Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет151/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

 
«Ұлттық дәстүрлер мен ғұрып» элективті курсы 
Түрі: Элективті курс бағдарламасы 
Бағыты:Дәстүр мен ғұрып 
Кімдерге арналған: 10-11 сынып білім алушылары 
Құрылымы: 4 модуль 
Тілі:қазақ,орыс 
Элективті курс бағдарламасы 
Курс бағдарламасының мазмұны 
Аңдатпа 
«Қазақтың ұлттық дәстүрлері мен ғұрпы» курсы этникалық тарих, 
этномәдени дәстүрлер, мәдени байланыстар, рухани және материалдық 
мәдениет, жалпы қазақ халқының және осы аймақта тұратын халықтардың 
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы негізгі дағдыларды, ұғымдар мен 
білімді 
қалыптастыруға 
бағытталған 
«Жалпы 
гуманитарлық» 
және 
«Жаратылыстану-математикалық» бағытында оқитын 10-11 сынып білім 
алушыларына арналған элективті курс болып табылады. Курс 10-11 сынып 
білім алушыларына арналған салт-дәстүрлер бойынша алдын-ала арнайы 
дайындықты қажет етпейді, бірақ қазақ халқының географиясы мен құрамы, 
салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы білімді қамтиды. Практикалық тұрғыдан 
алғанда, Курстың міндеті білім алушыларды Қазақ халықының ұлттық мәдени 
ерекшеліктерімен, ұлттық дәстүрлердің әртүрлілігімен, негізгі әдет-
ғұрыптарымен, 
нанымдарымен, 
ұлттық 
өнердің 
ерекшеліктерімен, 
экономикалық қызметтің дәстүрлі түрлерімен жүйелі түрде таныстыру
сонымен қатар қазіргі қоғамдағы дәстүрлі әлеуметтік-мәдени нормалар туралы 
түсінік қалыптастыру болып табылады. Теориялық тұрғыдан алғанда білім 
алушыларды ұлттық код, ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, ұлттық әдет-ғұрып, 
жалпыұлттық және отбасылық құндылықтар сияқты ұғымдармен таныстыру 
көзделеді. 
Курсты меңгеру мақсаты: 

қазіргі заманда ұлттық дәстүрлерді, ғұрыптарды, ұлттық мәдениетті,


331 
жалпыұлттық және отбасылық құндылықтарды білу және түсіну қабілетін 
дамыту; ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ерекшеліктері туралы түсінік 
қалыптастыру. 

әлеуметтік-мәдени дәстүрлердің дәстүрлі және заманауи мәселелерін
білуді қалыптастыру: дәстүрлер мен ғұрыптар және олардың қазіргі қоғам 
өміріне қатысуы және олардың іскерлік мәдениет пен мінез-құлық этикетін 
қалыптастыруға әсері. 

ұлттық дәстүрлерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша білімді 
сыни талдау және практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру және 
дамыту. 

ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлердің заңдылықтары мен
ерекшеліктерін зерделеуге жүйелі тәсіл негізінде жобалар, модельдер 
құрастыруға және оны өмірде пайдалану қабілетін дамыту. 

ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ерекшеліктерін терең білу
негізінде олардың тарихи дамуы мен қазіргі заманғы ықпалына талдау жүргізе 
білуге ықпал ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет