Билет №18 Аңырақай шайқасы


Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы



Pdf көрінісі
бет17/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Билет 18-35

2.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы
Бірінші дүние жүзілік соғыс 1914жылғы 19 шілдеде (1тамызда) басталды. Ресей
соғысқа дайындықсыз, əскери- өнеркəсіптік əлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған


жағдайда кірісті, армия əскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген
еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш
күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс
Қазақстан экономикасын құлдырауға əкеп соқты. Ауыл шаруашылығында
өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп
болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген жəне орыстың қоныс аударушы
шаруаларынан тəжірибе алған халық айналысқан аудандарда бəрінен де жақсы
дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен ауыл
шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мəселен, Қазақстан
бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі, 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы
63,5%-ға, жазғы бидай — 8,4%-ға, тары — 22,1 %-ға, картоп — 46,3%-ға
қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0
мың десятинаға дейін яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс
жəне батыс облыстары бойынша дəнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан
1917 жылға дейін əрдесятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтка дейін
төмендеді. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да
құлдырауына өкеп сокты. Оган сан жəне сапасы жағынан үлкен зардап
келтірілді. Үсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Жылқы өсіру
кысқарды, сондықтан олардың саны кеміп кетті. Байырғы халықтың басым
көпшілігі тұра-тын жерлерде жылкы, түйе, ірі кара саны кеміді. Мөселен, Ішкі
Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,8 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың
болды, үлес салмағы женінен жылкы саны 48,5%-ға кеміп кетгі, осы кезең
ішінде Ордада ірі караның саны тиісінше 25%-ға кеміді. Маңғыстау уезінде,
Сырдария жөне Жетісу облыстарында нақосындай керініс байкалды. Соғыс
жылдарында армияны жабдықтау үшін едəуір мөлшерде ет керек болды, мұның
өзі мал жəне ет өнімдері бағасының өсуіне əкеп соқты. Осыған байланысты бұл
кезеңде өлкеде неғұрлым арзан ет беретін сала — шошқа шаруашылығы жедел
дами бастады. Бірінші дүние жүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркəсібі
де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркəсібінің маңызды
салаларының бірі Успен жəне Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру
болды. Бұл кеніштерден 1914 жылы — 246 пұт, ал 1916 жылы — 1551 пұт темір
кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды.
Салықтардың жоғары, қатынас жолдарының қашык, құрал-жабдықтардың
жетіспеуі салдарынан жəне басқа себептерден алтын кеніштерінің саны
қысқарды жəне алтын өндіру 30%-дан астам төмендеп кетті. Түсті металдарға
деген қажеттердің өсуі жəне олардың бағасының күрт артуы соғыс жылдарында
түсті металлургияның, əсіресе Риддер жəне Сокольский кеніштерінің дамуына
түрткі болды, түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда, 1917 жылы
25,3 есе өсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет