283
- Аты
- Жасы / Жынысы
- Мекен-жайы (толық), индексі, телефоны (e-mail))
- Жұмыс атауы
- Орындау техникасы
- Оқытушы (аты, тегі)
- Жеке
жұмыстар ғана қабылданады
- Байқауға қатысу тегін.
- Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
5. Қатысушылар
- 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар байқауға қатысуға шақырылады.
6. Байқауды өткізу тәртібі (құжаттарды қабылдау, рәсімдеу,
жұмыстарды қабылдау мерзімі)
7. Байқау жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі:
1) 6-11 жас
2) 11-14 жас
3) 14-17 жас
8. Конкурс қорытындысын шығару
Облыс көлемінде «Асық ату» спорттық жарысын ұйымдастыру
Ережесі
1. Ереже асықтан жарыс өткізу шарттарын реттейді. Асық ойыны
балалардың бойында қазақ халқының тарихи мәдени мұрасына құрмет сезімін
қалыптастыру, сондай-ақ ептілікке, мергендікке,
ұқыптылыққа, сергектікке
баулиды, қазақтың ұлттық ойындарын білуге құштарлығын арттыру
мақсатында өткізіледі.
2. Асық ойынында қолданылатын негізгі терминдер: Асық – арқар,
таутеке, қой, ешкі, елік, киіктің асық жілігімен жіліншегінің (сирағының)
ортасындағы шағын сүйек;
Алшы – асықтың қырынан тұрғанда ойығы үстіне, ал тегістеу, тәйке жақ
беті астына қарап түскен қалпы;
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы түскен қалпы;
Бүк (бүге) – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түскен түрі;
Шік (шіге) – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түскен түрі;
Омпы (омпа,оңқа) – асықтың ашасы бар жағының жерге қадалып түскен
түрі;
Шоңқа – асықтың омпыға қарсы жағымен жерге қарап түскен түрі;
Кеней (кенай) – жаппай ойынға немесе ұтысқа салынатын жай қарапайым
асық;
Құлжа – құлжаның (таутекенің) асығы;
Топай – сиырдың асығы;
Сызық, шеңбер – ойын барысында асық тігілетін орындар;
Көн, көмбе – асық
тігілетін жердің атаулары;
284
Қарал, қаралық – ойын тәртібіне сай келмейтін іс-әрекет, яғни адал
ойнамау деген сөз;
Табан, адым – ойында қолданылатын өлшемдер;
Қағу, қаржу, иіру, шерту, басу, тап басу –
асық ойындарында
қолданылатын әдістер мен тәсілдер;
«Үй ішілік» («тақта ойыны»), «далалық» («алаң ойыны») – ойнау орнына
қарай ойын түрлері;
«Алшы», «Қаржу», «Бес табан» – ойнау әдісіне қарай аталатын ойын
түрлері;
«Шыр» – кенейлерді бір жерге тігіп, ұтысқа ойналатын асық ойынының аты.
Достарыңызбен бөлісу: