Билет №18 Аңырақай шайқасы



Pdf көрінісі
бет40/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Билет 18-35

3.Жаңа экономикалық саясат.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) мазмұны мен оны
жүзеге асыру. РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында Жаңа
экономикалық саясат қабылданды,яғни «Əскери коммунизм» саясатынан
осы ЖЭС-қа көшуді жөн көрді.ЖЭС – Азамат соғысы салдарынан қираған
ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне
мүдделілігін орнықтыруға бағытталған əрекет болып табылады. • Жаңа
экономикалық саясаттың белгілері: Азық-түлік салығының енгізілуі. Сауда
еркіндігі. Жерді жəне ұсақ кəсіпорындарды жалға беру. Ауылшаруашылық
жəне несие, тұтыну кооперациясын дамыту. Кəсіпорындарды шаруашылық
есепке көшіру. Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мəні-салғыртты салықпен ауыстыру болды.
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай
партия Конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
ЖаңаЭкономикалық
саясатпен
бірге
тоталитарлық,
авторитарлық
басшылыққа көшу басталды ЖЭС кезіндегі өнеркəсіптегі өзгерістер:


Кəсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дəрежелі
кəсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші
дəрежелі кəсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. Ұсақ кəсіпорындар
жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.Өнеркəсіп,
темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркəсіптегі
өзгерістердің нəтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы
өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай
кəсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927
жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркəсіптегі
өзгерістердің оң нəтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы:
Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге
кетті. ЖЭС кезіндегі ауыл шаруашылығындағы өзгерістер: •Əскери
коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына
салық енгізілді (1921 жылы наурызда) •Түтін салығы мен күш-көлік
салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. •Салықтың мөлшері
салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды. •1924 жылы 1 қаңтардан бастап
салық тек ақшалай төленетін болды. •Салық үдемелі болғандықтан, оның
бар ауыртпалығы байларға жəне кулактарға түсті. •Мал өсіретін
қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат
берілді. •Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. •Жерді
жалға беруге рұқсат берілді. •Несие берілетін болды. •Жер-су реформасы
жүргізілді •«Қосшы Одағы» құрылды. •Жер реформасы жүргізілді
•1924-1925 жылдары елге тракторлар əкеліне бастады. Осы өзгерістердің
нəтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті жəне кедейлер азайып,
орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану
құқығынан айырды. ЖЭС кезіндегі саудадағы өзгерістер: • 1921 жылы 24
мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылдады; • Айырбас жасауға рұқсат
етілді; • Жəрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында
«Атбасар» жəрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты
жəрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жəрмеңкесі ашылды. Қазақ
жерінде барлығы 7 өлкелік 13 губерниялық 75 жергілікті жəрмеңке
ашылған болатын. Басты жəрмеңкелер: 1)Семей губерниясында – Қоянды,
Баянауыл. 2)Ақмола губерниясында – Атбасар. 3)Ақтөбе уезінде – Ойыл,
Темір. 4)Бөкей ордасында – Орда ЖЭС-тің қиындықтары мен зардаптары:
1)1921–1922 жылдардағы ашаршылық, 2) Ауа райының қуаңшылығына
байланысты астық шықпай қалып, елді аштық жайлады. 1921–1922
жылдары Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан


кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың
адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды
құраған.Аштық əсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды,1922 ж.
Маусымда 82 % қамтыды.Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола
губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа əкетілді. Қазақстан
Ресейдің Мəскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің
ашығушыларына көмек көрсетті.Кеңес өкіметі кеш те болса, ашыққан
аудандарға көмек көрсетті. 1922 жылы егістікке себілген дəннің 60% Кеңес
өкіметі берген болса, сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен
құралдарын сатып алу үшін 25 млн. Сом қаржы бөлінді.Түркістан
ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға жуық
ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал балықшылары Еділ бойындағы
ашыққан халықтарға 14 вагон балық жіберді.1921– 1922 жылғы аштықтың
салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары
тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін
тастап
көршілес
аймақтарға
көшіп кетті. ЖЭС – тің жалпы
қорытындылары: •Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді.
•Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. •Бұл саясат аяғына дейін
жеткізілмеді. •Өнеркəсіп артта қалды, дамымады. •Жаңа экономикалық
саясат бұрмаланды. •Саяси өмірде демократия бұрмаланды. •Еркіндік
мүлде болмады. •1921-1922 жылдардағы ашаршылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет