Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет21/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   333
АҚПАН ЫСЫҚ (Акпан Ысык) – киелі орын, Бейнеу ауданы. Кіші жҥздің Байҧлы-
Ысық руынан шыққан батыр жерленген қорым. 
АҚСАЗ (Аксаз) – газконд. к орны, алқ., Қарқия ауданы. Ақ (сын есім) және саз (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Бҧл жердің топырағының ағарып сазды болып 
жатқандығына берілген атау. 
АҚСАЙ (Аксай) – жыра, с. Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және сай (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Сай дегеніміз – «ҥлкен жыра, аңғар». Атаудың 
мағынасы: «ҧсақ ақ тас, шағыл тасты жыра» мәнін білдіреді. 
АҚСАЙ (Аксай) – қ., Бейнеу ауданы. Ақ (сын есім) және сай (зат есім) сӛздерінің 
бірігуінен жасалған. Атаудың мағынасы: «ҧсақ ақ тас, шағыл тасты сайдан қазылған 
қҧдық» мәнін білдіреді. 
АҚСАЙМОЛА (Аксаймола) – мола, Бейнеу ауданы. Ақ (сын есім) және сай (зат 
есім), мола (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ақ тасты сайдағы 
мола». 
АҚСЕКСЕУІЛ (Аксексеуиль) – қон., Оңтҥстік Ҥстірт кемерінде, Қарақия ауданы. 
Ақсексеуіл – алабҧта тҧқымдасы, сексеуіл тҧқымдасына жататын кӛп жылдық ӛсімдік. 
Осы жерде ақсексеуілдің кӛп, мол ӛсетіндігін білдіретін атау. 
АҚСЕҢГІР (Аксенгир) – тау, Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және сеңгір (сын 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Сеңгір сӛзі иран тілінен енген. «Қазақ тілінде 
сеңгір – «таулар тізбегі» деп тҥсініледі. Сӛздің тҥбірі санг – тәжік тілінде «тас» деген 
сӛз. Ал «сангкори – тасты, тастан жасалған» деген мағынаны білдіреді. Сӛйтіп 
сангкори - сеңгір ӛзгерісіне тҥскен (А.Әбдірахманов, 1986, 18). Сонымен Ақсеңгір 
топонимін – «ақ тасты биік тау» деп тҥсінеміз.
АҚСОР (Аксор) – с., қыс., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және сор (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Сор – ӛсімдіксіз тақыр немесе ӛсімдіктері ӛте сирек 
тҧзды шӛлдердегі ойпаңдар. Мағынасы: «аппақ сортаң, тҧзды сор (тақыр)». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет