Бейорганикалық химия практикумы



бет45/205
Дата23.03.2023
өлшемі6.08 Mb.
#471021
түріПрактикум
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205
PRAKTIKUM KAZ (1)

3. Оттекгің қасиеттері.


а) Атомарлық және молекулалық оттектің тотықтырғыш қасиеттерінің айырмашылықтары. Құрғақ сынауық алып, оны 1/5 бөлікке дейін калий нитратымен толтырыңдар.


25-сурет. Бөлініп жатқан сәттегі оттекте көмірдің жануы

Оны темір тұрғыға ұстатып, тік қойып, ішіндегі тұз балқығанша қыздырыңдар. Нені байқауға болады? Балқыған массадан газ түйіршіктері бөліне бастағанда отқа қыздырылған көмір түйірін сынауыққа салыңдар (25-сурет).
Қыздыруды тоқтатып, оттек бөлінген кезде көмірдің қалай жанатынын бақылаңдар (Абайландар!). Көмір жанып біткен кезде сынауыққа күкірт түйірін салыңдар. Күкірттің молекулалық (газометрден) және атомарлық оттекте жануының айырмашылығын байқаңдар.





б) Таза оттек пен ауаның тотықтырғыш қасиеттерінің айырмашылықтары. Банканың шегіне дейін сумен толтырып, бетін шыны пластинкамен жауып, төмен қаратып суы бар астаушаға салыңдар да бетіндегі шыны пластинканы алып тастаңдар. Газометрден банкаға газ шығатын түтікті әкеліңдер. Банканы оттекпен толтырып, оның ішіне аздап су қалдырыңдар да (не үшін?) ауызын шыны пластинкамен жауып судан шығарыңдар. Темір қасыққа көмірдің кішкене түйірін салып, оны жалында жағып алып, жанған кезде оттек бар банкаға біртіндеп салыңдар (26-сурет). Күкірттің ауада және оттекте жану қарқындылығын салыстырыңдар. Жанып болғаннан кейін қасықты банка түбіндегі суға батырып, күкірттің судағы жану өнімін еріту үшін ыдысты жақсылап шайқаңдар.
Күкірттің орнына қызыл фосфор және алдын ала жағылған




26-сурет.


Заттардың оттекте жануы

ағаш шыбығын алып осы тәжірибені қайталаңдар. Оттек бар ыдысқа темір қысқышпен ұстай отырып алдын ала жағылған магний жолағын салыңдар (жанып жатқан магнийге ұзақ уақыт қарамау керек, себебі ол көзге зиянды!).
Күкірттің, фосфордың, маг-нийдің оттекте жану өнімдері

қосылыстардың қандай түріне жатады? Осы заттар сумен әрекеттескенде не түзіледі?Жорамалдарыңды индикатордың көмегімен тексеріңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет