Билет №18 Аңырақай шайқасы



Pdf көрінісі
бет46/49
Дата26.12.2023
өлшемі0.78 Mb.
#487979
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Билет 18-35

старшиндар басқарды.
Болысты
сұлтандар басқарды. Ауыл мен болыстағы сот
мəселелерін талқылауда ауыл ақсақалдары мен билер өз билігін сақтайды. Бүкіл
округті басқару үшін болыстар аға сұлтанды сайлайды. Əрбір округте округтік
приказдар ашылған». Ал «Сайлау тəртібі» бөлімінде: ауылды басқару үшін
ағаманды қазақтардың өздері сайлайтын болған жəне оны округтік приказ
бекіткен. Ағамандарды сайлау əр үш жылда сайланып отырған, бір ағаман
бірнеше рет қатарынан сайлануға құқылы болған. Ағамандарды сайлау ауылдық
жерлерде ауызша өткізілетін. Көпшілік дауысты олар өздері шешті. Сұлтан
лауазымы мұрагерлік жолмен жүргізілді. Аға сұлтанды
тек сұлтандар ғана
сайласа
, ал приказ заседательдерін билер мен ағамандар сайлады. Осының
барлығын облыс басшысы бекіттіАға сұлтан үш
жылға сайланатын
,
заседатель екі жылға сайланды»,-деп, сайлау тіртіптері белгіленген. Сондай ақ
Жарғыда: «аға сұлтан земство шенеунігі. Ол сайланғаннан кейін жергілікті
əкімшілікті басқару үшін Ресей үкіметінің атынан оған өкілеттілік беріледі.
Барлық жұмысты ол округтік приказ арқылы жүргізеді» делінген.


Жарғы бойынша қазақ халқы үшін «салық пен міндеткерлік» мөлшері де
белгіленеді: «Жасақ малмен өтеледі, жүз бастан біреу алынады. Салық
қазақтардан болыс бойынша жиылады. Салық жинау жылына бір рет жазды күні
жүргізіледі». Жарғыдағы тағы бір маңызды мəселе, «Медециналық бөлімнің»
енгізілуі болды. Əрбір округте екі емдеуші, тұрақты аурухана бөлінетін болды.
«Діни жəне халық ағарту бөлім ережесінде» білім беру жүйесін қалыптастыру
бағыттары айқындалды.
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылдау хандық билікті жоюды жəне Орта
жүздің Ресей империясының құрамына толығымен енгенін білдіреді. 1824жылы
8 ақпанда патша өкіметінің жарлығымен бірінші Қарқаралы округтық приказы
бекітілді.
Оның басшылығына аға сұлтан
, подполковник Тұрсын Шыңғысов
отырды. Сол жылы Көкшетау округтік приказы құрылды. Бұл приказ патша
үкіметінің Қазақ жерін отарлаудағы маңызды əкімшілік ресурсқа айналды. 1832
жылы Ақмола округтік приказы ашылды. Жер таңдауда подполковник
Ф.И.Шубин экспедициясы мұқият тексергеннен кейін Қараөткел аймағында Есіл
өзенінің оң жағалауына Ақмола бекінісін салу үшін таңдап алды. Бұл Орта
жүздің ірі руларының қоныстарының, жалпы қазақ жерінің орталығы ретінде өте
ұтымды стратегиялық орын еді.
Ақмола округтік приказы Қазақ жеріне тездетіп енудің мүмкіндіктерін кеңейтті.
1851 жылы мұнда Қазақ жеріндегі Ресейдің 1200солдаты мен офицерлері
орналастырылып ең ірі əскери орталыққа айналды.
1824 жылы Ресей үкіметі «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабылдады. Ол
Орынбор генерал губернаторы П.Эссенің басшылығымен жасалды. Орта жүздегі
сияқты енді Кіші жүздеде хандық билік жойылды. Кiшi жүздi билеушi сұлтандар
бастаған 3 бөлiкке бөлдi. Бұл үш бөлiк кiшi жүздiң Батыс, Орта, Шығыс
бөлiгiнде орналасқан руларға негiзделiп құрылды. Мəселен, Шығыс бөлiк
Əлiмұлы, Шөмекей, Қыпшақ руларынан құрылды. Бұл бөлiктер Орынбордағы
шекаралық комиссияға бағынатын болды да билеушi сұлтандар шекаралық
комиссиясының чиновнигi дəрежесiнде болды. Билеушi сұлтандарды Орынбор
əскери губернаторлары, басқа шенеуніктерді шекаралық комиссия тағайындады.
Кiшi жүзде орта жүзде енгiзiлгендей сайлау жүйесi болмады. Кiшi жүзге
арналған ережеде қамқоршы деген лауазым енгiзiлдi. Оның мiндетi əскери
бекiнiстер мен қазақтардың арасына байланыс орнату болды. Оқиғаның алдағы
барысында бұл лауазым Ресейдiң отаршылдық саясатын жүзеге асыратын
құралға айналды. Сот жүйесiнде өзгерiстер болды. Қазақтардың арасындағы iрi
қылмыстарды Орынбордағы əскери сот шештi. Билерге ұсақ-түйек
iстер
қалдырылды


Кіші жүзде басқару Орынбордағы Шекаралық комиссия арқылы жүзеге
асырылды. Жарғы бойынша Кіші жүз үш бөлікке бөлінді. Бұл бөліктер
дистанцияларға бөлінді. Дистанция дегеніміз – бекіністер аралығындағы жерлер
болатын.
Дистанциялар
ауылдарға
бөлінді.
Дистацияларды
дистация
бастықтары басқарды, ал ауылдарды ағамандар басқарды. Осының барлығын
шекара комиссия тағайындап отырды. Орынбор қазақтары үшін сайлау жүйесі
енгізілмеді. Сондай ақ Кіші жүзде əскери бекіністер бойындағы қазақтар үшін
арнайы қамқоршы қызметі тағайындалды. Сот жүйесі «Сібір қырғыздары
туралы Жарғыдағы» ережелер сияқты жүргізілді. Ауыр қылмыстық істер əскери
соттар мен шекаралық комиссияның құзырында болды. Ал маңызы төмен істерді
жергілікті билер соты қарайтын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хандық билікте
жойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет