281
Сәндік өнер туындыларының көркемдік қасиеттері мен мақсатын білу.
Үшінші кезең:
Сәндік бейнені жасау принциптері, халықтық қолөнершілердің
материалдарды,
заттардың пішініне, мақсатына байланысты безендіру
құралдарын таңдау әдістері мен дәстүрлері туралы идеяларды дамыту.
Төртінші кезең:
Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер туындысының мәдени-тарихи мәні
мен көркемдік-эстетикалық құндылығын түсіндіру.
Бесінші кезең:
Өнердің эстетикалық дамуына байланысты балалардың көркемдік
және бейнелеу практикасы.
Балалардың ұлттық қолданбалы өнерді эстетикалық игеруінің бірінші
және екінші кезеңдері оны тікелей қабылдау кезеңінде жүзеге асырылады
(өнер
мектебіне, облыстық мұражайға, ұлттық қолданбалы өнер
көрмелеріне экскурсиялар, ақпарат алу).
Ұлттық өнерді эстетикалық игерудің үшінші және төртінші кезеңдері
балалар мен жасөспірімдердің көркем образ туралы түсініктерін тереңдету
және олардың туындыларды
өз бетінше талдау мен бағалау, өткен және
қазіргі кездегі қазақ халқының өміріндегі сәндік өнердің рөлі мен маңызы
туралы дағдыларын жинақтау (алған білімдерін игеру) процесімен
байланысты.
Бағдарламаның идеяларын жүзеге асыра отырып,
педагогтер,
тәрбиешілер осы бағыттың мүдделері бойынша үйірмелер мен клубтар құру
негізінде үлкен жұмыс атқару, Қазақ халқы суретшілерінің, шеберлердің
шығармашылығын, Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихын және т. б.
зерделеу.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы
аясында
бағдарламалар, тақырыптық жобалар, сынып сағаттары, сайыстар мен,
олимпиадалар, іскерлік ойындар мен жарыстар, диспут, пікір-талас, кездесулер
және т.б. іс-шаралар өткізу
арқылы білім алушылардың, ата-аналардың,
жұртшылықтың ұлттық тәрбиесіне ықпал ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу,
ұмыт болып бара жатқан ұлттық дәстүрлер мен ғұрыптарды қайта
жандандыруды іске асыру мектептегі әр педагогтің міндетіне айналуы шарт.
Осы орайда, мектеп педагогтерінің алдында:
- қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен
дәріптеу.
- ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыра отырып,
ұлттық салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты жаңғырту;
- жалпыұлттық рухани құндылықтарды күшейту міндеттерін жүктеу.
Осы міндеттерді іске асыруда ең алдымен педагогтердің бойында ұлттық
және кәсіби тұлғалық құндылықтарды қалыптастырып, жетілдіру керек. Өз
халқының әдет-ғұрыптары баладан үлкенге дейін білуі және құрметтеуі
тиіс. Педагогтер баланың қызығушылығын ояту, оларды түсіну және жақсы
көру үшін ұлттық дәстүрлер мен ғұрыпты тиімді жолдармен жеткізе білуі
тиіс.