Бүгінгі таңда тіл білімінде әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылымының салыстырмалы-типологиялық зерттеулеріне көп көңіл бөл


Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің морфологиялық жолмен берілу тәсілдері



бет21/88
Дата02.02.2022
өлшемі1.08 Mb.
#455055
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
ҚАЗАҚ,ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАРДА АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің морфологиялық жолмен берілу тәсілдері
Шетел және отандық лингвистердің берген түрлі анықтамаларына қарамастан, ағылшын және қазақ тілдерінде модальділік категориясының берілуінің негізгі морфологиялық тәсілі рай категориясы болып табылады. Шетел тіл білімінде көп жылдар бойы рай категориясы сөйлеуші арқылы істің ұсынылу тәсілін білдіретін етістік категориясы немесе етістікпен анықталған сөйлеушінің іске деген қатысын білдіретін категория болып саналған. Екі жағдайда да рай категориясы таза субьективті категория ретінде қарастырылады [83].

D.Biber, C.Collins сияқты шетел авторлардың жұмыстарында рай категориясы шындық пен етістік арқылы берілген істің арасындағы байланыс туралы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін категория болып саналған [84].

Осы сияқты қазақ тіл білімінде де ғалымдар рай категориясы жайлы түрлі ой-пікірлерін білдіреді.

Н.Оралбаева пікірінше етістіктің рай категориясы деп қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категориясын айтады [85].

Рай категориясы түсінігі туралы бірыңғай пікірлердің болмауы ағылшын және қазақ тілдеренде рай категориясының саны мен номенклатурасын, көптеген сұрақтар туғызып отыр.

Англистикада В.Я.Плоткин, H.Sweet сияқты кейбір лингвистер рай категориясының формаларының омонимдылығына байланысты рай категориясының жүйесінің жоқтығын айтады. В.В.Жигадло, И.П.Иванова, Л.Л.Йофик, Л.С.Бархударов, Д.А.Штеллинг қарама-қарсы көзқарастағылардың қатарына жатады. Алайда олар райлардың саны туралы бір тұжырымға келе алмайды [86][87].

Советтік англистикада А.И.Смирницкийдің алты райлық жүйесі кең түсіндірілген. Олар: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай 1 (be/go), шартты рай 2 (were/went), болжамдық (should+simple Infinitive) және шартты (should/would+simple, perfect Infinitive). В.В.Жигадло, И.П.Иванова, Л.Л.Йофик сияқты авторлардың пікірінше соңғы төрт рай шартты райдың құрамына енеді. [88].

Л.С.Бархударов, Д.А.Штеллинг пікірінше рай категориясының жүйесі реальділік және ирреальділік қарама-қарсылығының негізінде екі раймен анықталған және осы жағдайда рай категориясының жүйесіне бұйрық рай кірмейді [89].

Ағылшын және қазақ тілдерінде индикативтің негізгі мағынасы істі реальді етіп көрсету және оның обьективті шындықпен қатынасын айтады. Екі тілде де ашық рай іс жүзінде болғанын, болып жатқанын немесе болатындығын білдіреді. Индикатив барлық грамматикалық шақтармен байланыста болады және кез келген реальді істің шақтан тыс, яғни шақпен байланыссыз жүзеге асырылады деп саналады [90].

Ағылшын тілінде реальділіктің фактілердің констатациялауынан өзге келер шақтағы shall/will+тура сө тәртібі арқылы жасалған ашық рай формасы тірткі-болжамдылық модальділігін білдіреді. Мысалы: Will you close the door? Қазақ тілінде де ашақ рай категориясы тірткі-болжамдылық модальділігін білдіреді. Мысалы: Барайық [91].

Бұйрық рай (императив) екі тілде де қимылды жасау жасамауды басқалардан талап етіп, қимылға қозғау салатын рай болып саналады. Сонымен қатар бұйрық немесе талап, өтінішті білдіреді. Істі істеуге немес істемеуге сөйлеуші тікелей қатысты болады, сондықтан екі тілде де 2 жақ маңызды рөл атқарады. Алайда Л.С.Бархударов, Д.А.Штеллинг сынды лингвистер бұйрық рай категориясын ағылшын тілінің рай категориясы жүйесінен алып тастау керектігін айтады. Өйткені бұйрықты сөйлемдерде бастауыш болмайды және соның арқасында ол ашық райдың құрамында қарастырыла алады [89].

Ағылшын тілінде бұйрық райдың негізгі формасынан өзге перефериялық форма бар. Ағылшын тілінде let етістігімен тіркесте, ал қазақ тілінде 3 жақта істі істеуге түрткі болатын -сын жұрнағы арқылы жасалады. Ф.А.Агаева пікірінше осындай формалар рұқсат, өтініш, тілек, келісу, бұйрық сияқты т.б. сезімдерді білдіреді және олардың ішінде есімдік немес зат есім арқылы істің субьектісі көрінеді. Бұйрық рай әр түрлі экспрессивті мағына білдіргендіктен, сөйлем ішінде қызмет ету барысында жағдаятқа және сөйлеудің бағыттылығына байланысты сай бұйрық интонациясымен айтылады [39].

Шартты рай ағылшын және қазақ тілінде де зерттеу барысында ең көп қиыншылықтар туғызатын рай болып табылады. Өйткені екі тілде де осы райдың семантикасына тән істің болжамдылығын, қаланатындығын немесе міндеттілігін білдіру үшін көптеген берілу тәсілдері бар. Сонымен қатар бүгінгі таңда ағылшын тілінде осы райдың аталуы да аз емес сұрақ туғызып отыр. Ағылшын тілінде Subjunctive, Conditional, Suppositional, Irrealis, Dubitative және тағы басқалар, ал қазақ тілінде тек қана шартты рай атауына ие. Көптеген көзқарастарды есепке ала отырып, біз ағылшын тілінде Subjunctive деп, ал қазақ тілінде шартты рай деп аламыз. Ағылшын тілінде субьенктив синтетикалық ( I, You, He, She be, go, know) және аналитикалық (should/would+nonperfect infinitive) формаларға ие. Present Subjunctive формасы ашық райдың Past Simple формаларымен омонимды болып келеді және синтетикалық формаларды зерттегенде, осы құбылыс қиыншылық туғызады. Past Subjunctive аналитикалық формаларды зерттесек, should/would етістіктері өзінің модальді мағынасын сақтайды, ал басқа жақтан келер шақтың өткен шақтағы аналитикалық формасы құрамына енеді [39,26].

Ашық райдың Past Simple формасындағы шартты райдың синтетикалық формасы индикативтің реальділік формаларына қарсы іс-әрекеттің болжамдылық,тілік немесе неғайбілділігін білдіреді.



He will be a pilot next year.-реальділік мағынасы [92].

It is desirable that she be at school at 1 o’clock.-болжамдылық мағынасы.

should/would+nonperfect infinitive шартты райдың аналитикалық формасында модальді етістіктер өзінің лексикалық мағынасын жоғалтқан және шартты сөйлемнің басыңқы сөйлемінде қолданғанда істің өзін білдірмей, олардың салдарын білдіреді.

Ағылшын тілінде шартты райдың берілу түрлері сан алуан. If, in case, until, unless арқылы жасалатын шартты райды-Conditional Mood дейді. Реальді емес жағдаятта тілек білдіретін I wish it was raining сияқты конструкцияларды тілек рай (Desiderative mood) деп қарастырады. As if, as though, if only, even if сияқты шылаулар арқылы жасалатын ирреальділікті білдіретін конструкциялар Irrealis құрайды. Шартты райдың сан жағынан көптілігі оның семантикалық мағынасының ерекшеліктерін көрсетеді [89,56].

Сонымен ағылшын және қазақ тілдеріндегі модальділіктің берілуінің морфологиялық жолдарын сараптай келе, біз осындай қорытындыға келеміз.

Салыстырылып отырған екі тілде де модальділіктің берілуінің морфологиялық тәсілдері рай категориясы арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілінде олар табиғатына омонимділік тән ашық (индикатив), бұйрық (императив) және шартты (Subjunctive) райлары. Осының негіздемесінде ағылшын тіліндегі рай категориясы парадигматикалық түрде берілмеген деген ойға келуге болады [90].

Егер модальділіктің берілу тәсілдерін обьективті жәгне субьективті деп екіге бөлетін болсақ онда, рай категориясын обьективті модальділікті білдіріетін тәсілдердің бірі деп санауға болады. Өйткені оның мағынасы сөйлеушінің айтылғанына қатысты көзқарасына кірмейді. Осы айтылған факт рай категориясын тілдік модальділікті білдіретін негізгі тәсілдердің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет