Билет №18 Аңырақай шайқасы


Мерзімді баспасөз. Айқап журналы, Қазақ газеті



Pdf көрінісі
бет11/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Билет 18-35

2.Мерзімді баспасөз. Айқап журналы, Қазақ газеті.
ХХ ғасырдың басында мəдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз
жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік
баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл
кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мəдени орталықтарда
елеулі дамыды.
ХІХ ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен
«Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай
бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ
зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы
болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде
Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша
тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне
қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы
наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ
газеті» жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш
білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета»,
«Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде
«Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен
идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің
дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз
әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол
уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі
мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы
тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы»
жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған
«Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетті саяси мақалалардан басқа қазақтар
мен
ноғайлардың
халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да
жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913
-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен
шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері
қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін
дамыту
болды.
Әлихан
Бөкейханның
ауыз
әдебиеті
мен
Ахмет
Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп
орын берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет