Билет №18 Аңырақай шайқасы


Билет 32 1.Жəңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Билет 18-35

Билет 32
1.Жəңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы.
Салқам Жəңгір — 1628-1652 Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан
өлген соң отырды. Жəңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған.
Сондықтан да халық оны «Салқам Жəңгір» атап кеткен. Оның тұсында
Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды.
Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.Жəңгір ханның билік
еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған
үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мəліметтерге сəйкес Жəңгір
ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жəңгір хан Бұхар
хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы
күрес
жүргізді.
Сонымен
бірге, ол қырғыздармен де осындай
қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бəрі жоңғар шабуылынан
қорғану мақсатынан туып еді. Дəл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат
жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың
басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер жəне Сырдария өзені бойындағы
сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мəліметтер
бойынша, Жəңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында
үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас — 1635 жылы екіншісі — 1643-1644
жылдары үшіншісі — 1652 жылы
Орбұлақ шайқасы 1643жылы жоңғар ханы Батыр мен қазақханы Жəңгірдің
арасында өрбиді.Жоңғарлар қазақ жеріне 50 мың əскермен басып
кіреді,қазақ жасақтары бірігіп үлгермейді,содан Жəнгір хан қолында бар
əскерден 600 адам жасақтап алып соғысқа аттанады соғысқа ыңғайлы жер
деп Ор аталатын бұлақтан ағып жатқан кішкентай өзеншік маңындағы тау
арасын таңдайды. Қазақ сарбаздарына Самарқан билеушісі Жалаңтөс
батыр 20 мың адаммен көмекке келеді.Ойраттар талқандалып он мыңдай
адамынан айырылып кейін шегінеді. Жəңгір хан 1643-44 жылдардағы
шешуші шайқаста жеңіске жетеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет