жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті.
«Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мəліметтерге қарағанда,
Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына
Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында
Қасым хан ұлан- байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде
хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан
аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің
дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік жəне Шығыс
солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына
дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның
батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр
дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік
үшін өзара қарқысумен болды. Əбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен
тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып,
елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына
қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен. Қазақ хандығының нығаюы
жəне оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен
дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді.
Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен жəне орыс
мемлекетімен сауда-саттық жəне елшілік қарымқатынас орнатты. Қазақ хандары
əр дəуірде елдің ішкі- сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді
сыртқы саясат қолданылып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: