билет бастың ашық және жабық жарақаттары. Этиологиясы. Клиникасы. Алғашқы көмек



бет14/37
Дата18.06.2024
өлшемі109.92 Kb.
#502676
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Жауап хирург

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың өту ағымы 3 кезеңмен сипатталынып өтеді:
1 кезең – өкпеде абсцесстің пайда болуы. Науқастың дене қызуы 400 С дейін көтеріліп, ( тұрақсыз ауыспалы түрдегі). Дене қызуы көтерілгенде пациент қалшылдап өзін - өзі ұстай алмайды, ал дене қызуы төмендеп, түскенде терлеп қиналады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын түрде білінеді: әлсіздік, тамаққа деген тәбетінің тартпауы, қимыл қозғалысының қиындауы, дұрыс тынығып ұйықтай алмағандығынан, мазасыздануы.
Қараған кезде: өкпенің сау жағын алып қарағанда ауырған жағы тыныс алудан қалыптан тыс кеміп отырады. Перкуссияда өкпе абсцессі орналасқан жерінің дыбыс беру ырғақтылығы жәй шығады, аускультацияда бронхиалдық дем, крепитиция, ылғал сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз байқалады, ЭТЖ артады.
Рентгенде инфильтрация ошағы байқалады
2 кезең -өкпедегі іріңдік жарылып, іріңнің сыртқа ағып шығуы. Сырқат барысының 5 – 10 күнінен кейін пациенттің ауызы бір мезетте көп мөлшерде іріңмен толып, жағымсыз иістегі іріңдікті сыртқа бөліп шығарады. Бұдан кейін науқастың жағдайы жеңілденей бастайды: уыттану белгілері тыйылып сабырсиды, дем алуы жақсарады, дене қызуы төмендейді, тамаққа деген тәбеті құмарланады. Өкпе қуысыннан бөлініп шыққан іріңдіктен кейін, перкуссияда өкпе дыбысы анық шығады. Аускультацияда амфорлық демі естіледі.
Рентгенде тегіс денгейлі сұйықтығы бар қуыс анықталынады
3 кезең жазылу кезеңі. Сырқат барысының 15 –20 күнінен кейін науқастың жөтелі басылып, қақырық тастау мөлшері азайып, уыттану белгілері жойылады. Егер уақытылы ем көрсетілмеген жағдайда, сырқат ағымы созылмалы түріне көшеді. Өкпе абсцессінің бірінші кезеңіңдегі өткізілген рентген тексерісінде өкпе қуысына жиналған ірің көрінісі байқалады. Абсцесстің созылмалы түрінде сырқаттың саусақтары барабан таяқшалары тәрізді, тырнақтары дөмбекшіген түрінде болады. Науқастың тынысынан жағымсыз иіс шығады.

Асқынулары. Сырқаттың ең қауіпті асқынуы - өкпеден қан кету болып табылады. Іріңді қуыс жарылып өкпенің екі қабатының аралығына іріңнің кетуі мүмкін. Бронхоэктаздардың пайда болуы мүмкін

Диагностика
• Рентгенмен өкпенің ісінгендігі, ал жарылғанынан соң бұрыңғы ісік орнында дөңгелек немесе сопақша қуыс анықталады. Куыстың ішінде сұйық және газ бар.
• Томографиямен — абсцесстің орны, терендігі анықталады.
• Бронхоскопиямен— бронх жағдайы, іріңді эндобронхит анықталады, емделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет