2.1886 ж. «Түркістан өлкесін» басқару туралы ереже. Əкімшілік
құрылым. 1891 жылғы Дала облыстарын басқару туралы ереже.
Көшпелі
жəне
отырықшы
халықты
жерге
орналастырудағы
өзгерістер.
1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже"
қабылданды. Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария
облысы Əмудария бөлімі мен 5 уезд құрамын кірді. "Түркістан өлкесін
басқару əскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Əкімшілік
құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан
өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды. Бас
басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие
операцияларын бекіту, саяси жағынан күмəн туғызатын түземдіктерді жер
аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда
жергілікті басқаруға ерекше мəн берілді. Олар отырықшы түземдіктерді
басқару жəне көшпелі қазақтарды басқару деп аталды Жергілікті басқару
мынандай бөліктерден тұрды: - облыстық, - уездік, - болыстық, - ауылдық.
Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта
ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын əскери-полицейлік
функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл əкімшіліктің қатаң
қадағалауында болды. Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын
жасауда əр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының
саяси жағынан бірігуін болдырмау, əскери жəне азаматтық бүкіл биліктің
бір əскери ведомствоның қолында болуы көзделді.
3.Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы.
Осыдан жүз жыл бұрын 1918 жылы қазақ жерінде ақтар мен қызылдардың
арасындағы
жойқын
соғыс
қимылдары
басталған
еді.
Қазақстан
территориясындағы әскери қимылдардың жандана бастауынан соң тұрақты
өкіметтік әскер құру мәселесі айқын бола түсті. Төніп келе жатқан қауіпке
байланысты 1918 жылдың басында жергілікті жерлерде Алашорда үкіметінің
бастауымен милиция және өзін-өзі қорғау жасақтарын құру ісі белсенді түрде
жүргізілді.
Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса,
оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды.
Азамат соғысы – мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара
соғысы. 1918- 1920 жж. Азамат соғысының себептері:
Биліктің алмасуы жəне меншік түрлерінің өзгеруіне байланысты əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси қарама-қайшылықтардың шиеленісуі;
Құрылтай жиналысын большевиктердің күшпен таратуына байланысты
демократиялық жолмен даму мүмкіндігінің жойылуы;
Əр түрлі саяси күштер мен əлеуметтік топтар арасында саяси жəне əлеуметтік
ымырашылдық
тəжірибесінің
болмауы,большевиктердің
ұлттық
келісім
тактикасына кеш түсуі;
Большевиктердің экономикалық саясаты жəне оны жүзеге асыру əдістері
экономикалық дағдарысты жоя алмауы;
Шетел интервенттерінің Ресейдің ішкі істеріне араласуы.
«Ақтар» деп аталған контрреволюциялық күштер бірігіп большевиктерге қарсы
ашық қарулы қарсылыққа дайындала бастады. Азамат соғысы билік үшін
күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында
ешбір дəл шекара болған емес.
Азамат соғысының басталуына түрткі болған Чехословак корпусуның бүлігі
болды.
1918
жылы
мамырдың
соңында
контрреволюциялық
күштер
Петропавлды, маусымда Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды,
Семейді, Қостанайды басып алды.
Бүлікті пайдаланған атаман А.Дутов 1918 жылғы маусымда Орынборды алып,
Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп тастады.
Қызыл əскер темір жол бойымен Ақтөбеге қарай шегінді. Ақ гвардияшылар
Ташкентке қарай жылжуын тоқтату мақсатымен Ақтөбе майданы құрылып,
оның қолбасшысы болып Г.В.Зиновьев тағайындалды. Осы кезде Далалық
өлкенің Төтенше комиссары Ə.Жангелдинның экспедициясы ұйымдастырылды.
1918 ж. 18 шілдесінде Мəскеуден шыққан экспедиция Волга, Каспий теңізі,
Маңғышлақ арқылы жүріп 11 қарашада Шалқарға жетті. Олар Ақтөбе
майданының бірнеше мың əскеріне қару-жарақ пен оқ-дəрі жеткізіп берді.
Ақтөбе майданы Азамат соғысында маңызды рөл атқарды, 1918 ж. қазанында ақ
гвардияшылардың Орта Азия мен Қзақстаннның оңтүстігіне өту мақсатымен
басталған шабуылын тоқтатып, қарсыласты кейін шегіндірді. 1919 ж. Орынбор,
Орал,
Орск қалалары азат етілгеннен кейін Ақтөбе майданының əскерлері
Шығыс майданнының құрамына еніп, Ақтөбе майданы таратылды.
1918 ж. жазы мен күзінде Жетісу облысында соғыс қимылдары жанданды.
Колчак əскері Іле өлкесін, Верныйды басып алып, ары қарай Қазақстанның
оңтүстігі мен Орта Азияға жетуді көздеді. Сергиополь (Аягөз), Үржар, Сарқанд
жəне басқа елді мекендер басып алынды. Ақ гвардияшылардың осы бағыттағы
шабуылын тоқтату мақсатымен 1918 ж. жазында Солтүстік Жетісу майданы
құрылды. 1918 жылдың аяғында Жетісу майданында атаман Анненковтың
дивизиясы жəне басқа да ақ гвардияшыл бөлімдермен табан тірескен ұрыстар
өрши түсті. Елде «ақ» жəне «қызыл» террор кең құлаш жайды.
Азамат соғысының басталуы жағдайында Кеңестер əскери құрылысқа Түркістан
мен Қазақстанның жергілікті байырғы халқын тартты. «Мұсылман бөлімдері»
деп аталатын əскери бөлімдер құрылды. Мұндай бөлімдер көбінесе ұзақ
тұрақтамады. Оның себептері көп еді. Бір жағынан, ұлы державалық
шовинистер қаруланған мұсылман Ресейдің жауы деп пайымдады. Екінші
жағынан, қазақтар армия үшін «сенімсіз элемент жəне олар əскери қызмет
құрметін көрсетуге жеткен жоқ, олардың адалдығына сенуге болмайды» деп
санаған бұрынғы отаршыл отарлықтың сенбеулігі əсер етті.
1918 жылдың жазында кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы
болды. 1919 жылғы қаңтар айында Қызыл армия Орынбор мен Оралды алды.
Мұның өзі Кеңестік Ресейдің Қазақстанмен жəне Орта Азиямен тікелей
байланысты қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Бүкіл Қазақстан аумағында ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы
өрістеді. Партизан қозғалысына əскерден қайтқан солдаттар мен матростар,
Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісіне, 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалысына қатысқандар басшылық етті. Солтүстік Жетісуда Кеңес үкіметін
орнатуда Черкасск қорғанысы (1918 жылғы маусым -1919 жылғы қазан) үлкен
рөл атқарды. Колчак тылында шаруалар шабуыл жасап, 1919 жылғы сəуірде
Қостанайды шабуылмен алды. Көтеріліске шыққандар Əскери Кеңес, Əскери
революциялық трибунал, партизан армиясының штабын сайлады. Алайда қалада
орнығып қала алмады. Жақсы қаруланған Колчак отрядтары Қостанайды
қайта басып алды. Шығыс Қазақстан территориясында «Таудың Қызыл
Қырандары» партизан отряды
ақ гвардияшыларға қарсы күрес жүргізді.
Қазақстандағы Колчак əскерлерін талқандау Шығыс майданның Солтүстік жəне
Оңтүстік топтарына жүктелді. 1920 ж. басына қарай Қазақстан аумағы біртіндеп
ақ
гвардияшылардан азат етілді.
Азамат соғысының кескілескен қырғынында 8 миллион адам қаза тапты.
Қызылдар мен ақтардың қимылынан алдымен қарапайым халық зардап шекті.
Олардың қайсысы болса да малды, ең алдымен, аттарды өз қарамағаны алып,
қазақтар арасында күштеп мобилизация жүргізді, ауылдарды жəне даланы өртке
орады. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездігімен
көзге түсті. 1918 жылғы қазан айында атаман Анненков Өскеменге «Моңғол»
деген кемемен келіп, Өскемен уездік кеңесінің тұңғыш төрағасы Яков Ушановты
сулы киіз төсенішке орап, кеменің лаулап жанып жатқан ошағына тастайды.
Азамат соғысы жылдары «əскери коммунизм» саясаты енгізілді. Оның мақсаты -
нарықтық, тауар-ақша қатынасын жойып, материалдық ынтаны экономикадан
тыс, директивалық əдістермен ауыстыру, экономиканың барлық саласына қатаң
мемлекеттік бақылау орнату. «Əскери коммунизм» саясатының шаралары:
Өнеркəсіпті национализациялау;
Жаппай еңбек міндеткерлігін енгізу;
Азық-түлікті бөлуде, жалақы төлеуде теңгерме ұстанымын қолдану;
Қала мен ауыл арасында тікелей тауар алмасуын енгізу əрекеттері;
Азық-түлік салғыртын енгізу;
Жеке саудаға тыйым салу;
Жерді жалға беруге жəне жалдамалы еңбекті пайдалануға тыйым салу.
Қызыл Армия мен еліміздің орталық өндіріс орындарын азық-түлікпен
қамтамасыз ету ерекше маңызды роль атқарды. Сондықтан азық-түлік салғырты
соғыс коммунизмі саясатының негізгі құрамды бөлігі болды. Оның мəні:
азық-түліктің артығын шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.
Азық-түлік салғырты ХКК (Халық Комиссарлар Кеңесі) 1919 ж. 11
қаңтарындағы
Декретімен
енгізілді.
Бұл
шара
шаруалардың
жаппай
наразылығын тудырып, олардың бір бөлігінің ақ гвардияшылар қатарына
қосылуына алып келді. Алайда Кеңес үкіметі бұл төтенше шара тек соғыс
уақытында
қалыптасқан
қиыншылықтарға
байланысты енгізілді, соғыс
аяқталған соң азық-түлік салғырты жойылады деп уəде берді.
Билікті
қатаң
орталықтандыру
соғыс
жағдайында
ел
ресурстарын
мобилизациялау арқылы əскерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Азамат соғысының қарсаңында Қазақстанда жаңа билік органдары құрыла
бастады. Алайда басталған соғыс бұл шараларды біраз уақытқа шегерді.
Қазақстан аумағы ақ гвардияшылардан азат етіле басталуына байланысты
РСФСР Халық Комиссарлары Советінің 1919 жылғы 10 шілдедегі декреті
бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет (Қазревком)
құрылды.
Ол өлкедегі ең жоғарғы əскери-азаматтық басқарма болып саналды. Қазревком
басшысы – С. Пестковский. Қазревкомның алғашқы құрамына В. Лукашев, Ə.
Жангелдин, С. Меңдешев тағы басқалар кірді. Комитет құрамы жиі өзгеріп
тұрды. Мұның өзі ревкомның іскер құрамын қалыптастыруға байланысты еді.
Əр кездері қазақ революциялық комитетіне Т. Седельников, Ə.Əйтиев,
С.Арғыншаев, А. Əлібеков, А. Авдеев, В. Покровский, С.Сейфуллин жəне
басқалар мүше болып кірді. 1920 жылдың 26 тамызында С. Пестковскийдің
Батыс майданға шақырылуына байланысты Қазревкомның председателі болып,
В.А.Радус-Зенькович тағайындалды.
Қазревкомның міндеттері:
Контррреволюция мен интервенцияға күресу;
Өлкеде мемлекеттік шаруашылық, мəдени құрылыс орнату;
Өлке кеңестерінің Құрылтай съезін əзірлеу
Қазревкомның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – қазақ жерлерін
біріктіру болды. Осы бағытта біраз жұмыс атқарылды. Қазревкомның
губерниялық жəне уездік ревкомдардың нұсқаушы –ұйымдастырушылары
еңбекші халыққа, жергілікті партия жəне кеңес белсенділеріне елеулі көмек
көрсетті. Олар ревком ұйымдастырып, олардың
жұмысын бастап кетуіне көмектесті. Қазақ жерлерінің бірігуіне қарсылық
көрсеткен күштер де болды. Əсіресе, Сібір өлкесінің басшылығы Ақмола жəне
Семей облыстарының жерлерін өз құрамында сақтап қалуға тырысты. Олардың
басты дəйегі – тұрғылықты халықтың басым бөлігін орыстардың құрауы болды.
Соғыс
жағдайы
революциялық
биліктің
төтенше
органы
–
Қазақ
революциясының комитеттерден Қызыл Армияның ақ гвардияшыларды
түпкілікті талқандауына көмектесуді талап етті. Олардың басшылығымен
мобилизациялық жəне қорғаныс шаралары жүргізіліп, əскери командованиеге
жан-жақты көмек берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |