Гитлер
армиясының
Польшаға
басып
кіруіне
байланысты
Батыс Украина,
Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200
мыңдай
поляк
Ақмола
, Ақтөбе, Қостанай,
Павлодар
, Солтүстік Қазақстан,
Талдықорған
, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Тоталитарлық
тəртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті.
Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп əкімшілік қоныс аудару басталды.
1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны
406,3 мың адамға жетті.1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен
2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен
Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту үшін 2000 жүк машинасы
əзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей
Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың
болгар мен грек əкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның
оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға əкелінді. Жалпы
1943-1944
жылдары
Қазақ
КСР-іне
109,3
мың
отбасы
арнайы
қоныстандырылды.Жергілікті
қазақ
халқының
үлес
салмағы
1939
жылмен
салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда
қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
Достарыңызбен бөлісу: