етіліп,
салықтардан
босатылды.
Реформаның
таптық
мазмұнын,
отаршылдық бағытын осыдан көруге болады. Сырдарияның отырықшы
елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық
əскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар өкілдер жиынында 3 жылға
сайланатын. Болыстық жəне ауылдық старшындар сияқты ақсақалдарға да
қоладан құйылған арнайы белгі мен мөр тапсырылатын. Сот ісін басқару
құрылымы үшке бөлінді. Əскери-сот комиссиялары, уездік соттар, билер
мен қазылар соты. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, əскери
уездік соттардың дауларды шешудегі əсері басым болды. Əскери
губернатор бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің
Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды.
1867-1868
жылдардағы
реформалар
Қазақстанның
əлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи
байлықтарын
игеруге
қолайлы
жағдайлар
қалыптасты.
Феодалдықпатриархалдық қатынасты əлсіреткен капиталистік құбылыстар
ене бастады. Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады,
яғни кедейленген қазақтардың өндіріс орындарына шоғырлануы. Реформа
арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Абай Құнанбайұлы, Ыбырай
Алтынсарыұлы реформаның теріс жақтарын өз шығармаларында
мысқалдап, сынады.
Достарыңызбен бөлісу: