Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет107/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   333
ҚАЛДЫЖАР (Калдыжар) – м., Маңғыстау ауданы. Атау қалды (сын есім) және 
қолқа (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Иран тілінде каль – «жаңбыр 
кезінде су тҧратын жыра, ор, сай» (В.И.Савина, 1971, 100). Сонда атаудың мағынасы: 
«су тҧратын сайы бар жар». 
ҚАЛИПАН ҚОРЫМЫ (Калипан корымы) – ескі бейіт, Тҥпқараған ауданы, Ақтау 
қаласының солтҥстігінде. С.Қондыбаев: «Осы ескі қорымға атын берген осы бір 
«кісінің» Қошқар атаның шәкірті екендігі айтылғаны және жергілікті жҧрттың әулие 
деп есептегені болмаса, басқа мәлімет жоқ» – дейді (С.Қондыбаев, 2000, 24).  
ҚАЛҚАН (Калкан)  – м., Маңғыстау ауданы. «Бӛгеті бар жер». 
ҚАЛМАҚ (Калмак) – қор., Тҥпқараған ауданы. Қалмақ халқының ӛкілі жерленген 
қорым немесе адам аты. 
ҚАЛМАМБЕТ (Калмамбет) – қ., мола, Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
ҚАЛМАТАЙ (Калматай) – қау., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним (қараңыз: 
КҤЙЕУТАМ). 
ҚАЛМЕНБӚГЕТ (Калменбогет) – бӛгет, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «Қалменнің 
салған бӛгеті». 
ҚАЛНИЯЗ (Калнияз) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. «Қалнияз – Орынбор 
губернаторының Хиуа ханына жолдаған қатынас қағазын апара жатып жолда қайтыс 
болған адам» (Бейнеу, 2002, 119). 
ҚАЛНИЯЗҚОЛҚА (Калниязколка) – қон., сай. Қарақия ауданы. Атау Қалнияз (зат 
есім) және қолқа (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«Қалнияздың ойы».
ҚАЛЫҢАРБАТ (Калынарбат) – ескі қор., Тҥпқараған ауданы. Арбат (Рабад) араб 
сӛзі – «қорған», керуен жолының бойында орналасқан «керуен-сарай». Ал қалың – 
«ҧзын» деген мән береді. Сонда атаудың мағынасы: «ұзын керуен- сарай».


ҚАМАУ (Камау) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «тар қапас қҧдық». 
ҚАМБАЙ (Камбай) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет