Дауыстың ырғағымен оқы.
А А А
А А А А
Ұртқа арналған жаттығулар жасату.
Екі ұртқа ауа толтыру.
Екі ұртқа кезекпен ауа толтыру.
Мақта үрлеу.
Шар үрлеу
Суға түтікшемен үрлеу.
"Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Қолды жазуға дайындау. Жазу кезінде арқаны дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру және қаламды немесе қарындашты дұрыс ұстауға үйрету. Сызбаларды (штрихтарды), жиектерді салуға үйрету.
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Санамақ ойынын ойнаймыз.Бармақтарды бір-біріне тигізіп отбасы мүшелерін айтып кетеміз.
-Кәнеки:
-Мынау бас бармақ-менің атам
-мынау балан үйрек –менің апам
-мынау ортан терек –менің әкем
-мынау шылдыр шүмек -менің анам
-мынау кішкентай бөбек –ол мен -Айман.
-Бәрін қосқанда болады - бес адам.
Отбасымның барлығы басталып тұр «А» деген әріптен.
Жаттау:
Аялаймын анамды,
Ардақтаймын апамды.
Асыл тұтып атамды,
Алайын мен батамды.
VI.Тілширату.
Жаңылтпаш.
Бала-шаға алашаға отырды, Матадан мақта ма,
Алашаға бала-шаға отырды. Мақтадан мата ма?
Сәйкес суретті тез ата. Суретпен жұмыс. Олар үйде немен айналысады?
-Атам зейнеткер,үйдегі малға қарайды,астан кейін бата айтады
Апамда зейнеткер,бала қарайды,ұршық иіреді.
Әкем менің кәсіпкер.Отбасын асырайды.
Анам болса –ұстаз болып қызмет атқарады
Бекітемін:
Әдіскер:Оспанова М
Тәрбиелеу - білім беру процесінің конспектісі
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: Қыркүйек айы. 4-5 апта. 19.09-29.09.2023ж
Логопед:Байбулова Карима Хурматуллаевна
Достарыңызбен бөлісу: |