сутекті жаққанда қопарылыс болуы мүмкін.
Қажетті-құрал жабдықтар мен реактивтер: металл тұрғы, спирт шамы, газ шығаратын түтікшесі бар тығын, сынауықтар, шыны пластинка (30L60), мырыш түйіршіктері (немесе мырышталған темір) 20% күкірт қышқылы (немесе тұз қышқылы (1:5)) мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы.
|
1.Металдарға қышқылдармен әсер ету арқылы сутек алу.
28 а-суретте көрсетілгендей қондырғы жинаңдар.
28-сурет. Сутекті алу, оны жинау және “тазалығын” тексеру
|
Сынауыққа мырыштың бірнеше түйірін салып, 5 мл 20% күкірт қышқылын құйыңдар да, сынауықтың саңылауын ұшы жоғары қарай бағытталған газ шығаратын түтігі бар тығынмен жабыңдар (28 б сурет). Сутектің “тазалығын” тексеріңдер. Бұл үшін ішінде сутек бар
|
сынауықты жаймен көтеріп, саусақпен жаба отырып (28 в сурет) түбін жоғары қаратып сынауықты көлденең бағытта ұстап тұрып, спирт шамына жақындатып, аузын ашыңдар (28 г сурет). Сутектің тазалығына көз жеткізгеннен кейін (оқытушының қатысында), оны түтікшенің аузында жанған шыбықпен жағып көруге болады. Таза сутек жанғанда әлсіз дауыс естіледі. Сутек жалынының үстіне суық құйғы немесе шыны пластинка ұстаңдар. Нені байқауға болады? Сутек алудың реакция теңдеуін молекулалық және ионды-электрондық түрде жазыңдар. Лаборатория жағдайында сутек алу үшін басқа қандай металл және қышқылды ұсынуға болады? Сутек алу үшін концентірлі күкірт қышқылын қолдануға бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. Сутектің жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |