Бесінші аналитикалыќ топќа сілтімен т±нбаѓа т‰сетін Mg2+, Mn2+, Fe2+, FeJ+ катиондары ќ±райды



бет58/64
Дата01.02.2022
өлшемі2.18 Mb.
#455019
түріҚұрамы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64
Аналитикалық химия методичка

Зертханалық бөлім

Қажетті жабдықтар мен құралдар: Калий хлорид ерітіндісін – 0,05 Н, күміс нитратының ерітіндісін - 0,05 Н, калий хроматының ерітіндісі - 5%, натрий хлориді – құрғақ тұз, аналитикалық таразы, өлшеуші құты, сыйымдылығы 250 мл, өлшеуші құты, сыйымдылығы 100 мл, бюретка сыйымдылығы 50 мл, титрлеуге арналған конус тәріздес құты.

Күміс нитратының эквивалентінің молярлық концентрацияның 0,05 Н дайындау

Көлем 250 мл құтыға күміс нитратының эквивалентінің 0,05 Н концентрациясы ерітіндісін даярлауға заттың массасын техникалық таразыда өлшейміз.


m1=(C(fэ(AgNO3)·э·V)/1000 (91)

мұнда: m1 – күміс нитратының массасы, г

C(fэ(AgNO3) – эквиваленттің молярлық концентрациясы, моль/л

mэ – эквивалент масса AgNO3, г

V – құтының көлемі, мл
Сыйымдылығы 250 мл өлшеуіш құтыға өлшендіні салып 100-150 мл дистилденген су қосып, ерітіп құтының сызығына дейін сумен жеткіземіз.

0,05Н калий хлоридінің стандартты ерітіндісін дайындау

Көлем 100 мл 0,05Н калий хлоридінің мөлшерін 4-ші теңдеу бойынша қажетті массасын есептеп, аналитикалық таразыда өлшейміз.

100 мл өлшеуіш құтыға 50-70 мл дистилденген су қосып ерітіп, құтының су көлемін сызық белгісіне дейін жеткіземіз.

Жұмыс ерітіндісіндегі күміс нитратының концентрациясын анықтау.

Үш конус тәріздес құтыға көлемі 15 мл тамшуырмен KCl-нің стандартты ерітіндісін құяды. Әр құтыға 2-4 тамшы 5% K2CrO4 ерітіндісін тамызамыз.

AgNO3 ерітіндісін бюреткаға құйып, баяулатып KCl ерітіндісін титрлейміз.

Титрлеуді қызылтқыш түс тұнба түскенше жүргізеді, бұндай операцияны әр құтыда қайталайды. AgNO3 концентрациясын мына формуламен есептейді

СН1·V1=CH2·V2 (92)

Алынған мәліметтердің ортақ арифметикалық ортасын анықтайды.

Өлшендідегі натрий хлоридін анықтау

Мұғалімнің нұсқауымен аналитикалық таразыда тұз өлшендісін алып, 100 мл-лік өлшеуіш құтыда ауыстырып ерітіп алдындағы тәжірибедегідей жасайды. NaCl ерітіндісін (11.4.3 пункт) AgNO3 пен титрлейді. NaCl ерітіндісінің концентрациясын (5) теңдеумен есептеп, осыдан кейін (9) теңдеумен натрий хлоиді өлшендідегі пайыздық құрамын анықтайды.

% NaCl=(100·CH·э·V)/1000·α (93)

Мұнда: NaCl – ерітінді

CH – эквиваленттік молярлық концентрациясы, моль/г

э – химиялық эквивалент NaCl, г

V – құтының көлемі, алынған өлшендіні еріткен мл

α – зерттелінетін тұз өлшендісі, г




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет