Тапсырмалар:
1. Баланс мәліметтері бойынша пассивтердің құрамы мен құрылымына талдау жасаңыз (Кесте 5.1).
Кесте 5.1
Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
№
|
Пассив
|
Кезең басында
|
Кезең соңында
|
Кезең аралығындағы
өзгеріс (+,-)
|
Құрылымдағы
өзгеруі
(4гр.-2гр.)
|
сомасы,
мың тг.
|
үлес
салма-ғы,%
|
сомасы,
мың тг.
|
үлес
салма-ғы,%
|
мың тг.
(Згр.-
1гр.)
|
%,
(5гр.:1гр.-100)
|
А
|
Б
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
I бөлім Меншікті капитал
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Жарғылық капитал
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
.....
|
|
|
|
|
|
|
|
|
I бөлімнің барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
II бөлім Ұзақ мерзімді міндіттемелер
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
.....
|
|
|
|
|
|
|
|
|
II бөлімнің барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
III бөлім Қысқа мерзімді міндіттемелер
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
.....
|
|
|
|
|
|
|
|
|
III бөлімнің барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Баланс
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Баланс мәліметтері бойынша пассивтің негізгі салыстырмалы көрсеткіштерін талдап факторлық талдау әдісімен өзгерудің негізгі себептерін анықтағыз (Кесте 5.2).
Кесте 5.2
Пассивтің негізгі салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
№
|
Көрсеткіштер
|
Жыл басында
|
Жыл соңында
|
Жыл бойындағы
өзгеріс
|
Құрылы-
мының
езгеруі,
пункт
(4гр-2гр)
|
сомасы,
мың тг
|
үлес
салмағы,
%
|
сомасы,
мың тг
|
үлес
салмағы,%
|
мың тг
(Згр-
1гр)
|
%
(5гр/1гр
*100)
|
1
|
Авансталған капитал,
соның ішінде:
1.1 Меншіктік капитал
1.2 Қарыздық капитал,
оның ішінде
ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Тәуелсіздік коэффициент
(1.1 жол / 1 жол)
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Қаржыландыру коэффициент
(1 жол / 1.2 жол)
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффициенті (1.2жол/1. жол)
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Инвестициялау
коэффиценті
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорын тұрақтылығының көрсеткіштерін талдаңыз (Кесте 5.3)
Кесте 5.3
Кәсіпорын тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау
№
|
Керсеткіштер
|
Символ-дары
|
Кезең
басын-да
|
Кезең
соңын-да
|
Кезеңдегі
өзгерістер
(+; -)
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Меншікті капитал
|
МК
|
|
|
|
2.
|
Ұзақ мерзімді активтер
|
Ұа
|
|
|
|
3.
|
Меншікті айналым капиталының бар болуы (1жол-2жол)
|
Мак
|
|
|
|
4
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
ҰМ
|
|
|
|
5.
|
Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (Зжол+4жол)
|
Мак/ұ
|
|
|
|
6.
|
Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар
|
Қнк
|
|
|
|
7.
|
Тауарлы-материалдық қорлардың қалыпты (негізгі)
қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері (5жол+6жол)
|
НК
|
|
|
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
8.
|
Тауарлы-материалдық қорлар
|
ТМҚ
|
|
|
|
9.
|
Өзіндік айналым капиталының артықтығы (+)
немесе жетіспеушілігі (-) (Зжол-8жол)
|
Өак
|
|
|
|
510.
|
Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздернің артықтығы (+)
немесе жетіспеушілігі (-) (5жол-8жол)
|
Мак/ұ
|
|
|
|
11.
|
Тауарлы-материалдық корлардың қалыпты (негізгі)
қалыптасу көздерінің жалпы мелшерінің артықтығы
(+) немесе жетіспеушілігі (7жол-8жол)
|
НК
|
|
|
|
Тарау 6. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығын талдау
Мақсаты: Кәсіпорын төлемқабілеттілігінің түсінігі және мәнімен танысу. Төлемқабілеттіктің негізгі көрсеткіштерімен танысу. Кәсіпорын өтімділігін талдау жолдарын қарастыру.
Жоспар:
6.1 Кәсіпорын төлемқабілеттілігінің түсінігі мен мәні
6.2 Төлемқабілеттіктің негізгі көрсеткіштері
6.3 Кәсіпорынның өтімділігін талдау
6.1 Кәсіпорын төлемқабілеттілігінің түсінігі мен мәні
Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде телемқабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір авторлар төлемқабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С. Ефимова төлемқабілеттілігі: "кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған", - деп жазады. "Фирманың қызметін қаржылық талдау" кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
"Төлемқабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды".
Басқа авторлар төлемқабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, "Шаруашылық қызметті талдау" оқулығының авторлары "Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі" деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина толығырақ баяндайды. "Төлемқабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы". Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлемқабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.
Профессор В.В. Ковалев төлемқабілеттілігі деп оның "қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігін" түсінеді. "Төлемқабілеттілігі, - деп жазады ол, - кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің болуы". Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың анықтамасы. "Төлемқабілеттілігі, - деп жазады ол, - бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлемқабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлемқабілеттілігінің коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлемқабілетті екенін білдіреді. Егер төлемқабілеттілігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек".
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А.Д. Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол "кәсіпорынның төлемқабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі" деп жазады. Төлемқабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.ІІ. Кондраков береді. Оның пікірінше "төлемқабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі". Бұл жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі арты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлемқабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлемқабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |