3.Мəңгілік ел идеясының негіздері;тарихи сабақтастық; қазақ
мəдениеті; еркіндік, бірлік; жоғарғы мақсаттар.
Еліміздің мұратына айналған «Мəңгілік ел» идеясы – халықтың əл-ауқатын
жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін
жаңа қадам. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына
қосылуы. Ол – «Мəңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын
жаңа дəуірдің кемел келбеті.Баршамызға белгілі, тəуелсіздікке қол жеткізген
күннен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде
тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның
басты мақсаты – экономикасы дамыған, бəсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30
елдің қатарынан көріну. Сондықтан, «Мəңгілік ел» идеясын осы мақсатқа
жеткізетін «ұлы идея» деп айта аламыз.Мəңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ
шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Астанада асқақ рухымыз бен мəңгілік
мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мəңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы
«Мəңгілік Ел» идеясының мемлекеттік идеологияға айналғандығының бір
дəлелі. «Мəңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры жəне үлкен мағыналы мəні
бар.«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея негізінде біздің елдің
болашағы қалыптасты. Ал оның негізгі құндылығы азаматтық теңдік,
еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімнің мəртебесін көтеру, зайырлы ел –
толерантты ел болып табылатындығының айғағы. «Мəңгілік Ел» идеясының
бастамасы отбасы, ошақ қасынан бастау алатыны бəрімізге мəлім. Ендеше,
«Үлкен ел-Үлкен отбасы» жобасының іске асуы тағы да бір дəлелі.
Билет №19
1.Моғолстан (XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы).
14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысы ыдырап, шығыс бөлігінде Моғолстан
мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен
Қырғызстанды қамтыды. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс
Қазақстан жəне Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар:
дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді.Моғолстандағы
беделді тайпа дулаттар болды. 1348 жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы
Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын
біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. Мемлекеттің орталығы – Алмалық
қаласы.Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды.
Тоғылық-Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған əмірлер мен бектерді
өлім жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы
кезінде орныққан Орта Азия жеріндегі билікті қалпына келтіруге əрекеттенді.
1360-1361 жылдары Мəуереннахрға екі рет сəтті жорық жасады. 1365 жылғы
Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілияс Қожа жеңіске
жеткен. Əмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары
болған. Олар Моғолстанның шығыстағы қалаларының бірі Алмалықтың жанына
дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі
де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық
жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық
моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың
бағдарламасы болған еді.Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық
жасады.Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уəйіс хан қайтыс
болғаннан кейін де тоқтамады. Дулат əмірлерінің қолдауымен Есен-бұға
1433-1462 жылдары хан тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң
Жүніс Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы
Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид ханның кезінде ыдырай бастады. Оның
Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.Моғолстанның Қазақ
хандығының құрылуындағы орныМұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди»
атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Əбілхайыр хан биледі.
Ол Жошы əулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нəтижесінде Жəнібек
хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы
алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар
барып орналасқан соң Əбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының
шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей
хан, Жəнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны
200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…
Достарыңызбен бөлісу: |