Билет №18 Аңырақай шайқасы


Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жəне оның



Pdf көрінісі
бет14/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
Билет 18-35

2.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жəне оның
Қазақстанға əсері.
1917 жылы қаңтардағы «Қанды жексенбі» оқиғасының құрбандарын еске алу
стачкалары «Соғыс жойылсын!» «Самодержавие жойылсын!» деген ұрандар көтерген
саяси шерулерге ұласты. Қозғалыс ақпан айында күшейе түсіп, үкіметке қарсы айқын
сипат алды. 26 ақпандағы саяси ереуіл қарулы көтеріліске ұласты. 1917 жылы 27
ақпанда Ресейде Ақпан революциясы жеңіске жетті.Бірінші дүниежүзілік соғыстың
нəтижесінде пайда болған жаңа жағдайда əр түрлі таптық күштердің бұрын – соңды
болмаған бірігуі олардың қозғалысына қарама- қайшылық пен қайталанбас сипат берді.
Бірақ бұл өзіндік ерекшелік буржуазиялық – демократиялық революцияның негізгі
заңдылықтарын өзгерте алмады. Ресей халықтарының мұқтаждықтарының əр
алуандығы, шаруашылықтың көп укладтылығына қарамастан оны мекендеген
халықтардың бəрі де жартылай басыбайлы құрылыстың жойылуына, жер мəселесінің
шешілуіне мүдделі болды. Отарлық езгіге түскен халықтардың ұлттық азаттыққа жетуі
олардың əлеуметтік азаттығына да жеткізетін еді.Самодержавиенің құлағаны жөніндегі
хабар Қазақстан аумағына тез тарады. Метрополиядағы саяси тəртіптердің осылайша
өзгеруі қазақ қоғамында отаршыл саясаттың əлсіреуіне, өзгеруіне деген үмітті оятты.
Революция мен Уақытша үкіметтің құрылуы жөніндегі хабарды қазақ демократиялық
қоғамы қуанышпен қарсы алды. Қазақстанның алдында түрған өмірлік маңызы бар
міндеттерінің бірі – бұрынғы өкімет орындары 1916 жылы бастаған қанды қырғынды
тоқтату еді. Уақытша үкімет осыған байланысты аталған
проблеманы шешу жолында
бірқатар шараларды жүзеге асырды. 1917 жылы 24 сəуірде үкіметтің шешімімен тыл
жұмысына шақырылған қазақтар еліне қайтарылды. Өлке тұрғындары жер – жерде
биліктен патша шенеуніктерін: əскерилерді, губернаторларды, уездік бастықтарды т,б,
биліктен тайдыруды талап етті. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да Уақытша үкіметтің
жергілікті органдары құрыла бастады. Облыстар мен уездерге Уақыша үкіметтің
комиссарлары жіберілді, атқару комитеттері, басқармалар мен комиссарларға
жəрдемдесетін думалар құрылды. 1917 жылы мамырдан бастап Уақытша үкіметтің
жергілікті органдары ауылдар мен селоларда да құрыла бастады. Қазақ халқының
өкілдерінен Уақытша үкіметтің комиссарларлары болып: Торғай облысында-Əлихан
Бөкейханов,
Жетісуда-Мұхамеджан
Тынышбаев,
Түркістанда-Мұстафа
Шоқай
тағайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет