жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап,
азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тəркілеу,
қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тəрізді жазалау шаралары да кеңінен
қолданылды. Тоталитарлық тəртіп адамдардың өздеріне тағылған айыптауларды
əділ, жан-жақты талқылайтын соттың болуын талап ету сияқты ажырамас
құқығын да теріске шығарды. Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман
тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың
«мойындауы»
ешқандай
дəлелдеусіз
жүзеге
асырылды.
Көршілердің,
қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың берген жалған мəліметтеріне
негізделген, «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыптау да кең
таралды. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық жəне ұлтшыл
ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға
тырысты деген айыптау да кең қолданылды. Көптеген адам террорлық
əрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны,
мемлекеттік мекемелер мен кəсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы
экономикалық контрреволюциялық əрекеттер ұйымдастырғаны үшін деп негізсіз
қуғын-сүргінге
ұшырады.
БК(б)П-ның
Алматы
обкомы
мен
Халық
комиссариатының бұрынғы хатшысы Ж. Садуақасовқа, жазушы С. Сейфуллинге,
ағарту халық комиссары Т. Жүргеновке 1937 жылы көп айыптың бірі ретінде
«Ырғызда, Қарақұмда, Сарысуда жəне басқа да аймақтарда болған көтерілістерді
ұйымдастырған» деген айып тағылды. Жазушы С. Сейфуллинге «Жапонияның
протектораттығындағы Қазақ буржуазиялық мемлекетін құрмақ болған» деген
ақылға сыймайтын айып тағылды. С. Сейфуллиннің əйелі, Т. Рысқұловтың əйелі
мен қызы, Т. Жүргеновтің əйелі, С. Қожановтың əйелі жəне т.б. көптеген қазақ,
орыс жəне өзге ұлт қайраткерлерінің əйелдері, балалары жазықсыз азап шекті.
«Əлеуметтік
тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдары
жұмысының көлемін ұлғайтты. БК(б)П ОК-нің саяси бюросының бастамасымен
республикалық
жəне
жергілікті
партия,
кеңес
органдарының,
НКВД
өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті
адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Большевиктік режим осылайша қазақ
ұлт-азаттық
қозғалысының
басында
тұрған
зиялылар
тобын,
олар
қалыптастырған азаттық идеологиясын жойып тынды
Достарыңызбен бөлісу: