Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет144/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

III. «Сөзмерген» сайысы
Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Қыз қуу, Теңге алу, Асық ойын атауларынан 
жаңа сөздер қатарын құрастыру ( алты, бақа құм, теңге, қыз, ас т.б.). 
IV. «Аысық ату» ойыны ( Ойын барысында кім көп асық ұтып алса, сол 
жеңімпаз атанады) 
V. Сұрақтар айдары 
1. Қазақтың ұлттық ойындары қашан пайда болған? 
2. Ұлттық ойындардың ұрпақ тәрбиесінде маңызы қандай? 
3. Ұлттық ойындардың қандай түрлерін білесің? 
4. Диалогты толықтыр. 
- Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің? 
- Мен ................................................... білемін. 
- Қандай ұлттық ойындарды ойнадың? 
- Бір ұлттық ойынның ойын шартын айтып бер. 
5. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыр. 
6. Сабақты бекіту: 
- Не білдік? Не үйрендік? 
- Біз ұлттық ойындардың қандай түрлерімен таныстық? 
- ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні қандай? 
7. Үйге тапсырма: ойын атауларын жаттау, ұлттық ойындардың бір түрінің 
ережесін дайындау. 
 
Негізгі орта білім беру деңгейіне ұсынымдар мен әзірлемелер 
Баланың жасөспірім кезеңінде моральдық білімді игеру, 
сұлулықты түсіну, эстетикалық талғамды қалыптастыру жүзеге 
асырылады. Жасөспірімдер қоршаған шындықты түсініп қана қоймай
талдауға, жалпылау жасауға, сыни пікірлер айтуға, өз ойларын бекітуге 
және қорғауға қабілетті. Бастуыш мектеп оқушылармен салыстырғанда 
жасөспірімдерде адамдармен қарым-қатынас аясы едәуір кеңейеді. 
Жасөспірімдердің ерекшеліктері мінез-құлқының өзгеруі, «Мен 
азаматпын» деген есейгендік таныту, өзіндік тұжырымдамалар жасай 
алуы және олар сұлулыққа деген ұмтылыспен ерекшеленеді, бірақ олар 
көбінесе бағалауда қателеседі, әрқашан шынайы сұлулықты ажырата 
алмайды. Олардың өзбеттілік қасиеттерінің оянуы кейде үлкендердің 


316 
пікірімен келіспей жатуы қоғамда қателіктерге ұрынып жатуы жиі 
кездесіп жатады. Жеткіншектердің шыдамсыздығы мен көрсеқызар, 
ашуланшақ, еліктегіштік жағымсыз қасиеттерін тәрбиелеуде ұлтттық 
тәрбиенің маңызы зор. Ұлттық салт-дәстүрлер мен ғұрыптар арқылы 
тәрбиелеу, жеткіншектердің өмірлік жолына бағыт беру, өмірдегі 
қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе білуге үйрету мұғалім мен сынып 
жетекшісінің басты міндеті. Өзінің Отанына деген сүйіспеншілік пен 
ұлттық рухты қалыптастырып, ұлттық құндылықтырды бойына сіңіруде 
ата-аналармен ынтымақтастықта қызмет ету маңызды. Бұл жағдайда 
адамгершілік тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрлердің рөлі зор, өйткені қазақ 
халқының әрбір салты, өмірдің өзінде белгілі бір мағынаға ие, адамдар 
арасындағы қарым-қатынаста жалғандық пен өтірікті қабылдамайтын 
әдемі, тілектестік элементтері бар. Мұғалім оқушыларға ұлттық 
құндылықтарымызды, 
салт-дәстүрлерімізді, 
әдет-ғұрыптарымызды 
тереңірек түсінуге, рухани мәдениеттің күрделі құбылыстарын талдауға, 
оған дұрыс қорытынды жасай білуге көмектесуі тиіс. 
 
«Дәстүр және мәдениет – ұлттың генетикалық коды» 
(Н.Назарбаев) 
Тақырыбы: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» 
Мақсаты: 
- Қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен әдет-ғұрыптарын сипаттау. 
Ежелгі әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер халықтың рухани өмірі туралы түсінік 
беру. 
- Қазақ халқының мәдениеті мен тарихына танымдық қызығушылықты 
арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
- Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге баулу
Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. 
Барысы: 
Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар – белгілі бір жағдайларда 
қайталанатын қоғамда тарихи қалыптасқан және кең таралған іс-әрекет 
формалары. 
Олар кез-келген әлеуметтік ортада (ұжымда, отбасында және т.б.) 
қабылданған өмір салтының көрсеткіштерін білдіреді. 
Дәстүр – ерекше тұрақтылықпен және адамдардың ұрпақтан ұрпаққа 
мұра болып қалған мінез-құлық формаларын өзгеріссіз сақтауға бағытталған 
күш-жігерімен сипатталатын әдет-ғұрыптардың түрлері немесе формалары. 
Салт – бұл белгілі бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде көрінетін 
символдық әрекет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет