Бердібек соқПАҚбаев



бет13/51
Дата09.04.2022
өлшемі280.24 Kb.
#456635
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Balalyk\' shak\'k\'a saiakhat - Bierdibiek Sok\'pak\'baiev

Ағаларым




Ағаларыммен танысудың реті енді келді.
Смағұл – әкемнің інісі. Мұрт шыға бастағанына аз ғана жыл. Мен бұл кісіні тәте деймін. Шешем қазақ әйелдерінің салты бойынша атын атамайды, тергеп «шырақ» дейді.
Шырақ үйленбеген, бойдақ.
Смағұл әкемдей сылбыр емес, әрі пысық, әрі өнерлі адам. Қолынан өрімшілік, ұсталық, бәрі келеді. Тегі, ол не жұмысқа болса да бейім. Істеген ісін жапырып, өндіріп істейді.
Қаршадайынан байларға малай жүріп ысылған. Колхоз қайда жұмсаса барады, ерінгенді білмейді.
Аурушаң шешеме үйде бірден бір қолғабыс болатын осы кісі.
Ол әйел жұмысын да, еркек жұмысын да талғамай, бәрін істейді. Су әкеледі, отын жарады, арпа кеузеп, қол диірменмен талқан тартады.
Смағұл шешеме әрі қайын, әрі келіні есепті. Қажет болса, кір де жуады. Шешем Смағұлды жақсы көреді.
Тәтемнің мінезінің шайпаулығы бар. Ашуланса, су тамған ыстық майша шатыр ете қалады. Мен үйде тә­темнен ғана жасқанып, шын қорқамын. Ашуланса ол ұрып та жібереді. Қолы балғадай қатты.
Бірге туған ағайым Сатылғанның жасы жиырмаға жаңа ілінген. Азды-көпті оқуы бар, жаңалыққа бейім интеллигентіміз. Мінезі, жұмсақ, майда жүріп, майда тұ­рады. Ешкіммен қақ-соғы болмайды. Аз уақыттан бері қарай Сатылған ауыл советте секретарь болып істейді.
Сатылған жиырма тоғызыншы жылдан бері комсомол мүшесі, қолынан газет-журнал түспейді. Күнде кешқұрым сығырайған бөтелке шамның түбінде тесіліп кітап оқып отырады.
Жиырмасыншы жылдардың ортасында осы өлкенің Қолтық дейтін жерінен төте оқу бойынша бастауыш мектеп ашылғанда, Сатылған сонда үш класс оқып бітірген. Кейін латын әрпіне көшкенде оны өздігінен меңгеріп, біліп алған.
Сатылған мінезінің сынықтығымен жұрттың бәріне жағады. Біреуден озсам деп, жағаласуды білмейді. Шамасы келсе, бой түзеп, тәуір киініп жүруге тырысады, Ағайым мені ұрмақ түгіл, дауыс көтеріп, ұрсып көрген жан емес.
Мен болсам ағайыма тартпағанмын, тез ысып, тез суимын. Ыза болсам, күйіп-жанып дызақтап кетем. Ойланбай істеп, ойланбай сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады. Соңынан сол үшін өзімді өзім жек көріп жүрем.
Сатылғанды мен өте сүйетін едім. Ол мен үшін алдымдағы өнеге болатын. Ылғи да жақсы мінез-қы­лық­қа тәрбиелейтін: өтірік айтпау, біреудің бірдеңесін ұрламау, жақсы оқу, темекі тартпау, т. т.
Менің білімге, адамгершілікке тәрбиелейтін түздегі ұс­тазым Сағатбай болғанда, үйдегі ұстазым Сатылған еді.
Сатылған Отан соғысынан оралмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет