Әскери қызметшілерді шығарып салу тәртібі
1. Әскери қызметшілерді, теріс себептер бойынша босатылғандардан басқа, шығарып салу салтанатты жағдайда өтеді. Оларға әскери бөлімнің ардагерлері, басқа әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілері, қоғам өкілдері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері шақырылуы мүмкін.
Әскери қызметшілерді шығарып салу:
әскери бөлім командирлерін - Жауынгерлік Ту жанында әскери бөлім сабының алдында (бөлім жиналысында);
бөлімшелер командирлерін - офицерлерді, сержанттарды - бөлімшенің сабы алдында немесе офицерлердің, сержанттардың жиналысында;
департаменттерде, бас басқармаларда, сондай-ақ әскерлер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің, бөлімшелердің басқармалары мен штабтарында қызмет өткеретін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді - саптың алдында немесе осы департаменттердің, бас басқармалардың, басқармалардың, штабтардың, бөлімшелердің жеке құрамы жиналысында;
мерзімді әскери қызметтің сарбаздарын (матростарын) және сержанттарын (старшиналарын) - бір уақытта запасқа шығарылған әскери қызметшілердің санына байланысты әскери бөлімнің немесе бөлімшенің сабы алдында жүзеге асырылады.
Әскери бөлім командирін шығарып салуды ұйымдастыру оның тікелей бастығына, ал қалған әскери қызметшілерді - әскери қызметші әскери қызмет өткерген әскери бөлімнің немесе бөлімшенің командиріне (департамент, бас басқарма, басқарма, штаб бастығына) жүктеледі.
2. Командирді шығарып салу үшін әскери бөлім салтанатты немесе күнделікті киім нысанында қарусыз саптық байқау үшін Саптық жарғымен белгіленген тәртіппен жаяу сапқа тұрғызылады. Әскери бөлімді сапқа тұрғызуға тағайындалған командир басшылық жасайды, ал әскери бөлімнің кететін командирі шығарып салуды ұйымдастырушы командирдің (бастықтың) қасында тұрады.
Шығарып салуды ұйымдастырушы командир (бастық) баянатты қабылдап және жеке құраммен амандасып, әскери бөлім командирін жаңа қызмет орнына ауыстыру туралы немесе запасқа не отставкаға шығару туралы бұйрықты жариялайды, қысқаша сөз сөйлейді, онда оның сіңірген еңбегін атап өтеді, сондай-ақ көтермелеулер туралы жариялайды, егер ол наградталған болса, грамота тапсырады.
Жеке құрам сабының алдында басқа да әскери қызметшілер, әскери бөлімнің ардагерлері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері сөз сөйлеуі мүмкін, одан кейін әскери бөлімнің кететін командиріне оның өтініші бойынша жауап сөз сөйлеу құқығы беріледі.
Сөз сөйлегеннен кейін кететін командир әскери бөлімнің Жауынгерлік Туымен қоштасады. Бұл үшін әскери бөлімнің тағайындалған командирі сап ортасының алдына тұрады және: «Ту ұстаушы, МАҒАН КЕЛ» командасын береді. Осы команда бойынша штаб бастығының көмекшісі (орынбасары) Жауынгерлік Тудың алдына екі адым жерде тұрып: «Менің соңымнан, АДЫМ - БАС» командасын береді және әскери бөлім командиріне жақын келіп, ту ұстаушы мен ассистенттерді оған қарама-қарсы қояды, ал өзі олардың оң жағына қарай тұрады. Кететін командир әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына келеді, бас киімін шешеді, бір тізесімен тұрады, бас киімін сол қолында ұстап, оң қолымен Жауынгерлік Ту матасының шетінен көтереді және басын иеді. Одан кейін орнынан тұрып, бас киімін киеді, оған қолын апарады, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын түсіріп, өз орнына барып тұрады.
Жауынгерлік Тумен қоштасқаннан кейін ол тағайындалған командирдің командасы бойынша әскери бөлім сабында белгіленген орынға әкетіледі.
Жауынгерлік Тумен қозғалыс уақытында оркестр «Қарсы алу» маршын ойнайды.
Шығарып салу әскери бөлімнің салтанатты шерумен өтуімен аяқталады.
3. Департаменттерде, бас басқармаларда, әскер түрлерінің, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, әскери бөлімдердің, бөлімшелердің басқармалары мен штабтарында қызмет өткеретін әскери қызметшілерді шығарып салу 2-тармақта көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте жеке құрам күнделікті киім нысанында сапқа тұрғызылады. Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы шығарылмайды.
Әскери қызметшілерді шығарып салу уақытында әскери бөлім (бөлімше) командирі жиналыстарда жаңа қызмет орнына ауыстыру туралы немесе шығару туралы бұйрықты жариялайды, сөз сөйлейді, онда олардың сіңірген еңбектерін атап өтеді, сондай-ақ егер олар көтермелеу тәртібімен грамоталармен және бағалы сыйлықтармен наградталса, оларды тапсырады. Көрсетілген әскери қызметшілерге кейіннен құрмет көрсету әскери бөлім командирі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
4. Запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтің сарбаздарын (матростарын) және сержанттарын (старшиналарын) шығарып салу үшін әскери бөлім (бөлімше) күнделікті киім нысанында жаяу сапқа тұрғызылады. Әскери бөлімді сапқа тұрғызған кезде Жауынгерлік Ту командирдің шешімі бойынша (шығарылатындардың санына және басқа да жағдайларға байланысты) шығарылады. Осы әскери қызметшілерді шығарып салу үшін бөлімше сабының алдына әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы шығарылмайды.
Әскери бөлімнің командирі бөлімнің сапқа тұрғызылғаны туралы баяндауды қабылдайды, жауынгерлермен сәлемдеседі. Белгіленген тәртіппен Жауынгерлік Ту шығарылады. Әскери бөлім командирінің командасы бойынша запасқа шығарылған әскери қызметшілер көрсетілген адым санына саптан шығады және ортаға жиналады.
Әскери бөлім штабының бастығы әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы және барынша көзге түскендерді көтермелеу туралы бұйрықты жариялайды. Наградтауды әскери бөлім командирі жүргізеді.
Одан кейін запасқа шығарылған бірнеше әскери қызметшілерге және басқа да әскери қызметшілерге сөз беріледі.
Әскери бөлімнің командирі запасқа шығарылған әскери қызметшілерге қызметі үшін алғыс айтып сөз сөйлейді, одан кейін оркестр Мемлекеттік әнұранды орындайды.
Шығарып салу әскери бөлімнің запасқа шығарылған әскери қызметшілері сабының алдынан салтанатты шерумен өтумен аяқталады.
Ішкі қызмет жарғысына
10-ҚОСЫМША
Оқыту кезеңіне әскери бөлім командирінің бұйрығында
жазылатын жауынгерлік даярлықты, ішкі және қарауылдық
қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі мәселелер
тізбесі
1. Жауынгерлік даярлық пен әскерлер қызметін ұйымдастыру жөніндегі міндеттер.
2. Жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру тәртібі.
3. Әскери бөлімнің күн тәртібі және бөлімшенің полигонға (лагерьге) шығу кезеңіне оны нақтылау, сондай-ақ офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдар қызмет уақытының регламенті.
4. Тәуліктік наряд құрамы, оны даярлау, демалу және таралым тәртібі.
5. Қарауылды қызмет өткеруге даярлау тәртібі.
6. Қарауылдарды тексеру құқығы берілген біржолғы рұқсаттамалары мен куәліктерді, қарауылдарды ауыстыру үшін парольдерді есепке алу және беру тәртібі.
7. Кезекші бөлімшенің құрамы, іс-қимылдары мен демалу тәртібі.
8. Бөлімнің Жауынгерлік Туын орналастыру және оны күзету тәртібі. Ту ұстаушылар, Жауынгерлік Туға ассистенттер мен ту ұстаушы взвод.
9. Қару мен оқ-дәрілерді сақтау, беру, қабылдау тәртібі.
10. Рұқсаттама режимін ұйымдастыру тәртібі.
11. Қызметтік үй-жайларды күзетке тапсыру тәртібі.
12. Жалпыбригадалық (полктік) және жалпы батальондық кешкі тексерулерді жүргізу уақыты мен орны.
13. Бөлімшелердің тамақтану кезектілігі.
14. Бөлімнің Құрмет кітабы мен Құрметті келушілер кітабын сақтау тәртібі.
15. Бөлімнің бөлімшелері арасында аумақты, оқу материалдық-техникалық базасының объектілері мен үй-жайларын бөлу.
16. Қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, материалдық құралдардың болуы мен жай-күйін тексеру тәртібі.
17. Парктегі ішкі тәртіп пен жұмыс тәртібі.
18. Бөлім қоймаларының жұмыс тәртібі.
19. Қызметтік үй-жайларға жарық түсіру, жылыту, сондай-ақ әскери бөлім мен әскери қалашық аумағына жарық түсіру тәртібі.
20. Бөлімде өртке қарсы қорғанысты және қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру.
21. Әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелерін, азаматтық персоналды жеке мәселелері бойынша қабылдау тәртібі.
22. Әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелері мен азаматтардың өтініштері бойынша іс жүргізу.
23. Әскери қызметшілерге келу тәртібі.
24. Жеке құрамның жуынуы мен киім-кешек мүлкін арнайы өңдеуді жүргізу тәртібі.
25. Әскери бөлімнің жеке құрамын медициналық тексеру тәртібі.
26. Тәрбие, бос уақытты мәдени өткізу жұмыстарын жүргізу тәртібі, бөлімшелер үшін кинофильмдерді көрсету уақыты мен кезектілігі.
27. Әскери бөлімдегі жауынгерлік даярлық, әскери тәртіп пен ішкі тәртіп жай-күйінің қорытындыларын шығару тәртібі.
28. Бұйрықтың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі.
29. Әскери бөлім командирінің шешімі бойынша басқа да мәселелер.
Бұйрыққа:
1) тәуліктік нарядта қызмет атқару жіберілген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің тізімі;
2) қарауылдың анағұрлым маңызды постыларында қызмет атқаруға жіберілген жеке құрамның тізімі;
3) қоймаларды (парктерді) ашуға құқығы бар немесе қарауылдан қару-жарақты, тұрақтарда тұрған әскери және басқа да техниканы қабылдауға жіберілуі мүмкін әскери қызметшілердің тізімі;
4) зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймаларында жұмыстарды орындауға жіберілген жеке құрамның тізімі;
5) бөлімнің қызметтері бойынша комиссияның тізімі;
6) әскери қызметшілер мен азаматтардың өтініштері бойынша шешімдерді қарау және қабылдау жөніндегі жұмыстың жай-күйін тексеру жөніндегі комиссияның тізімі;
7) бөлімшелерге әскери қалашық аумағын бекітіп беру схемасы;
8) ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың тізімі;
9) таңертеңгілік дене жаттығуын өткізу нұсқалары және киім нысанының үлгілері;
10) от жағушылардың тізімі (қажеттілігі бойынша);
11) әскери бөлім командирінің шешімі бойынша басқа да қосымшалар қоса беріледі.
Ішкі қызмет жарғысына
11-ҚОСЫМША
Сырқаттануы бойынша әскери қызмет міндеттерін атқарудан
уақытша босату туралы анықтама
(бастапқы; №___анықтаманың жалғасы) №___
20__ж.«__»____________берілді.
Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________________
____________________________________________________жасы____________
Әскери атағы________________________________________________________
Лауазымы____________________________________________________________
Қызмет орны_________________________________________________________
Диагнозы____________________________________________________________
Әскери қызмет міндеттерін атқарудан босатылуға жатады
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(толық; ішінара - жұмыс түрін, нарядтарды көрсету және т.б.)
20__ж.«___»_____бастап 20__ ж.«___»___________________________дейін;
Қызметке кіріссін 20__ж.«__»____________________
Емдеген дәрігердің қолы:____________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі мен аты-жөні)
Медицина қызметі бастығының қолы:___________________________________
(ә/а., қолы, тегі мен аты-жөні)
Мөр орны.
Ішкі қызмет жарғысына
12-ҚОСЫМША
Қару-жарақты, әскери, басқа техника мен оқ-дәрілерді
қарау (тексеру) кітабы
________________________________________
рота (бөлімше)
Р/с
№№
|
Күні
|
Тексерушінің лауазымы, әскери атағы мен тегі
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
2007 ж. 3.07.
|
Броньды танк қызметінің бастығы майор А.Дүйсекеев
|
кестенің жалғасы
Не тексерілді
|
Қарау (тексеру) нәтижелері, негізгі кемшіліктер мен ескерту-
лер
|
Қарауды (тексеруді) жүргізген адамның нұсқауы және оларды орындау мерзімдері
|
Кемшіліктерді жою туралы белгі, күні және рота (бөлімше) командирінің қолы
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Т-72-2 бірл.: № 150,
159
|
№ 159-АКБ- дағы электролит тығыздығы нормадан төмен
|
АКБ-ның жай-күйі тексерілсін, көрсетілген кемшіліктер 2007 жылдың 7 шілдесіне дейін жойылсын. Майор Дүйсекеев
|
Кемшіліктер жойылды. 2007 ж. 6.07. Рота командирі капитан Алтаев
|
Ескертпе:
1. Кітап рота (бөлімше) командирінің кеңсесінде сақталады.
2. Қарау (тексеру) нәтижелері туралы жазбаны рота (бөлімше)
командирі және одан жоғары командирлер (бастықтар) жазады.
Ішкі қызмет жарғысына
13-ҚОСЫМША
_____________________________________________________________
(гарнизонның атауы)
Сейілдеме қағазы
|
(әскери атағы, тегі, аты мен әкесінің аты)
_____________________________әскери бөлімінің
_______________________________________ротасы
20__ж.«__»__________ _______сағатқа дейін босатылды
Онымен__________________________________адам жүреді
_____________рота (бөлімше) командирі___________________
(әскери атағы, қолы, тегі)
әскери бөлімінің
м.о.
20__ж.«__»__________________
|
Ескертпе:
1. Егер сейілдемеге шығушымен мерзімді әскери қызметтің басқа әскери қызметшілері бірге жүрсе, онда сейілдеме қағазында «Онымен бірге__________адам жүреді» деген жолда адам саны жазумен жазылып көрсетіледі. Сейілдеме қағазының сыртқы бетінде сейілдемеге шыққан әскери қызметшілердің әскери атақтарын, тектерін, аты-жөндерін көрсете отырып, олардың тізімі жасалады, ол рота (бөлімше) командирінің қолымен куәландырылады.
2. Сейілдеме қағазы бланкілерінің өлшемі - 10x8 см.
Ішкі қызмет жарғысына
14-ҚОСЫМША
Үй-жайлардың есіктеріндегі, үй жайлардың, ғимараттардың
кіреберістеріндегі жазулардың үлгі тізбесі және оларды
ресімдеу
1. Үй-жайлардың есіктеріндегі және кіреберістеріндегі үлгі жазулардың тізбесі:
1) батальондағы:
батальон командирі;
батальон командирінің орынбасары;
батальон штабы;
батальон офицерлеріне арналған бөлме;
батальон сержанттарына арналған бөлме.
2) ротада:
ұйықтайтын үй-жай;
ақпараттық-тәрбие жұмыстары бөлмесі;
психологиялық жеңілдеу бөлмесі;
рота кеңсесі;
қару сақтауға арналған бөлме;
қаруды тазалауға арналған бөлме (орын);
тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесі;
рота мүлкі мен әскери қызметшілердің жеке заттарын сақтауға арналған бөлме;
спорттық сабақтарға арналған бөлме (орын);
аяқ киім тазалауға арналған бөлме (орын);
киім-кешек пен аяқ киімді кептіруге арналған бөлме;
душ;
жуынуға арналған бөлме;
дәретхана.
Қажет кезде үй-жайдың атауынан кейін ротаның нөмірі көрсетілуі мүмкін. Мысалы: «1 мар қоймасы».
Әскери бөлімдер мен одан жоғары штабтарда, басқармаларда, мекемелер мен әскери (арнаулы) оқу орындарында маңдайшада бөлменің рет нөмірі, лауазымды адамның (бірнеше адамның) әскери атағы, тегі мен аты-жөндері көрсетіледі.
Ротада, сондай-ақ 1 және 2-тармақшаларда көрсетілген бөлмелердің бір қабатта бірге орналасуы кезінде оларды нөмірлеу кіреберістен бастап жалпы жүйелілікпен жүргізіледі.
2. Үй-жайлар есіктеріндегі және кіреберістеріндегі маңдайшалар мен жазулардың мысал ретіндегі үлгілері:
ҰЙЫҚТАЙТЫН
ҮЙ-ЖАЙ
|
1 МАБ
КЕҢСЕСІ
|
ПОЛКОВНИК
Л.И.МАЛАШЕНКО
|
Үй-жайлардың атаулары, сондай-ақ лауазымды адамдардың әскери атақтары, әскери атақтары мен аты-жөндері жазылған маңдайшалар есіктің оң (сол) жағында еденнен олардың төменгі шетіне дейін 170 см биіктікте орналастырылады.
Рет нөмірлерімен маңдайшалар үй-жайдың есігінің ортасында еденнен олардың төменгі шетіне дейін 170 см биіктікте орналастырылады.
Маңдайшалардағы жазу қисайтылмай, ақ негізде қара бояумен тік әріптермен жүргізіледі.
3. Үй-жайлардың атаулары, сондай-ақ лауазымды адамдардың әскери атақтары мен аты-жөндері жазылған маңдайшалардың өлшемі: 30x15 см; сандардың биіктігі 6 см дейін, негізгі жазудағы әріптердің биіктігі - 3 см дейін, басқа жазулар - 1 см дейін. Бөлмелердің нөмірі жазылған маңдайшалардың өлшемі: 10x7 см; сандардың биіктігі 3 см дейін.
4. Ғимараттың кіреберісіндегі маңдайша жазулардың үлгі ретіндегі тізбесі:
00000 әскери бөлімінің штабы;
№ __ казарма;
00000 әскери бөлімінің бақылау-өткізу пункті;
00000 әскери бөлімінің бақылау-техникалық пункті;
асхана;
кафе;
00000 әскери бөлімінің медициналық пункті;
спорт залы;
00000 әскери бөлімінің моншасы (монша-кір жуу комбинаты);
00000 әскери бөлімінің оқу корпусы;
00000 әскери бөлімінің қарауыл үй-жайы;
офицерлер жатақханасы;
әйелдер жатақханасы;
бос уақытты мәдени өткізу орталығы;
00000 әскери бөлімінің азық-түлік қоймасы.
Қажет кезде ғимараттың атауынан кейін нөмірі көрсетілуі мүмкін.
Мысалы: № 1 оқу корпусы; № 2 офицерлер жатақханасы және басқалар.
Қажет болған кезде: техникалық қызмет көрсету және жөндеу пункті; май құю пункті; тазалау және жуу пункті; зарядтау станциясы және басқалар көрсетілуі мүмкін.
Басқа да қоймалардың тиісті жазулары бар.
5. Ғимаратқа кіреберістердің маңдайшаларындағы жазуларды ресімдеу үлгісі:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының бейнесі Қарулы Күштер әскери бөлімдері штабтарының ғимараттарында орналастырылады.
Маңдайша жазулар ғимараттың қабырғасында (алдында) негізгі кіретін есіктің жанында көрінетін жерге еденнен олардың төменгі шетіне дейін 170 см биіктікте орналастырылады. Маңдайша жазулардағы жазу қисайтылмай, тік әріптермен, көгілдір негізде алтын түстес бояумен жүргізіледі.
Маңдайша жазулардың өлшемі: 60x40 см; негізгі жазудың әріптері мен сандарының биіктігі - 10 см дейін, басқа жазулар - 5 см дейін.
Ішкі қызмет жарғысына
15-ҚОСЫМША
Үй-жайда болатын мүлік
ТІЗІМДЕМЕСІ
Р\с
№
|
Атауы
|
Мүкәммалдық нөмірі
|
Саны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Үстел
|
0000032
|
1 дана
|
2.
|
Орындықтар
|
0000158
|
3 дана
|
3.
|
Киім-кешек шкафы
|
0000243
|
1 дана
|
4.
|
Люстра
|
0000189
|
2 дана
|
20__ж.«__»____________
Сақталуына жауапты: сержант Ж.Ережепов
Ескертпе:
1. Тізімдеменің өлшемі: ені - он бес (жиырма бір) сантиметр, биіктігі - жиырма бір (отыз) сантиметр.
2. Үй-жайдағы мүліктің тізімдемесі үй-жайдың ішінде еденнен оның төменгі жиегіне дейін жүз жетпіс сантиметр биіктікте ілінеді.
Ішкі қызмет жарғысына
16-ҚОСЫМША
Жеке құрамды орналастыру схемасы
Командир 2 мотострелковой роты
капитан Ж.Ережепов
Ішкі қызмет жарғысына
17-ҚОСЫМША
Температуралық режимді бақылау кестесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
21
|
22
|
23
|
24
|
25
|
26
|
27
|
28
|
29
|
30
|
31
|
Достарыңызбен бөлісу: |