Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет148/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Жоғарғы орта білім беру деңгейіне ұсынымдар мен әзірлемелер 
Жоғары сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруда 
өмірдің эстетикасы, ұлттық құндылықтар, дәстүрлер мен ғұрыптар маңызды 
рөл атқарады. 
Көптеген қазақ отбасыларында көне тұрмыстық заттар сақталған және 
әлі де қолданылады, әсіресе бұл ауылдық жерлерде көбірек байқалады, мал 
шаруашылығымен айналысатын кейбір отбасылар Ұлттық киіз үй де 
қолданылады. Сондықтан, қолданбалы шығармашылық үйірмелерін 
ұйымдастыру, халық мерекелерін өткізу, ұлттық бұрыштарды, киіз үйлерді, 
көрмелерді безендіру арқылы балалар мен жасөспірімдерді ұлттық қазақ 
тұрмысымен және ата-бабаларының өмірімен таныстыру міндет болып 
табылады. Оларды ата-бабаларының қолымен жасалған істерді түсінуге 
және бағалауға үйрету, ұлттық киімдерде, қазақ ою-өрнектерінде, 
тұрмыстық заттарда өзіндік ерекшелік пен сұлулықты көруге жетелеу 
керек. Егер бала күнінен отбасында ұлттық тұрмыстық әдемі заттар мен 
ұлттық аспаптар болса, онда олар оның эстетикалық талғамын сезініп өседі. 
Балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбиелік іс-шараларды өткізу 
барысында ойындар мен әндер, қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-
дәстүрлері пайдаланылады, осылайша халық шығармалары, ұлттық 
дәстүрлері рухани мәдениетті қалыптастырады, жас ұрпақты ежелгі 
дәуірден келе жатқан дәстүрлер негізінде тәрбиелейді және оларды болашақ 
ұрпақ үшін сақтауға мүмкіндік береді. 
Тәрбиенің ең бастысы – әр баланың шығармашылық даралығын ашу, 
ол үшін оны шығармашылық процеске қосу керек. Халық фольклорын іс 
жүзінде игеру, халық шеберлерімен қарым-қатынас жасау, қазақтың 
қолданбалы өнерінің көрмелеріне қатысу, фольклорлық мерекелерді, 
айтыстарды өткізу және оларға қатысу арқылы ғана балалар мен 


324 
жасөспірімдер алдында әлемді қабылдаумен бірге сұлулықтың да әлемі 
біртіндеп ашылады. 
Ойындар, әндер, мерекелер мен іс-шаралар – мұның бәрі балаларды 
қызықтыруы керек, іс-шараны өткізуге қатысуға, жаңа нәрселерді білуге 
деген ынтасын оятуы керек. Тәрбиешінің, мұғалімнің, ұйымдастырушының, 
көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісінің рөлі – баланы тарту, 
қызықтыру, ойлау мен ұмтылысты дұрыс бағытқа бағыттау жүйесін, оны 
ұлттық мәдениеттің бай тәжірибесімен таныстыру. 
Тәрбие процесінде ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды 
пайдалана отырып, мұғалім балаларға қазақ халқының рухани 
мәдениетінің бастауларын пайдалануға, оның өзіндік ерекшелігін 
тануға мүмкіндік беруге ұмтылуы тиіс, өйткені дәл осы ұлттық 
дәстүрлерде қазақ халқының өмірі мен тұрмысының мәні барынша 
толық көрсетілген. Қазақ ұлттық дәстүрлерінде ережелер, нұсқаулар, 
көптеген өмірлік жағдайлардағы мінез-құлық нормалары, Ар-намыс 
пен қадір-қасиет, сұлулық туралы идеялар бар. 
Кез-келген жағдайда халық шығармашылығы, ұлттық дәстүрлері, 
өнері балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық қабылдауына үлкен 
әсер етеді. 
Ұлттық дәстүрлер адамдардың қоғамдық санасын, олардың іс-
әрекеттерімен, 
қарым-қатынастарымен, 
идеологиясымен, 
психологиясымен 
әлеуметтік 
болмысын 
көрсететіндіктен, 
олар 
көркемдік таным мен адамгершілік бағалаудың объектісі ретінде қызмет 
етеді. 
Жоғарғы мектеп оқушыларына арналған тәрбие іс-шараларының 
үлгісі: 
Түрі: Сайыс 
Тақырыбы: «Қазақ отбасында ұлттық тәрбие»
Бағдарлама барысы: 
1 күн 
1. Ұлттық сайыстың ашылуы. 
2. Білім алушылардың шығармашылық жұмыстарының көрме-
конкурсы 
(қабырға 
газеттері, 
кроссвордтар, 
ребустар, 
буклеттер, 
планшеттер). 
2 күн 
1. Білім алушылардың шығармашылық жұмыстардың көрме-
конкурсы (қол өнер бұйымдарынан). 
2. «Қазақ отбасында ұлттық тәрбие» пікір-сайыс 
3. Дәріс – «Қазақтың ұлттық киім үлгісі» көрсетілім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет