Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет124/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Жобаны іске асыру нысандары
Дәстүрлі: тәрбие сағаттары, отбасылық, спорттық және зияткерлік 
жарыстар, шығармашылық конкурстар, сайыстар, саяхат және т. б.
Дәстүрлі емес: пікір-таластар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, 
шығармашылық шеберхана, кешенді бағдарламалар, сұхбат, кештер, көрмелер, 
мерекелік және көпшілік іс-шаралар, той-думан және т.б.
Интерактивті: сауалнама, диагностика,
Ағартушылық: дәстүрлер мен ғұрыптар негізінде тәрбие және оқыту 
мәселелерінде БАҚ пайдалану, әлеуметтік желілер арқылы челлендж 
ұйымдастыру, ақпараттық парақшалар шығару, мектепте стендтер мен 
бұрыштарды безендіру, мектепті ұлттық нақышта безендіру, білім беру 
порталын құру. 
Жобаны іске асыру барысындағы жұмыстың негізгі бағыттары
- Облыстық білім басқармасы деңгейіндегі іс-шаралар; 
- Аудандық / қалалық білім басқармасы деңгейіндегі іс-шаралар; 
- Білім беру деңгейінебайланысты іс-шаралар; 
- Директорлар және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары 
үшін; 
- сынып жетекшілері үшін; 
- білім алушылар үшін, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 
балалар үшін; 
- ата-аналар үшін; 
Жоба мектеп, ата-аналар мен білім алушыларға бағытталған. 


278 
Жобаны іске асыру – отбасы мен мектеп, бала және әлеуметтік
серіктестер мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара ынтымақтастығында жүзеге 
асырылады. 
Дәстүрлер мен ғұрыптарға байланысты ұлттық құндылықтарға сипаттама 
бере отырып, облыстық, қалалық деңгейде өткізілетін іс-шаралар мен мектеп 
директорлары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына 
арналған ұсынымдамалар, педагогтерге арналған педагогтердің педагогикалық 
іс-әрекет барысындағы кәсіби, ұлттық, тұлғалық құндылықтары, ата-аналарға 
арналған дәрістер мен іс-шаралар, сынып жетекшілеріне арналған білім 
алушылардың білім алу деңгейіне байланысты тәрбиелік іс-шаралар жобасын 
ұсынып отырмыз. 
Күтілетін нәтиже
Ұлттық бірегейлікті, ұлттық кодты сақтау, қоғамдық сананы жаңғырту 
мәселесінде білім алушылар: 
- қазақ өркениетінің ұлттық ерекшеліктері, тұрмыстық дәстүрлер,
материалдық және рухани мәдениеттің негізгі ерекшеліктері, жалпыұлттың 
және өзі тұратын өңірдің әлеуметтік-мәдени, географиялық, өркениеттік 
сипаттамалары туралы негізгі мәліметтерді біледі; 
- ұлттық салт-дәстүрлер мен ғұрыптар, отбасылық және жалпыұлттық
құндылықтар бойынша алған теориялық білімді тәжірибеде қолдана алады;
- дәстүрлер мен ғұрыптарды сақтай отырып ұлттық құндылықтар
туралы білімді игеру, талдау барысында рухани және эстетикалық 
құндылықтардың көріністерін пайдалану дағдыларына; 
- ұлттық салт-дәстүрлерді, ғұрыптарды пайдалану негізінде жалпыұлттық және 
өңірлік мәдениетінің ерекшеліктерін зерттеу дағдыларына ие бола алады.
 
Облыстық білім басқармасы деңгейінде ұлттық дәстүр мен ғұрыптарды 
насихаттауды іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар 
Өскелең ұрпаққа тәрбиелік әсерді жетілдіруге ең тиімді әсер ететін 
іргелі идеялардың, ұлттық педагогикалық көзқарастардың ішінде 
мыналарды атауға болады: 
- мектептегі тәрбие жұмысының рухани-адамгершілік бағыты, 
мектеп оқушыларын ерте жастан бастап ұлттық педагогика 
идеяларындағы тұтас тәрбие жүйесіне қосу; 
- ата-аналар мен бүкіл қоғамның балалардың рухани-адамгершілік 
дамуына қамқорлығы, ұлттық педагогика идеяларында эстетикалық 
талғам мен мұраттарды қалыптастыру; 
- қазақ отбасының рухани-адамгершілік дәстүрлерін, моральдық-
этикалық құндылықтарын, олардың ерекшеліктерін анықтау және ашу;
- қоғамда қоғамдық пікірді дамыту, түзету, байыту; балаларда 
«отбасылық сезімді», «отбасы рухын», туған үйге деген сүйіспеншілікті, 
отбасылық қарым-қатынасқа және ата-аналармен бірлескен істерге 
деген ұмтылысты қалыптастыру


279 
- қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын нығайту мақсатында түрлі 
рухани-адамгершілік байланыстарды сақтау және дамыту, ересектер мен 
балалардың бірлескен қарым-қатынасы, қоғамдық пайдалы қызметі, 
өмірлік тәжірибені жобалау, аға ұрпақтың рухани қажеттіліктер 
саласындағы еңбек және адамгершілік дағдыларын білу; 
- ересектерге балаларға адамгершілік әсер етудің, олардың 
шығармашылығын дамытудың, қоғамдағы мерекелік, фольклорлық-
көркемдік, мәдени және бос уақыттағы іс-әрекеттері, ұлттық өнер мен 
спорт түрлері, мейірімділік, сүйіспеншілік, адамдарға, табиғат пен 
қоршаған ортаға қамқорлық сияқты белсенді жұмыс түрлері мен 
әдістеріне қосудың жетекші ынталандырушысы ретінде бағдарлау; 

дәстүрлі қазақ қонақжайлығын жандандыру, үлкендерді 
құрметтеу және сыйлау, балалар мен жасөспірімдердің ата-баба 
дәстүріне ұқыпты қарау. 
Тәрбие процесі барлық білім беру мекемелері бірлесіп жұмыс 
істеп, бір-бірін толықтырған отырған кезде ғана мақсатқа жетеді, 
сондықтан жалпы білім беретін мектептер кітапханалармен, мектептен 
тыс мекемелермен, клубтармен, үкіметтік емес ұйымдармен байланыста 
болып, балалар мен жасөспірімдер тәрбиесін жүзеге асыруы тиіс. 
Осылайша, ұлттық педагогика идеяларында білім алушыларды 
тәрбиелеу жүйесі тұлғаның дамуының әлеуметтік жағдайларының 
ерекшелігін және оның барлық жас кезеңдерінде (ерте балалық шақ, 
мектеп жасына дейінгі бала, бастауыш мектеп оқушысы, орта және 
жоғары сынып оқушысы) психологиялық жас ерекшелігін ескере 
отырып, тәрбие процесін үздіксіз жеке тұлғаны дамытатын салаларында 
(отбасы, балабақша, сынып, мектеп, клуб, кітапхана, әуесқой 
бірлестіктер, үйірмелер); баладан бастап ата-аналарға, мұғалімдерге, 
әртүрлі оқу орындарына, қоғам өкілдеріне дейінгі барлық білім беру 
субъектілерінің қатысуымен, педагогикалық тұрғыдан жан-жақты 
ұйымдастыру.
Ұлттық педагогика идеяларын қолданудың тиімділігі олардың 
рөлін түсінуге ғана емес, сонымен бірге мұғалімнің педагогикалық 
ықпалдың жалпы контекстінде өздері жасаған барлық құнды заттарды 
қолдана білуіне байланысты, бұл өз кезегінде мұндай жұмысты 
ұйымдастырудың және жүргізудің дұрыс әдісін қажет етеді[37]. 
Ұлттық әдет-ғұрыптарға, атап айтқанда қонақжайлылық пен 
үлкендерге деген құрметке ерекше көңіл бөлінеді. Балалар қазақ халқының 
тұрмысымен, салт-дәстүрімен, халық ауыз әдебиеті мен өнерімен ұлттық 
мерекелерде де танысады. Мысалы, жыл басы «Наурыз» ұлттық 
мерекесінің тәрбиелік мәні зор. 
Ақындар айтысы – суырып салма ақындардың сайысы – қазақтар 
арасында аса танымал болған. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 
ақындар айтысы қайта жанданды. Егер бұрын ересектер бір-бірімен 
жарысып, айтысқан болса, соңғы жылдары халық шығармашылығының 


280 
бұл керемет дәстүрі балалар мен жасөспірімдер арасында кең тарала 
бастады. Бұл дәстүрді облыс көлемінде жандандырып отыруымыз керек. 
Мектеп оқушыларының айтыстары тек серіктестік сезімін, 
шығармашылық көңіл-күйді дамытуға ғана емес, сонымен қатар ең 
алдымен дарынды балаларды анықтауға, олардың мүмкіндігін ашуға, 
қазақ халық поэзиясы мен музыкасы әлеміне жолдама алуға 
көмектеседі.
Айтыс ақындарынан басқа домбырашылар байқауы да кейінгі кезде 
кеңінен 
таралып 
жүр. 
Терме, 
күй, 
қазақ 
композиторларының 
шығармаларын, халық музыкасымен таныстырып, байқауларға қатыстыру. 
Жыл сайын байқауларға қатысуға ниет білдірушілер санын арттыру[38]. 
Домбырашылар байқауы бастауыш мектеп жасынан бастап жоғары 
сынып оқушыларына дейін жас ерекшеліктері бойынша өткізуге болады. 
Бұндай байқаулар халық шығармаларының терең бастауын түсіну негізінде 
ұлттық орындау техникасы дамуда үлкен рөл атқарады. Бұл балалармен 
және жасөспірімдермен халық музыкасын неғұрлым терең түсінуге ықпал 
етеді, оған туған топырағы қазақ халқының рухани мәдениетінің қайнар 
көздерін пайдалануға мүмкіндік береді, өнермен терең қарым-қатынас 
жасау қажеттілігіне ауысатын музыкаға қызығушылықтарын арттырады. 
- Қазақ халқының қолданбалы өнерін дамыту мектептерде, үкіметтік
емес ұйымдарда, аула клубтары мен атаулы үйірмелерде жүзеге асыру. 
- Балалар мен жасөспірімдер орталығы жалпы білім беретін мектептер,
мектепке дейінгі мекемелер мен клубтарға ұлттық қазақ сәндік-қолданбалы 
және бейнелеу өнері негізінде оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне 
арналған кешенді бағдарлама әзірлеп, ұсыну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет