билет бастың ашық және жабық жарақаттары. Этиологиясы. Клиникасы. Алғашқы көмек



бет16/37
Дата18.06.2024
өлшемі109.92 Kb.
#502676
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Жауап хирург

Ашық пневмоторакста - ауа жарақатты тесік арқылы өкпе қап қусына еркін кіріп шығып тұрады.

Белгісі:
1) ауру үрейленген мазасыз,
2) ерні көгерген,
3) дем алысы бір қалыпты емес,
4) дем алғаны үзілісті, аурсынып ұлғаяды,
5) жүрек соғысы жылдамдайды,
6) қан қысымы жоғары немесе төмендейді,
7) дем алғанда кеуде қуысы зақымданған жақта қалады,
8) жараны тексергенде ауамен дем алып, шығарғанда өкпенің тесігінен ауа көпіршігі шығады,
9) зақымданған жағында өкпенің демалыс дыбысы нашарлайды

Алғашқы көмек пен емі:
* ауа өткізбейтін (окклюзионды) таңғыш салу,
* аурсынуды басу (пантопон, морфин)
* есеңгіреуге қарсы ем,
* аурудың кеудесін жоғары қаратып жатқызу,
* хирургиялық емге тасымалдау.

Ауа өткізбейтін таңғыш салу үшін жабысқақ лейкопластырды, жеке дара пәкеттің клеёнкасын, полиэтиленді заттарды қолданады. Өкпе қапқа ауаның кіруі тоқтаған сәттен бастап, науқастың жағдайы оңала бастайды.

Жабық пневмоторакс
Жабық пневмоторакста - ауа сыртқы жарақатты не өкпе тесігі арқылы өкпе қап қусына кіріп, жарақат тесігі жабылғандықтан ауа қайта сыртқа шықпайды. Өкпе жартылаи қысылады.

Белгісі:
1) тері астына ауаның жиналуы (эмфизема),
2) дем алу дыбысының нашарлауы.

Алғашқы көмек пен емі:
• таза таңғыш салу,
• аурсынуды басу (пантопон, морфин),
• емханаға тасымалдау,
ашық пневмотораксқа айналдыру,
• тері астына инелерді енгізу,
• кеуде қуысына дренажды түтік салу.

Қақпалы пневмоторакс

Қақпалы пневмоторакста - ауа өкпе қап қусына кіріп, өкпенің жарақат тесігі жолының ерекшелігінен ауа сыртқа шыға алмай, әрбір дем алғанда ауа өкпе қапта көлемі ұлғая бергендіктен, жарақат алған жақтары өкпе қысылып, көкірек орталығы мен бірге саужағына қарай ығысады.

Белгісі:
1) клиникасы өте ауыр,
2) өлім қорқынышы,
3) мазасыздық
4) зақымдалған жағында қабырға аралығы керілген,
5) тері астына ауаның жиналуы,
6) өкпенің қысылуы (коллабирленуі),
7) көкірек орталығында орналасқан мүшелердің сау жағына қарай ығысуы,
8) жүректі және күре қан тамырларды, кеңірдекті қысканда ауыр жағдайға әкеледі:
* онда клиникалық өлім болуы мүмкін,
* бұл жағдайда реанимациялық жұмысты ұйымдастыру керек.

Алғашқы көмек пен емі:
* аурсынуды басу (пантопон, морфин),
* емханаға тасымалдау,
* ашық пневмотораксқа айналдыру,
* тері астына инелерді енгізу,
* кеуде қуысына дренажды түтік салу,
* кейбір жағдайда хирургиялық ем,
* антибактериалды ем,
* симптоматикалық ем.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет