Билет Түргеш қағанаты



бет33/71
Дата23.05.2024
өлшемі231.13 Kb.
#501745
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
билеттер каз тарихы (1) (копия)

23 билет
1)Қаңлы мемлекеті
Жазба деректерде қаңлылар Арыс,Талас жағалауларында,Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады.Қаңлы мемлекетінің өмір сүру хронологиялық шеңбері- б.з.б 3ғ-б.з 5 ғ. Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері-Қытай деректері.Б.з.б 46-36 жж қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмек көрсеткені туралы белгілі.Қытай деректері бойынша,қаңлыларда 120мың түтін( отбасы)немесе шамамен 600 мың адам,120мыңға дейін жауынгері болған.Ежелгі Қытай хроникасы бойынша қаңлыларда 2 астанасы (жазғы және қысқы) болған.
Елдің астанасы-Битьян қаласы.Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені Сырдарияның орта ағысы.Қаңлы мемлекетінің оңтүстігінде Қытай мен үйсіндер орналасқан.Қаңлы елі Қытай,Рим,Кушан мемлекеттерімен экономикалық,мәдени,саяси байланыс жасаған.
Қоғамдық құрылысына келер болсақ-Қаңлы елін хан (Ұлы хан) биледі.Елді басқаруға ханға оның 3орынбасары-уәзірлері көмектесті.Қаңлы елі өз ішінен 5иелікке бөлініп,әр иелікті кіші хандар басқарды.Кіші хандарға бағынатын ру,тайпаларды көсемдер басқарды.Ол лауазым мұрагерлік жолмен берілген.Соғыс тұтқындары құлдарға айналып,қаңлы шаруашылығында ұсақ жұмыстарға қолданылды.
Мәдениеті-Қаңлылардың Алтын-асар қала жұрты 16гектар жерді алып жатты.Үйлердің қабырғалары ішкі кірпішпен қаланып,балшықпен сыланған.Қабырғалардың біріне қызыл бояумен оюлар,гүл суреттері салынған.Қаңлылыар арасында ән-күй,музыка,би өнері жақсы дамыды.Қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғы-сырнайлары болған.Қаңлылар күнге,айға,жұлдыздарға табынған.Ата-баба рухына сиынған.Қауыншы мәдениетіне жататын аймақтарда мәйітті киіммен жерледі.Оның қасына су құйылған,тамақ салынған ыдыстар мен киімдерін қояды.
Шаруашылығы-Қаңлыларда егін,мал,қолөнер,аңшылық,сауда-саттық сияқты кәсіптер дамыды.Арал өңірінде,Ташкент алқабында отырықшылық дамып,ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады.Қаңлылардың дәнді және бау-бақша дақылдары өсірілген аймақ-Сырдария аңғары.Тәлімді егіншілік түрі басым болған.Жерді таспен,метал кендермен өңдеді.Қаңлылардың маңызды шаруашылықтарының бірі-мал өсіру болған.Жайлаулары Орталық Қазақстанға дейін жетті.Шаруашылқтың қосымша түрі-аң аулау.Темір ұсталығы,қола құю,зергерлік ісі дамыған.Метал өндірісінің орталығы-Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды.Зерттеушілер қаңлылар жерінен б.з 3-4ғ соғылған салмағы әртүрлі 1300-дей теңге тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет