Билет №18 Аңырақай шайқасы


Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары



Pdf көрінісі
бет47/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Билет 18-35

3.
Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мəні мен салдары.
1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы
көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім
қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп
Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай
саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын
қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Алайда, қазақ
жеріне келіп əлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куə болған Голощекин
ауылды кеңестендіру жұмысы əлі де əлсіз, оны күшейту керек деген
тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы
кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған
идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды
орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мəні көшпелілерлің
ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып,
отарлауды
күшейтіп,
қанау
саясатын
бүркемелеу
еді.
Жаппай
ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы
жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың
қарқыны жəне мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары
туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931
жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды.
Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан
кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин
ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру
айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың
көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі


қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп
жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау əрекеттері арқылы іске
асырылып отырды. 1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық
пен ет жинау кең етек алды.Елдің тұрмыстіршілігінен хабарсыз Голощекин
тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді
талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан
анағұрлым асып түсіп жатты.Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі
күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады.
Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933
жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді.
Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл
Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1
млн-ы қырылды. Осыны көріп отырып қазағым деп қабырғасы қайысқан
интеллегенция өкілдеріне де Голощекин өртінің жалыны жетіп барды.
Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай
отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мəскеудің қолдауына
сүйеніп, ұлтазаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске
асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы,
М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды.
Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл
түрмеге
камау
жазасына
кесілді.
1930
жылы
М.Тынышпаев,
Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев жəне басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері
қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды.
М.Əуезов, Ə.Ермеков жəне М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан
бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мəлімдеді. Жалпы
Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді,
ұжымдастыру
деп
байбалам
салды,
малды
тəркілеп
байларды
конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен
көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары
қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер
ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның
"Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға əсер етіп, үлкен
бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына əкелген
саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ та, солақай
саясаттың, жазықсыз қалың қазақтың қанының иісі шығып тұрады бұл
тақырыптан. Міне, Голощекиннің "кіші қазанының" тарихи мазмұны




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет