2.К.Д.Ушинский - ғылыми педагогиканың негізін салушы.
Мұндай педагог-Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) болды. Ол тарихшы, юрист, философ, орыс мұғалімдерінің мұғалімі еді.
К.Д.Ушинский Тула қаласында шенеунік отбасында 1824 жылы дүниеге келді. Гимназиялық білім, кейін университеттік білім алды. (Новгород. Северск гимназиясын бітірді). 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне түседі.
Педагогикалыќ қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады:
I кезең: (1846-1849) 1846 жылы Ярославль-Демидово заң мектебінде камералды ғылымдар профессоры қызметін атқарды (саяси экономия, заң тану, мемлекеттік құқық қаржы, тарих, философия).
Россияда ол кезде 4 лицей бар еді. Царско-Сельский, Нежинский (Украинада), Ришельевский (Одесса), Демидов (Ярославль). Білім берудегі қайта құру ісін Ушинский лицейден бастайды: Оқу пәндерін курсқа бөліп оқыту; кітапхана қорын кеңейту. 1849 жылы К.Д.Ушинский лицейдегі жұмысын тастайды. Педагогикалық қызметке тағайындау рұқсатын ала алмаған соң, 5 жыл ішкі істер министрлігінде шенеунік қызметін атқарды.
II кезең: 1854 жылы Гатчинск жетімдер институтында орыс тілі пәнінің оқытушысы қызметіне, кейін инспекторы қызметіне тағайындалады. Тәрбие мен оқыту ісін жақсартады. Гатчинск институтында Гугельдің кітаптар сөресіндегі педагогикалық кітаптарды оқып, кәсіпќой-педагогтыњ негізгі үш қабылетін алып шығады: адамгершіліктің күші -өмірдің негізі; теориялық білімі. Педагогикалық кітаптарды оқығаннан кейін «Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы» атты мақала жазады. «Педагогика-ғылым, өнер, ол терең арнайы білімді, ерекше дарындылықты қажет етеді. Педагогика – тамаша ғылым, керемет сезімтал ой-пікірдің жинағы, тек өз тәжірибеңізге ғана сенбеу керек, оқытуға, үйретуге үйрену керек.
Педагогикалық-қоғамдық қозғалыстың әсерімен К.Д.Ушинский 1857-58 жылдары «Тәрбиеге арналған журналда» мақалаларын жарыққа шығарды: «Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы», «Қоғамдық тәрбиедегі халықтықтуралы», «Мектептің үш элементі (бөлігі)» К.Д.Ушинскийдің атын танымал етті. 3-4 сынып оқушыларына арналған «Балалар әлемі» оқулығы баланың ой-өрісін дамытты, балаларға қызықты болды. 1-2 сынып оқушыларына арналған «Ана тілі» оқулығын жазды. «Орыс тілі –білім негізі» деді. (25 баспаға даярлады, 157 баспасы шықты).
III кезең: 1859 жылы Смольныйдағы текті қыздар институтына сынып инспекторы қызметіне тағайындалады. Оқу-тәрбие жұмыстарына радикалды өзгерістер енгізді:
- оқу мерзімін қысқартты (9жылдан 7жылға дейін)
- текті және тексіз бөлімдердегі білім көлемін теңестіруі;
- демалыстар енгізді (ата-анасы қасында)
- жаңа оқу жоспары мен бағдарламасын жасады, орыс тілі басты пән болып құрастырылды,
- тәрбиеленушілерді орыс әдебиетінің озық туындыларымен таныстырды,
- шет тілдері сағаттары орнына орыс тілінің сағаттарын көбейтті.
- табиғаттану мен физика пәндерін оқыту енгізілді.
- оқытуда көрнекілікті пайдалану, физика сабағында тәжірибе енгізу.
- 2 жылдық педагогикалық кластар енгізді.(жалпы білім беру бағдарламасы, тәрбие, пайдалы еңбекке баулу).
Өздігінше ойлау қабылетінің дамуы, өмірмен танысу, белсенді ой қызметі-жаңа оқыту жүйесінің тәсілі болды. 1862 жылы Смольный институтындағы жұмысынан босатылады. Шетелдегі әйелдерге білім беру жүйесін зерттеу мен педагогикадан оқулық құрастыру сылтауымен шетелге жіберіледі. Онда 5 жыл болады. «Ана тілі» оқулығы мен оған әдістемелік жетекшілік кітабын құрастырады. Педагогикалық антропологияның 2 томын баспаға даярлайды. «Адам-тәрбие пәні» 3 томын жинақтайды. 1867 жылы Ресейге оралады, бірақ үлкен ұлының қазасының үстінен түсіп, аурушаң болып қалады. 1870 жылы 20 қарашада Одессада қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |