«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет127/230
Дата31.05.2024
өлшемі3.7 Mb.
#502171
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   230
pr vn bol sd kz

ГАСТРИТТЕР


Гастрит (gastritis) — асқазанның кілегей қабатының қабыну үдерісімен сипатталатын ауру. Клиникалық және морфологиялық ерекшеліктерге қарай олар жіті және созылмалы болып бөлінеді.

Жедел гастрит


Жіті гастрит (gastritis acuta) түрлері: жай гастрит, коррозивті, эрозивті және флегмонозды гастрит болып бөлінеді.
Этиологиясы мен патогенезі. Жедел гастритгің туындауына әкелетін экзогенді себептерге қатты, ыстық тағамды, арақ-шарапты және оның суррогатгарын, сапасыз тағамды, кейбір дәрі-дәрмектерді (ацеталсалицил қышқылы, индометацин, кортикостероидты гормондар) қолдану жатады. Кейбір тағамға аллергиялық жауап жедел гастритгі тудырады. Жедел және созылмалы жұқпалы аурулар да кейде асқазанның жіті қабынуын тудырады (тымау, қызылша, скарлатина).
Коррозивті гастрит (gastritis corrosiva) байқаусызда немесе басын өлімге байлап қышқылдардың, я негіздердің ертінділерін ішуден және асқазанға құрамында мырыш, фосфор, йод бар заттардың ішке түсуінен пайда болады.
Флегмонозды гастрит (gastritis phlegmonosa) өте сирек кездеседі. Қатар жатқан ағзалардың іріңді аурулары, сол сияқты асқазанның қабырғасын бөгде бір заттың зақымдалуынан осы ауруға шалдығады.
Жедел гастриттердің ішінде эрозивті гастриттің орны бөлек. Бұл ауру кейде себепсіз басталады, не болмаса жоғарыда айтылған сапасыз, қатты тағамдар, дәрі-дәрмектер, әсіресе аспирин, стероидты емес қабынуларға қарсы препараттар қабылдағаннан кейін пайда болады. Аспирин асқазанның ішкі кілегей қабаты арқылы сіңірілуі кезінде оны зақымдайды, ал ол қабынуға қарсы дәрі - дәрмектер простагландиндердің әсерін азайтады. Сондай-ақ эрозивті гастритгі пайда болуына арақ-шарап ішу, жарақаттану, қан құю, операциялар кезіндегі стрестер, өкпелік, бауырлық жене бүйректік жетіспеушіліктер әсер етеді.
Клиникалық көріністері. Жедел гастрит кезінде патогенді себеп – шарттардың әсерінен соң 6—8 сағат уақыт өткенде аурудың алғашқы белгілері пайда болады: жүрек айнуы, запыран құсу, асқазанның жоғарғы тұсының ауырсынуы, субфебрилді температура, әлсіздік. Сырқат инфекцияның себептермен байланысты болған шақта дене қызуы қатты көтеріледі (39°С және оданда жоғары), улану, организмінің сусыздануының белгілері байқалады. Науқасты қараған кезде терісі құрғақтау, бозғылт, аузынан жағымсыз иіс шығады, іш кебуі, пальпация кезінде асқазан аумағы ауырады. Егер асқынбаса бірнеше күннен соң науқас өзінен өзі сауығады.
Жедел коррозивті гастритте улы заттар қабылдаған сәтте бірден ауызда, кеңірдекте, өңештің бойында, асқазан үсті аймағында қатты ауырсыну сезімі пайда болады, қайта-қайта қан аралас құсады. Бұл гастрит түрінің даму барысы қатаңырақ келеді.
Флегмонозды гастритгің көріністері: дене қалтырауы, қайта-қайта құсу, ауыру сезіну, іш пердесінің тітіркенгенін дәлелдейтін белгілердің пайда болуы. Мұндай гастрит асқазанның тесілуіне (перфорация) соқтырып, іш қуысында тағам қалдықтары, сұйықтық және іріңнің жиналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   230




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет