Негізгі бөлім.
Артикуляциялық жаттығулар
«Құймақ»; «Тәтті тосап»; «Кесе»;
«Сылақшы»; «Сағат»
Мақсаты: дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс
қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру.
Балалар біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс өтетінімізді табыңдар.
Мен қандай дыбысты айтқым келіп тұр, аузыма қарап табыңдар.
-Дұрыс «М» дыбысы,әрпі екен.
Артикуляция ерекшеліктері. Еріндері жабық және ашылмайды,іштен шығатын ауа жолдары мұрын арқылы өтеді. Тілдің ұшы төменгі тіс қатарынан аздап ажыраған, тілі жалпақталған. Дыбыс жолдары жұмыс істейді, тамақ дірілі білінеді.(дауысы шығады).
Сипаттамасы. Үнді, дауыссыз дыбыс.Текшені қандай түспен бояймыз.
Енді осы дыбыстың артикуляфиясфмен танысып кетейік: Айнаны алып көрсетіңдер. Жеке дыбыс қоюмен жұмыстану.
Мм
(Малдар).
М-----М-----М----М------М-----М
Мысық қалай дыбыстайды?
М-м-мяу
Қайтала. «Ұстап ал». Дыбыстардың артикуляциясын сақта.
МММ-А (МА) МММ-Ү (МҮ) МАМ МҮМ
ММММ-О (МО) МММ-І (МІ) МОМ МІМ
МММ-У (МУ) МММ-Ә (МӘ) МӘМ МӘМ
Суретпен жұмыс. Дене мүшелері туралы түсінік қалыптастыру. Жеке бөліктерін айтқызу. Бала өзінің дене бөліктерін көрсетуге дағдыландыру.
Тыныс алу жаттығу: «Жапырақтарды үрлеу»
Бастыру жұмыстары.
Жеке суреттерді қол шапалақтап, буынға бөліп айтқызып үйрету (бас, көз, қол, аяқ, дене, шаш, қас, ауыз, құлақ, саусақ, тізе, кірпік)
|