325
1. «Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбие» оқушылар байқауы.
Бұл байқау келесі бағдарлама бойынша өткізуге болады:
Кесте1
1. Сергіту
Отбасындағы ұлттық тәрбие туралы
мақал - мәтелдер
2. Көкпар
Теориялық байқау:
Қазақ қыздары туралы халық ауыз
әдебиетіндегі мақал-мәтелдерді атау.
Отбасы бірлігі туралы мақалдарды атау,
оның мәнін ашу?
Қазақ отбасында
бала тәрбиесіндегі
ананың рөлі?
Қазақ отбасында ұлбаланы тәрбиелеуде
әкенің рөлі? Сипаттаңыз.
3. Полиглот
Қазақ отбасында ұлдар мен қыздарды
тәрбиелеу бойынша салт-дәстүрлерді,
әдет-ғұрыптарды білу
4. Тыйымдар
Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне
қатысты
нанымдары, тыйымдары.
5. Тәжірибелік тапсырма
Әр қатысушы жағдаяттар жазылған
конвертті
алады.
Жағдаят
тапсырмаларын орындау
6. Бәйге
«Отбасындағы
ұлттық
тәрбиенің
маңызы мен ерекшелігі» Сайыс.
7. Шешендік өнер
«Қазақ отбасындағы ұлттық тәрбие»
шешендік өнер сайысы
Сынып сағаты
Тақырыбы: «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
Мақсаты: Оқушылардың қазақ дәстүрлері
мен әдет-ғұрыптары туралы
білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- оқушылардың қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылығын ояту;
- оқушылардың өз елінің, өз халқының адамгершілік-рухани мәдениетін
құрметтеуге тәрбиелеу;
- мерекелерді, дәстүрлерді зерттеу арқылы балалардың қазақ
халқының
тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту.
Әдістері: әңгіме, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, жаттығу, практикалық жұмыс.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, қазақ халқының салт-дәстүрлері фото-
суреттер, музыкалық фонограмма, бейнеролик, киіз үй бейнесі, «Шаңырақ»
макеті, дәстүр атаулары бар карточкалар, А4 парақтары.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру сәті
(Тәрбие сағатын оқушылар ҚР Әнұранын айтумен бастайды).
2. Сыныпты топтарға бөлу.
Бірінші топ – «Алтын бесік»
Екінші топ – «Шаңырақ»
326
Үшінші топ – «Бәйге»
Төртінші топ «Дастархан»
3.Сабақ
тақырыбы бойынша жұмыс
Әр топ өздерінің топтарын қорғап шығады. ( топ атауы, эмблема, ұстанымдары)
Әр топқа сөз берілді. Топтардың атауына сәйкес тәрбие сағатының тақырыбы
ашылады
. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»
Сынып сағаты қазақ ауылдарына саяхаттаудан басталады
Бірінші ауыл «Салт-дәстүр» ауылы
4. Сұрақ: Салт-дәстүрлер дегеніміз не?
- Оқушылар «Дәстүрлер» және «Әдет-ғұрыптар» туралы
жазылған
анықтамалар мен ұғымдармен танысады және мұғалімнің сұрағына жауап
береді.
Дәстүрлер – бұл ұрпақтан-ұрпаққа жинақталып, берілетін тәжірибелік
және әлеуметтік іс-әрекеттің идеялары, рәсімдері, әдеттері мен дағдылары.
Ғұрып –
бұл кез-келген халықтың, кез-келген әлеуметтік топтың
күнделікті өмірінде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртіп. Дәстүрлі түрде
қалыптасқан қоғамдық мінез-құлық ережелері.
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты бейнероликті тамашалау
- Сіз бұл бейнероликтен не білдіңіз?
- Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерімен таныстыңыз.
- Адам өз халқының салт-дәстүрлерімен кай кезден бастап таныса
бастайды? (балалық шақ)
Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олардың
барлығы біздің жерімізді Туған жер деп санайды. Республикада әрбір халықтың
өз тіліне, мәдениетіне, дініне деген өзіндік құқығы бар.
Қазақстанда тұратын барлық халықтардың салт-дәстүрлері бар. Олар
халықтың өмір салтын, оның әдеттерін, ұлттық ерекшеліктерін көрсетеді.
Қонақжайлылық, үлкендерге құрмет,
қариялар мен әйелдерге құрмет,
үлкендерге орын беру қазақ халқының бойына сіңген құндылықтары.
Бүгін біз қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ойымызды
толықтырдық. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мерекелері өзінің
әсемдігімен, бай мағынасымен таң қалдырады және ашық, қонақжай, қоршаған
әлеммен келісімде өмір сүруге ұмтылатын қазақтың ұлттық мінезін көрсетеді.
«Қазақ» сөзінің өзі түркі тілінен аударғанда «еркін адам» дегенді білдіреді.
Қазақтар еркіндікті сүйетін көшпелі халық болған, орасан зор жер аумақтарына
бай жайылымдарға және тау бөктері мен өзен аңғарларында құнарлы жерлерге
ие болған. Егер қазақ халқының салт-дәстүрлері
туралы айтатын болсақ, онда
тұтас тарих шығады. Әр мереке немесе қандай да бір оқиға баланың тууы,
үйлену тойы, Наурыз, айт ұлттық және мемлекеттік т.б мерекелері ұлттық
нақышта аталып өтіледі.
Тойың-тойға ұлассын, ұлы халқым!
Өрлей берсін қияға атақ-даңқың.
Аялайық, қастерлеп, ұлы күнді,
Жеткізейік ұрпаққа Ата салтын!
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
327
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы Қазақстанда туғаным!
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің!
5. Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерін білесіздер? (әр топ дәстүрлер
туралы айтады)
Достарыңызбен бөлісу: