2.1.1 Ағылшын тіліндегі рай категориясы
Ағылшын тіліндегі рай категориясы классификациясының көп түрлілігімен байланысты бұл категория біршама қиындықтар туғызады.
Тіпті ағылшын тіліндегі рай формаларының саны да, тілші ғалымдардың арасында дау туғызады. Тілші ғалымдар рай категориясының 2-ден бастап,
16-ға дейін рай формаларын атап көрсетеді. Тілші ғалымдардың ағылшын тіліндегі рай категориясының саны жөніндегі пікірлерінің сәйкес келмеуі біршама мәселелермен байланысты.
Біріншіден, көптеген ғалымдар «Рай» терминін түрліше түсініп келіп, түрліше көзқарастан зерттеп, рай категориясының санының классификациясын жасағанда мағынасына көңіл бөлмей, тек формаларының құрылымын ескереді, сонымен бірге олардың мағынасы қандай тәсілдермен берілетіні жөніндегі мәселені ескермейді [88],[93].
Екіншіден, рай категориясы формаларының жүйесінде омонимдық формалар бар, сондықтан да бұл да, рай категориясын зерттеуде біршама қиыншылықтар туғызады.
Үшіншіден, рай категориясын зерттеу барысында рай категориясының аналитикалық формаларын модальдылықты лексикалық жолмен білдіретін еркін сөз тіркестерінен айыру қиын болып табылады.
Рай категориясын модальдылықты білдіретін грамматикалық категория ретінде тану керек, басқаша сөзбен айтқанда рай категориясы-бұл сөздің белгілі формаларымен берілетін модальдылық.
Ағылшын тілінде рай категориясы көп жылдар бойы тілші ғалымдар арасында үлкен дау туғызып, көптеген анықтамаларға ие болды және қазірдің өзінде бұл категория жайлы белгілі бір шешімге келуі мүмкін емес сияқты.
Каушанская В.Л. Пікірі бойынша «Рай категориясы-ол істің орындалу орндалмауының шындық қатынасынан сөйлеушінің қатынасын білдіретін категория» [94].
Хаймович Б.С. және Роговская Б.И. рай категориясы деп сөйлеуші тарапынан шындыққа етістік арқылы қатынасты білдіретін етістіктің грамматикалық категориясын атайды [95].
Гордон Е.М және Крылова Л.П рай категориясы шындық пен етістік арқылы берілетін іс-әрект арасындағы қатынасты көрсетеді деп санайды [96].
Ильиш Б.А., Винокурова Л.П., Жигадло В.Н., Иванова И.П. және Йофик Л.Л. ағылшын тілінде 3 түрлі рай түрлерін атап көрсетеді, Олар: Indicative (Ашық рай), Imperative (Бұйрық рай) және Subjunctive mood (Шартты рай).
Ильиш Б.А. ойынша Subjunctive mood шартты райдың екі формасында да көрсетіледі [97].
Бархударов Л.С. және Штеллинг Д.А. тек Indicative (Ашық рай) және Subjunctive mood (Шартты райды) атайды және шартты райдың Subjunctive I Subjunctive II түрлері бар деп атап көрсетеді [89].
Воронцова Г.Н. рай категориясының 4 түрін атап көрсетеді. Олар: Indicative (Ашық рай), Desirable (Қалау рай), Speculative және Suppositional (Болжалды) райлар
Каушанская В.Л. және Ковнер Р.Л. 3 түрлі рай түрлерін атап көрсетеді, Олар: Indicative (Ашық рай), Imperative (Бұйрық рай) және Subjunctive mood (Шартты рай) [94,122]
Ағылшын тіліндегі рай категориясының формалары жайлы да бірдей көзқарас жоқ. Осылайша Смирнитский А.И., Ахманова О.С., Ганшина М. және Василевская Н. Ағылшын тіліндегі райладың 6 түрін атап көрсетеді. Олар; ашық, бұйрық, шартты, болжамды, Subjunctive I, Subjunctive II.
Ильиш Б.А., Винакурова Л.П., Жигадло В.Н., Иванова И.П. және Йофик Л.Л. райдың тек 3 түрін атайды [98].
Модальділік категориясын функционалды-семантикалық өрісте зерттегенде модальділік тілдің әр түрлі деңгейінде көрініс табатын граммтикалық мағыналардың жүйесі ретінде қарастырылады. Басқаша сөзбен айтқанда модальділік категориясы әр түрлі тілдік деңгейлерге жататын, морфологиялық, лексикалық, просодикалық, синтактикалық және т.б. осы сияқты тілдік бірліктердің комбинациялары арқылы жүзеге асырылады.
Беляева Е.И. пікірінше ағылшын тіліндегі модальділіктің функционалды-семантикалық категориясы макроөріс, өрістер және микроөрістер сияқты жүйелерді білдіреді. Ағылшын тіліндегі модальділік категориясының аясының обьектісінің бағасына байланысты 3 макропод бөлінеді. Олар: предикативті модальділік, тілек-қалау білдіретін модальділік және эпистемиялық модальділік және осылардың әрбіреуі өрістер мен микроөрістер қатарын қамтиды [69].
Негізінен ағылшын тілінде райдың үш түрін атап көрсетеді. Олар: Ашық рай (Indicative), бұйрық рай (Imperative) және шартты рай (Subjunctive).
Достарыңызбен бөлісу: |