Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет94/333
Дата10.09.2024
өлшемі2.05 Mb.
#503562
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   333
КЕТІКҚАЛА (Кетиккала– қон., Тҥпқараған ауданы. Атау кетік (зат есім) және қала 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кетік – тҥркі тіліндегі, «тау асуы», «тау 
ӛткелі» деген сӛз (В.И.Савина, 1969, 57). Мағынасы: «тау ӛткеліндегі қала». 
КИРИЛЛ (КЕРЕЛ) АРАЛДАРЫ (Кирилл аралдары) – аралдар тобы. Каспий 
теңізінің Бозащы жағалауында. Маңғыстау ауданы. Керел аралдары осында алғаш 
келген астрахандық кәсіпқор балықшының есімімен аталған. Жақсы Керел, Жаман 
Керел деп аталатын аралдар бар. 
КИІКБАЙ (Киикбай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. Кенже Киікбай қазған 
қҧдық. 
КИІКТІ (Киикты) – қ., Бейнеу ауданы. Бҧл жерде бҧрын киіктің кӛп болуына 
байланысты қойылған. 
КИІКТӚБЕ (Кииктобе) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Атау киік (зат есім) және тӛбе (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «киік кӛп болатын тӛбе». 
КИІКҦШҚАН (Киикушкан) – тау, Маңғыстау ауданы. Белгілі бір оқиғаға 
байланысты қойылған. 
КЛАДБИЩЕ (Кладбище) – тӛбе, Қарақия ауданы. Мағынасы: «зиратты тӛбе». 
КОМСОМОЛ (Комсомолец) – шығ., Маңғыстау ауданы. Кеңес заманынан қалған 
атау. 
КӚБЕН (Кобен)  – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним. 
КӚБЕНБИ (Кобенби) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. Кӛбен 
Дҥкенҧлы – Адайдың Тобыш Шеген атасынан тарайды. Би болған. «Ол туралы 
«Адайға ҥш рет олжа салды» деген мақтау-мадақ бар (Маңғыстау энциклопедиясы
2008, 334). 
КӚГАЛТӚБЕ (Когалтобе) – қыс., Тҥпқараған ауданы. Атау кӛгал (зат есім) және 
тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жайқалған кӛк шӛпті, 
кӛк майсалы тӛбе». 
КӚГАЛЫ (Когалы) – б., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «кӛк шӛпті, кӛк майсалы 
жердегі бҧлақ». 
КӚГЕЛ (Когель) – тау, Бейнеу ауданы. Атау Кӛк (зат есім) және ел (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛк – Оғызханның тӛртінші ҧлының аты. 
Мағынасы: «Кӛк елінің тауы, қонысы».


КӚГЕЗ (Когез) – б., Маңғыстау ауданы. Атау екі компонеттен қҧралған: кӛк+ез 
(кӛк+ӛз). Ӛз – М.Қашқарида – «аңғар», «шатқал» деп берілген. Кӛгез - «сулы, кӛк шӛбі 
мол шатқалдағы бұлақ» мағынасындағы атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет