Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды


ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ БЕсінші аналитикалық топ катиондары



бет23/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Аналитикалық химия методичка

7 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

БЕсінші аналитикалық топ катиондары




7.1 Жалпы сипаттамасы

V – аналитикалық топта Mg2+, Mn2+ , Fe2+ , Fe3+, катиондары құрайды, периодтық жүйеде әр түрлі топтарда, топшаларда, орналасқан.

Mg II-топта негізгі топшасында. Магний s – элемент, ион күйінде 8-электрондық деңгейшесі бар. Сілті әсерінен тұнбаға Mg(ОН)2 түседі. Магний бір оксид MgО және гидроксид түзеді, олар тек негіздік қасиет көрсетеді. Магний, марганец, темір сұйытылған НСІ, Н2SO4 қышқылдар ерітіндісінен сутекті бөлініп шығарады.

Fe-VIII – топта қосымша топшасында орналасқан. Темір иондарының сыртқы деңгейшелері аяқталмаған, яғни 18-электронға әлі жетпеген бұл d-элементтері. Химиялық реакциялар кезінде ауыспалы тотығу дәрежелер көрсетеді.

Темір сұйытылған НСІ, Н2SO4 қышқылдар ерітіндісінен сутекті бөлініп шығарады.

Fe + H2SO4 = FeSO4 + H2 ↑ (25)

FeО мен Fe(ОН)2 негіздік қасиет көрсетеді, сондықтан FeSО4, FeСI2 т.б. тұздардың су ерітінділерінде гидролиздену процесі баяу жүреді. Fe2О3 пен Fe(ОН)3 кейбір жағдайда амфотерлі қасиет көрсетеді, мысалы, NaFeO2, Ba(FeО2)2, Fe(FeО2)2, Fe3О4.
Mn-VII топта қосымша топшасында орналасқан. Марганец иондарының сыртқы деңгейшелері аяқталмаған, яғни 18-электронға әлі жетпеген бұл d-элементтері. Химиялық реакциялар кезінде ауыспалы тотығу дәрежелер көрсетеді, темір иондары бос деңгейшелерінің арқасында комплексті қосылыстар түзеді.

Марганец сұйытылған НСІ, Н2SO4 қышқылдар ерітіндісінен сутекті бөлініп шығарады.

Mn +2 HCI = MnCI2 + H2 ↑ (26)

Марганец түрлі оксидтер түзеді: MnO, Mn2O3, MnO2, MnO3 және Mn2O7 бірінші екеуінің негіздік қасиеті басым, ал соңғы үшеуінің қышқылдық қасиеті жоғары. Темірдің сульфаттары, хлоридтері, нитраттары суда жақсы ериді.

Ерімейтін қосылыстарының: сульфидтерінің, гидроксидтерінің, карбонаттарының, фосфаттарының гексацианоферраттарының маңызы зор.

Марганец хлориді, бромиді, иодиді, сульфаты, нитраты суда жақсы ериді, ал сульфиді, карбонаты, оксалаты, фосфаты суда нашар ериді.

Топтық реагенті NaOH ерітіндісі, оның әсерінен гидроксидтер түзіледі: Fe(OH)2 – жасыл, Fe(OH)3 – қоңыр, Mn(OH)2 – ақ.

Fe2+ + 2NaOH = Fe(OH)2↓ +2Na+

Жүйелік анализде IV мен V аналитикалық топтарды бір-бірінен бөлгенде H2O2 пайдаланады. Бұл кезде V-аналитикалық топ катиондары, яғни Mn2+, Fe2+ сутек пероксидінің әсерінен тотығады.

Mn(OH)2 + Н2О2 = MnO(OH)2 + Н2О (27)

Мn(ОН)2 + ОН- - 2е- → MnO(ОН)2 + Н+ │1

Н2О2 + 2е-   2 ОН- │1

Топтық реагенттің әсерінен түзілетін тұнбалар, реагенттің артық мөлшерінде ерімейді.
Бесінші аналитикалық топ катиондарының анализденудің сызбанұсқасы


Зерттелінетін ерітінді:Mg+2. Mn+2. Fe+2. Fe+3 + 2M NaOH + 3% H2O2

1-тұнба Fe(OH)3,Mg(OH)2 Mn(OH)2 + 2M HNO3

1-ерітінді зерттелмейді

2-тұнба MnO(OH)2

2- ерітінді Fe3+, Mg+2, + NH4OH (қ)

3-тұнба Fe(OH)3 + 2M HNO3

3- ерітінді Mg2+

7. ЗЕРТХАНАЛЫҚ БӨЛІМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет