1.3 Практиканы ұйымдастыру
Білім беру бағдарламасына сәйкес 6В11120 Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері 3 апта көлемінде өндірістік практикасынан өтеді. Ең алдымен оқу ғимаратымыздың салтанат залында студенттерді практикаға жіберу туралы орнықтыру конференциясы өткізіліп, Студенттер практика жетекшісімен, практиканың бағдарламасымен танысып шығады. Аптаның әр күні келісім-шарт негізінде, күнтізбелік жоспарға сәйкес белгіленген практика базаларына барып, көркемөнер ұжымдарымен, мекемелердің жұмыс сипатымен танысып шығады.
Білім атқарылған барлық жұмысты күнделікке белгілеп, жазып отыруы тиіс. Аптаның әр күнінің соңында студентлар практика жетекшісіне белгіленіп, тексеріліп отырады. Студент күнделікті белгіленген жұмыстар бойынша, яғни атқарылған жұмыстардың сапасына лайықты түрде бағаланады. Студент Мәдени-тынығу жұмысы БББ бойынша алдыңғы семестрдегі оқытылған пәндер нәтижесінде алған теориялық білімін, тәжірибе жүзінде орындап көруі үшін ең кемі 1 мәдени не болмаса ойын-сауықтық іс-шара өткізуі немесе кәсіпорындағы тәрбие жоспарында қарастырылған іс-шараға белсене қатысуы тиіс. Төменде әдістемелік көмек ретінде сценарий жазуға қойылатын талаптармен танысу ұсынылады.
Өндірістік практикасы кезінде студентке практикаға ЖОО нан жетекші тарапынан тапсырмалар беріледі. Практика барысында жиналған материалдар, өткізілген мәдени іс-шаралар, құжаттар, толтырылған күнделік негізінде есеп дайындалады.
1.4 Практика жетекшісінің құқықтары мен міндеттері:
кәсіптік практиканың бағдарламасын және өтудің күнтібелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;
кәсіпорынға кәсіптік практиканың басталуынан бұрын студенттердің санын көрсетіп, кәсіптік практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
кәсіпорынның қызметкерлеріне студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға студенттердің оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
жазатайым оқиғаларды, егер олар практиканы өту барысында Студенттің қатысуымен болған оқиғаларды тергеуге қатысу;
білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда кәсіпорынды хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін студентті ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
Студенттердің бағдарлама бойынша берілген тапсырмаларын толық орындауын қадағалау;
Білікті мамандармен кездесулер өткізу, күнделікті дер кезінде толтыртып отыру;
Студенттердің есебі мен күнделігінде қате-кемшіліктер байқалғанда түзету үшін бағыт-бағдар беру, кемшілік түзелмеген жағдайда есепті қабылдамау;
ЖОО практика құжаттары бойынша талаптарға сәйкес келген жағдайда жұмыстың орындалуы жайында студенттердің есебі мен күнделігін қабылдау және бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |