Бекітемін Қазақстан Республикасы іім шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанайакадемиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Нурушев 2018 ж. Оқу жұмыс бағдарламасы


Антон Семенович Макаренко (1888–1939)



бет38/49
Дата24.01.2024
өлшемі178.93 Kb.
#489613
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
399017333 (1)

Антон Семенович Макаренко (1888–1939) – ХХ ғасырдың 20–30 жылдарындағы тәрбиенің әдіснамалық мәселелерін қарастырған ұйымдастырушы, жәтім балалармен тәрбие жүйесін басқарушы тәлімгер, тәрбиенің жаңа қағидаларының негізін салушы Кеңес заманының педагогы, жазушы.
Василий Антонович Сухомлинский (1918-1970)- жиырмасыншы ғасырдағы ірі педагогтардың бірі, оның педагогикалық еңбектері 40 шақты дүниежүзі халықтарының тіліне аударылды. Ол тірбиенің, дидактиканың, мектептанудың теориясы мен қолдану салаларын толығымен қарастырды.
өмір бойы ауыл мектебінде қызмет атқарған әрі практик, әрі теоретик педагогтың іс-әрекетінде мұғалімнің өз кәсібі қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі маңызды орынды алды.


10 –тақырып. Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика.
1. Ғылым мен гуманизм - үшінші мыңжылдықтың әлемаралық құндылығы.
2. Ынтымақтастық педагогикасы. Ш.А.Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы.
3.Тұлғаға бағдарланған технологиялар. Негізгі тұжырымдамалық идеялар.


1. Ғылым мен гуманизм - үшінші мыңжылдықтың әлемаралық құндылығы.
Қазіргі Россияда кәсіптік даярлыққа асқан кызығушылықпен талаптар қойылуда. Жаңа типті оқу орындары ашылып, оған жаңа оку-қүралдары жасалуда, гимназиялар, колледждер, лицейлср, жогары кәсіптік училищелер, жекелей кәсіптік авторлық мектептер ашылып өз концепциясын жасау үстінде. Инженерлік - педагогикалық институттар, индустриалъдық-педагогикалық техникумдар, педагогика-лық колледждер көптеп ашылуда. Кәсіптік білім беру ұдайы дамуда. Бұл басқа ғылымдар мен ұдайы байланыста дамып, білім берудің комплексті жүйесін іске асыруда, жаңа теория мен концепция жасауда, мүның барлығы практикада сыналу үстінде.
«Оқыту үрдісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі.»
"Оқыту технологиясы ”ұғымы педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника ұғымы да кеңiнен қолдалынады. "Педагогикалық технология” ұғымы рефлексология идеяларына негiзделген.
"Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту технологиясы (50-60 жж.), сондай-ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла бастады. 60-жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы, бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады. Педагогикалық әдiстер технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды. Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат – оқу мақсаттарын нақтылап алып, соларға бөлiк-бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн құрастыру болып табылады.
«Педагогика» баспаханасы «Педагогикалық ізденіс: тәжірибе, мәселе, табыстар» сериясын шығара бастады. Алғашқы кітаптар болып В.Ф.Шаталовтың, Е.И.Ильиннің, С.И.Лысенкованың, Ш.Амонашвилидің еңбектері басылып шықты.
Педагог-новаторлардың іс-әрекеті оқыту ісіне тәрбиелік ұстаныммен қарауға негізделген: баланы біліміне қарап емес, еңбекке деген қатынасына, адамдарға, адамгершілікті құндылығы мен қасиеттеріне қарап бағалау.
В.Ф.Шаталов балаларды ұжымды, қызғылықты, шығармашылықты іспен серпіндіреді. Оқушыларды екілік алу қорқынышын тастауға, оқуда өзінің табысын сезінуге мүмкіндік жасайды. Ол үшін Шаталов мына тәсілді қолданады: оқу материалын қатаң логикалық ретте, көрнекі блок-кестелерді қолдану арқылы түсіндіреді, оқушылар блок-кестелерге сүйеніп жауап береді., үйде алдымен сыныпта қарастырылған сұрақтырды қайталап, үй тапсырмасын орындайды. Нәтижесінде оқуға талпынысы бар, нашар оқитын бала да, жақсы оқып кетеді. Оқу материалын түсіну барысында берілген тапсырманың ішінен өзіне ұнағанын таңдап, оны шығармашылықпен шешіп, өздігінен қателігін түзеу ұсынылады, баға қойылмайды. әр бала тақырыпты толық түсінгеннен кейін ғана баға қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет