Ташкентті моғол ханынан тартып алды. Моғол хандары Сұлтан Махмұт пен
Сұлтан Ахмет хандар қолға түсіріледі, бірақ Шайбани хан оларды босатып
жібереді. Əбден күшейген Мұхаммед Шайбани хан 1505-жылдан 1510-жылға
дейін қазақ хандығына қарсы 4 рет жорық ұйымдастырады. Жорықтардың
алдына қойған саяси жəне экономикалық мақсаттарына қазақ хандығын
бағындыру не əлсірету жəне Түркістан аймағын Мауреннахрға қосу
жатты.Бұрындық хан дəл осы жорықтар кезінде үлкен қателіктер жіберді деп
есептейміз. Оған дəлеліміз мынадай: Алғашқы үш жорық кезінде Бұрындық хан
жауға қарсы ешқандай шара қолданбайды. Шайбани хан емін-еркінЖəнібек хан
ұлдары: Жаныштың, Тыныштың ұлыстарыын ойрандап, мыңдаған мал-жанды
олжалайды. Тіпті 1509- жылдың қысында болған үшінші жорық кезінде, өз
ұлысына қарай жау əскерінің келе жатқанынан хабардар болып, ешқандай
қарсылық көрсетпей, қашуға мəжбүр болады. Бұрындық ханның шарасыздық
ісін, оның əдейі жасаған жоспарлы ойы деп түсінеміз. Жəнібек хан ұлдары
неғұрлым əлсіресе, соғұрлым оның күші өсуі тиіс еді. Бірақ бəрі керісінше
шықты. 1510-жылдың қысында жау тағы да қазақтарға жорық жасайды. Бұл
жолғы жорық бағыты Қасым сұлтан ұлысына қарсы бағытталады.Қасым ресми
хан болмаса да, осы жылдары оның беделі Бұрындық ханнан да күшті еді. Қазақ
хандығының құрылуы кезінде белсене араласып, одан кейінгі кезеңдерде
хандықтың күшеюіне өз үлесін қосқан Бұрындық хан XVI ғасырдың алғашқы
жылдарында үлкен, мемлекеттік дəрежеде көрегендік көрсете алмайды. Елдік
мүддеден жеке, тар мүддеге көшу оның беделін түсіртті, атақабыройын
жоғалтты.
Достарыңызбен бөлісу: