Аурудың өмір тарихы
Аурудан тұрмыс жағдайын, еңбек жағдайын толық сұрап алу керек. Үй жағдайының тұрмысының /суы бар, қараңғы жерде тұруы/, тыныс ауруларына ұшаратуы мүмкін /созылмалы бронхит, өкпе туберкулезі/. Қызметінде денсаулыққа зиянды жерде жұмыс істеуі мүмкін: цемент заводында, техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда силикоз ауруына шалдығуы мүмкін, тас көмір шығаратын жерде - ... ауруына, шаңды жерде жұмыс істеу созылмалы өкпе ауруына әкеліп соқтыруы мүмкін. Ауру темекі шеге ме соны білу керек, өйткені темекі шегу рак пен созылмалы өкпе ауруын шақыруы мүмкін.
Ауруды тексеру: жалпы ауруды көруден басталады. Содан соң тыныс алу жүйесін көреді, көкірегін сипалау, өкпені тықылдату және тындаудан бастайды.
Жалпы көру – ауруды көріп отырып қалыпты жағдайдан өзгерісі бар ма соны табу керек.
1)тыныс алу жүйесімен ауырған аурулар көбіне ынғайсыз жағдайда жатады. Мысалы: а/ сүйықты және құрғақ плевритте аурулар ауыратын жағымен жатқанды қалады; б/ бронхтың астмасы ұстаған кезінде аурулар жартылайды отырады немесе отырып қалады, екі қолымен жер теріп. Осы жағдайда тыныс алуына қосымша көкірек клеткасында еттер қосылады да тыныс алуын жеңілдетеді.
2)Терісің беті көгеріп, бозарып, қызарып тұруы мүмкін.
Көгеру – тыныс жүйесіндегі көптеген аурулар өкпедегі ауа алмасудың бұзылғанынан болады, ауа қанға толығымен түспей қалады сондақтан қандағы қайтадан пайда болған гемоглобиндердің көбеюінен көгеріп кетеді.
Бозарып кетуі - өкпеден көптен қан кеткенде болады. Жиі эксудативті плевритте болады.
Беттің қызаруы – көгеруі, сарғаю бәрі бірге өкпенің бір бөлігі қабынуынан болады /крупозды пневмония/.
3)Созылмалы-іріңдеген жағдайда – бронхоэктазда /көптеген ошақты бронхтардың кеңеюі іріңді қақырықтың жиналуына әкеледі/. Созылмалы өкпе абцессінде көбіне барабанды саусақ симптомы болады, бұл кезде аяқ-қол саусақтардың басының өлшемдері үлкен болады. Тырнақтардың үсті шығып тұрады – сағат шынысы сияқты.
Тыныс жүйесін қарау
Тыныс алу жүйесін көргенде анықтайтынымыз: көкірек формасын, оның бірдейлігі тыныс алғанда екі жағынаңда бірдей қатынасы, дем алғанда дем алуға көмектесетін еттердің қатысы, оның демінің жиілігі, тереңдегі және ырғағы.
Көкірек формасы – қалыпты ма жоқ зақымданған ба соған көңіл аудару керек. Қалыпты жағдайда көкірек қуысы 3 формаға бөлінеді: астеникалық, гиперстеникалық, нормастеникалық.
Астеникалық – арықтау көкірек қуысы алдыңғы-артқы өлшемі азайған көлденең қарағанда. Сондықтан ол сопақтау. Сонымен қатар абсолюттік өлшемі екеуінің де кішірейген, сондықтан көкірек куысы сопақта, торда болады. Астыңғы, үстіңгі бұғана жақсы көрініп тұр, жауырын көкірек үстінде жақсы көрініп тұр. Қабырғалардың арасы алшақ көрінеді. Қабырғасы қисайып бірінен соң бірі түріліп төменге қарай кеткен, екі жақтағы қабырға дұғасы үштік 90 градус кіші, қабырға аралық еттер мен иық еттері әлсіз орналасқан.
Гиперстеникалық формасы – семіздеу, толықтау көкірек қуысы абсолюттық өлшемі алдыңғы-артқы, көлденең өлшемдер үлкейген, сондықтан көкірек қуысы кең болады. Көпшілігінде алдыңғы-артқы өлшемі үлкейеді, сондықтан көлденеңнен көкірек бір-біріне жақындап, көкірек қуысы цилиндр тәрізді домалақ болады. Бұғананың асты мен үсті онша көрінбейді, бұғана білінбейді, жауырында сол сияқты білінбей тұрады. Қабырға асты жақын онша көрінбейді. Қабырғаның жолдары көлденең болып, бұрыш доғал болады. Көкірек қуысының толықтау болуына скелетке де, еттерің өсу күшіне байланысты.
Нормостеникалық – қалыпты көкірек қуысы. Орташа болады. Зақымданған көкірек қуысы – зақымдалу процессіне байланысты көкірегі деформацияланады – қисайады.
Кеуде қуысының паралитикалық формасы астеникалық формасы сияқты, парез айқын көрініп тұрады. Бұл аурудың көкірегі өкпенің созылмалы ауруында кездеседі. Бұл әкеліп өкпенің дәнекер ткандардың өсіп кетуіне, домаланып плевраның өсуіне кедергі болады да көкірек қуысының формасын өзгертеді, өзгеруі тағы басқа себептерден де болады, скелеттің туа бітті анатомиясынан, жас кезінде рахитпен ауырғанынан немесе омыртқасы ауырғанынан.
Эмфизематозды көкірек қуысы /бөшке сияқты/ - гиперстеникалық одан да қатты өсіп кеткен сияқты. Бұл көкірек қуысы өкпенің ұзақ уақыт терең дем алғанынан болады. Бұндай жағдайлар альвеолдағы ауаның көбейіп кетуінен болады, осыны эмфизема деп атайды. Эмфиземаның жедел, созылмалы түрлері болады.
Сонымен паралитикалық және эмфизематикалық көкірек қуысының формасы астеникалық және гиперстеникалық формаға келеді. Олардың айырмасы паралитикалық, эмфизематоздық форма тыныс жүйесінің зақымдануынан, астеникалық, гиперстеникалық форма конституция ерекшелік болады.
Достарыңызбен бөлісу: |