3.Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық көзқарастары. П.Ф.Лесгафтың антропологиялық принципі.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Россияның ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық құрылыстың іру процесі күшейе берді. Соның нәтижесінде таптық қайшылықтар шиеленісті. Шаруалар қозғалысы өріс алды, дворян революционерлері – декабристер, онан кейін интеллигенция бас көтерді.
Осы кезеңде таққа отырған І Александр мемелекттік билеудің ескерген жүйесін өзгертті. Бұрыңғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министрліктер құрды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз,ағарту және тәрбие ісін басқарды.
1803 жылы Халық ағарту министрлігі «Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін» жариялады. Бұл «Ережелер» бойынша бүкіл Россия 6 оқу округтеріне бөлінді, әр оқу округін мемлекет чиновнигі – оқу округінің попечителі деген басқарды.
Осылай халық ағарту ісін басқарудың қатаң бюрократтық жүйесі құрылды.
Мектеп реформасының келесі сатысы – 1804 жылы қабылданған «Оқу орындарының уставы» болды.
Осындай тар мағыналылығына қарамастан, 1804 жылғы оқу орындарының уставының кейбір тарихи прогресшіл жақтары да болды: оқу орындарының бір-бірімен байланыстылығы, сатылы түрде құрылуы көрсетілді. Уездік чилищелер мен гимназиялардың оқу жоспарлары біраз кең көлемді реальдық білімдер талап етті. Осы 1804 жылғы уставтан кейін қалаларда, баяу қарқынды болса да, оқу орындарының саны өсті. 1812 жылға отан соғысының қарсаңында Россияның 47 губерниялық қалаларының барлығында да гимназиялар, уездік қалаларда уездік және приходский училищелері ашылды.
ХIX ғасырдың II жартысында Ресейде бала тәрбиесі мен білім беру жүйесіне жаңалықтар енгізілді. Н.И.Пироговтың халықтық білім беру туралы ой-пікірі қоғам санасын оятты. Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов білім беру мен еркіндік арасындағы байланысты айқындады. Орыс мектебінің идеялық негізін салды.
Лев Толстой үздік мектептің еркін ізденіс жолын көрсетті. Ескі мектеп сынға алынды, ескіше оқу мүмкін болмады. Бала тәрбиесі мен білім беру жүйесінің жаңа теориясын жасайтын педагогтың келуі уақыт талабы еді
Достарыңызбен бөлісу: |