Билет 35
1.XVII ғ. жəне XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.
Қазақ тарихының шоғырлы тұсы деп XVII ғасырдың екінші жəне XVIII
ғасырдың алғашқы жартысы бекерге аталмаса керек. Осынау кезең қазақ
ұлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар
халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен
жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды. XVII ғасырда билік
жүргізген хандар- Есім, Жəңгір, Тəуке хандар болатын. Есім хан 1598-1628
жылдары аралығында XVI ғ. аяғы жəне XVII ғ. басындағы Қазақ
хандығында билік еткен хан. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер
Есім» деген атпен əйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тəуекел
ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін
берілген екен. Есім хан- Тəуекел хан інісі ,Шығай ханның баласы, ол
бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
Тəуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан
бұрын да ағасы Тəуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға
катысып, "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған еді. Тəуекел Бұхараны
қоршағанда ол 20 мың əскерімен Самарқандты билеп тұрған. Ауыр
жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл
бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту
жолында
қанын
да,
жанын
да
аяғанжоқ.Шығысындақалмақтармен,солтүстік
батысында
Бухара
хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Хан тағына отырған соң
Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт,
экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір
орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі
жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір
орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын
бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны
Жəнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед
сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тəуелсіз хан болуға əрекет жасады.
Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы жəне хараж» алым-салықтарын
жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын
орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан
билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ
ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар
іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды
билеген Əбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы
Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен
одақтасып отырған Əбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып
отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін
Яркент ханы Əбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан
Əбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның
қызын Əбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес
шиеленісе берді, өз алдына хандық құруға ұмтылған Ташкент билеушісі
Тұрсын хан арасында XVII ғ.басында 1627ж. кескілескен ұрыс-соғыс
басталады. Осы оқиға тарихта "қатаған қырғыны" деген атпен қалады.
Күші басым Есім Тұрсын ханды өлтіріп басын алады. Оған тірек болған
қатаған руын түгелдей жазаға кеседі.1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды
өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді. Қазақ-бұхар соғысы
1603-1624жж -Бұхар ханы Тəуекел ханмен сəтсіз соғыста қолдан шыққан
Ташкент, Сайрам, Əндіжан жерлерін қайтарып алуды көздеді. Сонымен
қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне ығыстырып тастауды мақсат
етті. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы
бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар
ұйымдастырады. 1603 жылы Айғыржар деген жерде үлкен шайқас болды.
Бұл шайқаста Бұхар хандығының əскері ойсырай жеңіліс тауып,
тым-тырақай қашты. Бұхар əскерлері Самарқан бекінісіне тығылады.
Қазақ хандығының əскерлері жауды талқандап мол олжамен Ташкентке
қайтып оралды.1611 жылы бұхар əскерін Имамқұли хан өзі басқарып,
Ташкентке шабуыл жасап, сол қаланың түбінде қазақтың қалын қолын
басқарған Есім хан əскерімен соғысады. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс
тауып, кері шегінеді. Кейін қайта қол жинап Қаратау, Аспара өңіріне
шабуыл жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты.
1612жылы Имамқұлидың ұлы Ескендір Ұлы жүз ханы Шах Сəидті
өлтіреді, жəне өзін хан деп жариялайды. Бұған жауап ретінде 1613 жылы
Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының
əскерін тас-талқан етіп жеңді. 1620-1621 жылдары болған төртінші,
бесінші, алтыншы қазақ – бұхар соғысында Қазақ хандығының əскерін
Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті. 1627 жылғы ең
соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының əскерін өзі
бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік
шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамқұли жеңілісті мойындайды.
Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі
Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақ халқы
дербес халық ретінде Батыс Европаға да əйгілі бола бастаған. Бұл жөнінде
Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн жазбаларында бар. Əйгілі
тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: "Қазақ хандығы мен сұлтандары
арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес" — деп тегін жазбаса
керек. Жəңгір хан- 1628–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім
ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жəңгір
ханның ғажайып ерліктері үшін халық оны "Салқам Жəңгір" атап кеткен.
Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың
күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап
тұрды.Оның барлық өмірі жоңғарлармен соғыста болып,осы соғыста ол
1652 жылы қаза табады.Ол өзінің əскесімен қатар Түркістанда жерленген.
Жəңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін
жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір
мəліметтерге сəйкес Жəңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда
орналасыпты. Жəңгір хан Бұхар хандығымен одақтастық келісімге келіп,
жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол
қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бəрі
жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дəл осы кезеңде Қазақ
хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей
түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер жəне Сырдария
өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі
тарихи мəліметтер бойынша, Жəңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат
жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас — 1635
жылы/ екіншісі — 1643-1644 жылдары /үшіншісі — 1652 жылы. 1635
жылғы шайқаста қазақ əскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер
қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нəтижелері жөнінде
мəліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жəңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз
уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден
бастап Жəңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады. Екінші ірі
шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл
жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап
алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Салқам Жəңгір хан
жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен50мың жауынгерге қарсы
тұру үшін Орбұлақ өзенінің бойына беттейді. Осы жерде əйгілі Орбұлақ
шайқасы өтеді. Жəңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан
билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі
арқасында, сонымен қатар сол аумақтың таулығын пайдаланып өз əскерін
тиімді реттеп Жəңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы
шегінуге мəжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он
мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мəліметтер
бойынша, бұл шайқаста Жəңгір хан зор қолбасшылық дарын мен əскери
шеберлік таныта білген.Жəңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар
жағынан көмек алу үшін біраз əрекет етті. Олармен тату көршілік
қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бұл дипломатиялық
тапсырма Жəңгір ханның ұлдары Тəуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді.
1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта
болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы
1643-1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп,
Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар жəне оқ-дəрілер сатып
алады.1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі
шайқаста қазақ əскерлері жеңіліске ұшырап, Жəңгір хан Очирицу Цецену
ханның ұлы Галдаман Нойонның қолынан қаза табады.Тəуке хан 1680
жылдан Қазақ Ордасының билеушісі.Оның билік кезеңі қазақ мемлекетінің
алтын ғасыры деп атайды. Тəуке хан кезеңінде халық тыныштықта өмір
сүрді, тəртіп болды,əділдік пен заңдылық сақталды. Салқам Жəңгір
ханның ортаншы ұлы. Əкесінің өлімінен кейін Кіші жүз ру басыларының
басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ
Ордасының ішкі жəне сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі
саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті
руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын жəне Орта жүздің құрамындағы
уақтар
мен
керейлерден
біріккен
уақ-керей
тайпасын
құруы.
Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тəуке хан XVII ғасырдың 70-ші
жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды
тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сəтті жорықтар жүргізген.
Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тəукенің айналасында
көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды.Ол белсенді сыртқы саясат
жүргізді, Қазақ жəне Бұхара хандығының арасындағы соғысқа жол
бермеді, Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуына ықпалын тигізді.
XVII ғасырдың ортасына қарай Тəуке ханның саяси ықпалы Қазақ
Ордасымен көршілес Сырдарияның орта жəне төменгі ағыстарында
орналасқан сауда жəне қолөнер дамыған қалаларына. Ташкент, Сығанақ,
Сайрам, Түркістан),Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран жəне т.б. қалалардың
тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен жəне ақшалай
салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған
егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін.
Достарыңызбен бөлісу: |