«Бекітемін» Мәдениет және өнер факультетінің деканы М. Ж. Таңірбергенов (Т. А. Ж. қолы) 202 ж. Практика бағдарламасы



бет3/15
Дата15.03.2024
өлшемі1.16 Mb.
#495730
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Бағдарлама Өндірістік практика 2 (1)

Бағдарламаның негізгі бөлімдері
1. Жалпы ережелер
1.1 Практиканың түрінің сипаты

Өндірістік ІІ практикасы


6В11120 Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы студенттері оқу жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкес 3 апта көлемінде келісім-шарт негізінде өндірістік ІІ практикасынан өтеді. Студентке немесе студенттер тобына сол мекеме тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Студенттер тарапынан атқарылған барлық жұмыс күнделікке белгіленіп, жазылып отыруы тиіс. Аптаның әр күнінің соңында студенттер практика жетекшісімен белгіленіп, тексеріліп отырады. Студент күнделікті белгіленген жұмыстар бойынша, яғни атқарылған жұмыстардың сапасына лайықты түрде бағаланады. Өндірістік ІІ практикасы кезінде студентке университеттен жетекші тарапынан да тапсырмалар беріледі. Өндірістік ІІ практикасы барысында студент келесі тапсырмаларды орындауы қажет:

  • бағдарлама бойынша берілген тапсырмаларды толық орындауға, білікті мамандармен кездесулер өткізуге, күнделікті дер кезінде толтырып отыруға;

  • техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауға;

  • мекеменің жоспарларымен, бөлімдерімен, жұмыс сипатымен танысуға міндетті;

  • жұмыстың орындалуы мен қорытындысына жауапкершілікпен қарауға міндетті;

  • практика базасындағы тәртіпті, жұмыс жоспарын бұзбай, жетекшінің тапсырмаларын, мамандардың тапсырмаларын уақтылы орындауға, базада орындалып жатқан жұмыстарға белсене араласып, нақты жасалып жатқан жұмыстарды орындап отыруға міндетті;

  • іскерлік кездесулер мен келісімдердің, мәжілістердің өткізілуінің тәсілдерін оқып-үйренуі тиіс;

  • жұмыстың орындалуы жайында есебі мен күнделігін тапсыруы керек;



Жалпы тапсырма: Практика базасының тарихы, бөлімдерінің жұмыс ерекшеліктері туралы мәлімет жинақтау.
1.2 Практиканың мақсаты мен міндеттері
Өндірістік ІІ практикасының мақсаты – студенттің көркем және деректі материалдарды жинақтау, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру әдістемесі, көркемөнер шығармашылығының түрлері, мәдени-тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлері, іс-шараларды музыкалық, жарық, дыбыспен безендіру туралы алған теориялық мәліметтері мен кәсіби дағдыларын іс-тәжірибе кезінде мәдениет және өнер мекемелерінде өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру процесінде жүзеге асыра алуына қол жеткізу.
Өндірістік ІІ практикасының міндеттері:
- педагогикалық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
- эмоциональды-жігерлік сапа қасиеттерін тәрбиелеу;
- болашақ мамандығына қызығушылығын арттыру мақсатында студенттің ізденуіне ықпал ету;
- практика базаларының құжаттарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
-іс- шараларды ұйымдастырудың әдістемесін игеру;
-өндірістік жағдайда талаптар мен мақсаттарды кәсіби тұрғыдан шешудің тәсілдерін үйрету;
-болашақ маманның кәсіби стилін, кәсіби этикасын, кәсіби орнын қалыптастыру;
-мәдени мекемелердің құрылымы мен атқаратын іс-шаралардың спецификалық бағытын үйрету;
-көпшілік-саяси және мәдени-ұйымдастырушылық қызметтерді атқаруда тәжірибелік қабілеттігін арттыру;
-оқу барысындағы теориялық алған білімдерін өндірістік іс-тәжірибе жүзінде ұштастыра отырып, мамандық бойынша мәдени- тынығу қызметін үйрену;
-көпшілік ұйымдастырушылық, көпшілік белсенді ұйымдарды басқарушылық, саяси және ғылыми біліктіліктерін таныту және насихаттау өзіндік біліктілігін нығайту, орындаушылық, ұйымдастырушылық қасиетпен ұштастыра білу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет