Халықтық педагогика құралдары. Білім беру және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі.
1725 жылы Петербургте ғылымдар Академиясы құрылды. Оның уставы І Петрдің тұсында жарияланды. Батыс Европа елдерінен ғалымдар шақырылып, керекті жабдықтар сатып алынды. І Петрдің жобасы бойынша академия жанынан университет, гимназия ашылды. Академияның жұмысына М.В.Ломоносов белсене араласты.
М.В.Ломоносов шаруаның баласы,үйде өз бетімен хат танып, 19 жасында Москваға барып шыққан тегін жасырып славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Кейін үздік оқығанын ескеріп, Петербургтегі академия гимназиясына оқкға алынды. 1736 жылы Ломоносов химия профессоры, ал кейін академик болады. Ол ғылымның әр саласында жемісті еңбек етті, ғылымның жаңа салаларын дамытты. Ломоносов орыстың классикалық философиясын жасады. Ол табиғаттың жалпы заңы – материяның сақталуы және қозғалуы заңын ашты, бұл заң қазіргі жаратылыс ғылымының негізі болып табылады.
Орыс грамматикасының жасалуы және Россияда әдеби тілдің қалыптасуы Ломоносовтың есімімен байланысты. Физикадан орыс тілінде лекция оқыған, өзінің ғылыми еңбектерін орыс тілінде жазған алғашқы академик Ломоносов болды. Ломоносов Россияда мектептің сословиялық болмауын жақтады, мектепке шаруалардың балаларының алынбауына қарсы болды. Оның университетте және ғылымдар академиясы жанындағы гимназиядағы педагогтық қызметінің маңызы зор болды. 1758 жылдан бастап Ломоносов университет пен гимназияға басшылық етті, гимназияның оқу жоспарын жасады және университеттің оқу тәртібін, оқу орындарындағы оқыту принциптері мен әдістерін белгіледі. 1758 жылы Ломоносов жасаған гимназияның ережесінде, орта мектептің жалпы білім беретін мектеп болуымен бірге, сословиялық мектеп болмауын жақтады.
Университет пен гиназия үшін бірнеше оқулықтар жазды. 1748 жылы «Риторика», 1755 жылы «Орыс тілінің грамматикасын жазды». Бұл оқулықтар кейінгі жарты ғасыр бойындағы жалпы білім беретін орыс мектебінде еңм тәуір оқулықтар болып есептелді. Ломоносов тарих кітабын да жазды. Ол орыс тіліне аударған «Эксперименттік физика» оқулығында табиғат құбылыстары философиялық материализм тұрғысында түсіндірілді. Бұл кітапта алғашқы рет физика заңдары тәжірибе жасау арқылы дәлелденіп берілді. Ломоносов 1755 жылы Москва университетін ашу мәселесіне белсене араласты.
Достарыңызбен бөлісу: |