Билет №18 Аңырақай шайқасы


Билет 31 1.Шығай хан. Тəуекел хан, оның саясаты



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Билет 18-35

Билет 31
1.Шығай хан. Тəуекел хан, оның саясаты.
Шығай хан — қазақ хандығының 9-шы ханы (1580— 1582 жж.) билік
құрған.Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жəдік сұлтанның баласы,
Жəнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде
сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне
қатысты мəліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы
саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани
мұрагерлерінің
арасындағы
қақтығыстарды
қазақ
мемлекетін
нығайту
мақсатында ұтымды пайдаланды. 1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы
Шығай жəне оның баласы Тəуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі
Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп,
Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ əскерлері Баба сұлтанды
Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды.
Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тəуекел сұлтан өлтіріп, басын
Абдоллаға əкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тəуекелге
Самарқан өлкесіндегі Африкент уəлаятын тарту етеді. 1582 жылы Шығай хан
қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тəуекел (1582-1598 жж.) отырады.
Тəуекелдің хан жағдайын 1586 жəне 1594 жылдар арасында жүргізілген ұзақ та
табанды күрес нəтижесінде жеңіп алғаны, оның содан кейін Мəскеумен


қатынастар жасау кезінде нағыз хан ретінде əрекет еткені анық болады.Қазақ
елшілері орыс патшасына Қазақ хандығының жайы туралы бірқатар қызықты
мəліметтер жеткізді. Мəселен, Құл-Мұхамед былай деп хабарлаған: «Ал қазір
Бұхара патшасымен уақытша татумыз, ал ноғайлармен бауырлардай татумыз,
Тинехматтың балаларымен де, ұрыс тұқымымен де ала-бөтен емеспіз». Бұл
елшілік туралы істе Тəуекел хан «қазақ жəне қалмақ патшасы» деп те аталған,
бұдан оған Орталық жəне Солтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтарға жақын
көшіп-қонып жүрген кейбір жоңғар рулары бағынған деген қорытынды жасауға
болады.Сонымен қазақ елшілігінің алдында Ораз-Мұхаммедті қайтаруға қол
жеткізу жəне Абдаллахқа қарсы күресте Мəскеудің көмегіне уəдесін алу
міндеттері қойылды. 1595 жылғы наурыз айында елшіге патшаның жауап
грамотасы тапсырылды, онда Тəуекелге қазақ хандығын «өзінің патшалық қол
астына» алатынын хабарлаған жəне «патша мен ханзадаларға оқ ататын қару»
жіберуге уəде етеді де, одан əрі мынадай тілек айтады: Тəуекел «біздің
патшалық қол астымызда болғандықтан жəне біздің патшалық əміріміз бойынша
Бұхара патшасымен жəне бізге опасыздық жасаған сібір патшасы Көшіммен
соғысып, біздің ұлы мəртебелі патшамызға жол салатын боласыздар».Тəуекелдің
елшілері Мəскеуге Иран шахы Абдаллахқа қарсы бірлесіп күресуі туралы
келісімге қол жеткізу үшін Иран елшісін өздерімен бірге Тəуекелге жіберуін
сұрады. Елшілердің өтініші орындалды.Құлмұхаммед елшілігіне жауап ретінде
1595 жылдың наурыз айында Мəскеуден Тəуекел ханға тілмаш Вельямин
Степанов жіберілді. Тəуекел ханнның Мауереннахрға жорығы, 1598 жылы Бұхар
хандығына жасаған. Жорық қарсаңында Абдолла ханға өзінің ұлы, мұрагері Абд
əл-Мұмин қарсы шығып, Бұхар хандығында саяси дағдарыс орын алған еді. Осы
сəтті пайдаланған Тəуекел хан 100 мыңдай əскерімен жорыққа аттанды. Қысқа
мерзім ішінде Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын басып алып, Самарқандқа
қарай жылжыды. Абдолла хан Тəуекел ханды өзіне лайықты қарсылас деп
санамай, оған қарсы өз əскерінің бір бөлігін жіберді. Екі жақ əскері Ташкент пен
Самарқандтың аралығында жолығып, шайқасқа түсті. Абдолла хан əскері ауыр
жеңіліске ұшырады. Бұл оның тез арада əскер жинап, оны өзінің басқаруына
мəжбүр етті. Абдолла хан көп əскермен наурызда Бұхарадан Самарқандқа келіп
жеткенде кенеттен қайтыс болды. Оның мұрагері ретінде таққа отырған
Абд-əл-Мұмин Тəуекел ханға тойтарыс беруге дəрменсіздік танытып, көп ұзамай
бүлікшіл əмірлердің қолынан қаза тапты. Бұл жағдай Тəуекел ханның
Самарқандты басып алуын оңайлатты. Тəуекел хан Самарқандты алғаннан кейін
онда інісі Есім сұлтанды 20 мың əскермен қалдырып, өзі 80 мың əскермен
Бұхараға аттанды. Жаңадан таққа отырған билеуші Пір-Мұхаммед қазақтармен
ашық шайқасқа түспей, қала қорғанын нығайтты. Тəуекел хан əскері қаланы он
бір күн бойы шабуылдап ала алмады. Он екінші күні Бұхараны қорғаушылар
шабуылға шығып, Тəуекел хан əскерлеріне ойсырата соққы берді. Тəуекел хан


жараланып, қазақ жасақтары кері шегінуге мəжбүр болды. Нақшбандийа ордені
шейхтерінің араласуымен екі жақ бейбіт келісімге келді. Бұл келісім бойынша
қазақтар Самарқандтан бас тартты. Алайда Ташкент, Сайрам жəне Түркістан
қалалары қазақтар иелігіне көшті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет