Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының облысы» əкімшілік тұрғыда округ –болыс
–ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20болыс, болысқа 10-12 ауыл,
ауылға 50-70 шаңырақ (үйлер) кірді. Округ басшылығында округтық приказдар
болды. Округтық приказдарды қазақтар дуан деп атаған. Округтарды формальды
түрде аға сұлтандар басқарды. Болыс басшылығында болыс сұлтаны тұрды, олар
округтық приказға бағынды. Ауылды ағаман басқарды. Ағамандарды үш жылда
бір рет ауыл тұрғындары сайлап, оны округтық приказ бекітті. Болыстар
сұлтанға бағынды.
Хандық билік толығымен жойылды.
Реформада сот жүйесінде де үлкен өзгерістер болды. Онда Қазақ жеріне Ресей
заңдарын енгізу мақсат тұтты. Дəстүрлі билер соты тек ру арасындағы, ауыл
ішіндегі дауларды шешу үшін ғана сақталынды. Қылмыстық істер,
мысалы
Отанға опасыздық жасау
, кісі өлтіру, ұрлық, билікке бағынбау т.б. империялық
заңның негізінде шешілді.
«Сібір қырғыздары туралы Жарғыда» сібір қазақтары көшпелі бұратаналарға
жатады, сондықтан олармен құқықтары теңестіріледі деп атап көрсетіледі.
«Желілер бойындағы қазақтардың қазіргі жағдайы əртүрлі, олар болыстарға,
болыстар ауылға бөлінген, кейбірі қазіргі атауларын сақтап қалған». Одан əрі
былай делінген: «Олар болыстық басқару ыңғайлы болуы үшін округтерге
қосылған. Округтер көбіне бұрыннан қалыптасқан бір рудан жəне көрші
болыстардан құралады. Əр округтің өзіне белгіленіп берілген жері бар жəне оған
басқа округтің адамы жергілікті басшылықтың рұқсатынсыз өте алмайды».
«Басқару
құрамы»
бөлімінде
мыналар анықталып берілген: «Ауылды
Достарыңызбен бөлісу: