Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет147/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

«түсіністік» сөзі болатын. (Мұғалім өз осы сөз жазылған парақты – киіз үйдің 
фрагменті шаңырақты тақтаға бекітеді).
- Неліктен отбасы басшысы бұл сөзді жүз рет жазды деп ойлайсыз? 
- Бұл отбасы мүшелерінің өз үйіне, ата-аналарына қандай қатысы бар? Ол 
нені туындатады? Отбасы немен айналысады? (оқушылардың жауаптары).
- Сонымен, отбасындағы ең бастысы – өзара түсіністік. 
- Отбасыңыздағы қарым-қатынас туралы айтып берсеңіз, сіздің 
отбасыңыздың басшысы кім?
4. Оқулықтармен жұмыс.
«Отбасы-шағын мемлекет» мәтіні бөлімдерін оқу. 
- Мазмұнды талқылау. 
Топтардағы жұмыс. 


321 
- Сонымен, біз отбасы шағын мемлекет екенін білдік. Енді топтармен 
жұмыс істеуді ұсынылады. 
- Тақтада «Отбасы – ата-ана-қоғам» схемасы жасалады: 
- отбасы қарым-қатынасы туралы әңгіме құрастыру ұсынылады. 
- Әңгімелерді оқу. 
5. Қосымша материал. 
- Әр отбасының туыстары бар. Қазақ отбасында туыстарының бір-біріне 
көмектесуін жоғары бағалайды. Егер сен басқаларға мейірімді болсаң, онда 
саған да қажетті уақытта олар көмекке келеді. Ежелгі дәуірден бастап балаларға 
үлкендерге құрмет, оларға ұқыпты, қамқор көзқарас тәрбиеленген. Егер балаға 
ата-анасына, өз отбасына, рулық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға құрмет 
көрсетілсе, онда ол басқа адамдарға да құрметпен қарайды, өзге халықтардың 
салт-дәстүрлерін құрметтейді және сыйлайды. 
- Балалар, отбасы туралы, отбасындағы қарым-қатынастар туралы, 
үлкендерді құрметтеу 
туралы 
қандай 
мақал-мәтелдерді, білесіздер? 
(оқушылардың жауаптары). 
- Бүгін біз бір қазақ отбасында қонақта болып отырмыз. Олардың үйінде 
қуанышты оқиға – немересі дүниеге келді.
1- Көрініс 
Балалар үйге кіріп, ата мен әжеге сәлемдеседі. 
Екі оқушы шығып қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрін көрсетеді. 
Жігіт: Ассалаумағалейкүм, ата! 
Ата: Уғәләйкүмассалам, балам! 
ЖігітДені-қарныңыз сау ма, аман-есенсіз бе? 
Ата: Құдайға шүкір, балам, жүріп жатырмыз. 
Жігіт: Бала-шағаңыз есен-сау ма? 
Ата: Тегіс аман-есен өсіп-өніп жатыр. 
Жігіт: Өзіңіз күйлі қуаттысыз ба? 
Ата: Балалардың қамқорлығында жағдайым жақсы. 
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біздің үйде той! Менің немеремді 
қырқынан шығарамыз, бесікке салу тойын жасаймыз. 
Балалар немересіне тілек айтады. 
- Немереңіздің дені сау болсын! 
- Үлкен азамат болсын! 
- Жорытқанда жолы болсын! 
- Арғымақтай жүйрік болсын! 
- Асқар таудай биік болсын! 
- Әумин. 
Әжесі мен немерелері баланы (қуыршақты) шомылдырып баланы 
қырқынан шығару рәсімін жасайды. Баланы шомылдырған суға салынған
күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды, теңгелерді қонақтарға таратады. 
«Шашу» шашылады. Шашудан әрқайсысы дәм татып, ниет білдіре отырып, 
бақыт тілейді. 
Баланы бесікке бөлегеннен кейінгі рәсім орындалады (қыздар нәрестені 
тербетіп, бесік жыры айтады).


322 
2 -Көрініс
Балалар үйге кіріп, атасы мен әжесін сәлемдеседі. 
- Әже және қыз бала болып киінген екі оқушы. Әже мен қыз бала 
сәлемдесуі. 
Қыз: Армысыз әже? 
Әже: Бар бол, балам! 
Қыз: Үй-іші, бала-шағаңыз аман ба? 
Әже: Тәңірге тәуба, барлығы күйлі-қуатты, аман-есен. 
Қыз: Ылайым жақсы болсын. 
Әже: Өзіңе де Алланың нұры жаусын, балам! 
- Біздің үйде тұсау кесу тойы. Менің немеремнің бірінші қадам басу 
тойын жасаймыз. 
Қыздар баланың аяқтарын (қуыршақты) ала жіппен байлайды. Содан 
кейін нәрестені қаз тұрғызып тұсау кесер әнін айтады. 
Қаз-қаз, балам, қаз балам! 
Қадам бассаң, мәз болам! 
Күрмеуіңді шешейін, 
Тұсауыңды кесейін, 
Қадамыңа қарайық, 
Басқаныңды санайық, 
Қаз-қаз, балам, жүре ғой... 
Балтырыңды түре ғой. 
Тай-құлын боп шаба ғой, 
Озып бәйге ала ғой. 
Қаз баса ғой, қарағым, 
Құтты болсын қадамың! 
Балалардың бірі баланың аяғындағы ала жіпті кеседі, ал бала алғашқы 
қадамдарын жасайды. 
Жолың болсын деселік, 
Жолыңа нұр төсейік. 
Жарылқасын алдыңнан. 
Тұсауыңды кесейік! 
Тұсауыңды кесейік! 
Күрмеуінді шешейік. 
Қаз, қаз балам, қаз балам 
Қадам бассаң мәз болам, 
Тағы, тағы баса ғой, 
Тақымыңды жаса ғой. 
Қаз болса ғой қарағым, 
Құтты болсын қадамың! 
Әжесі шашу шашады, бата береді. 
Жорытқанда жолың болсын! 
Арғымақтай жүйрік болсын! 
Асқар таудай биік болсын! 
Әумин. 


323 
Сабақ соңында сөзжұмбақ шешу ұсынылады, кілт сөзді оқып, адам үшін
өмірдегі ең қымбат не екенін талдайды. 
Сөзжұмбақ шешу. 
1. Қандас туыс адамдарды қалай атайды (туыстар)
2. Қазақтарда нәресте төсегі қалай аталады (Бесік).
3. Адамдарға отбасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге не 
көмектеседі? (түсіну, түсіністік).
4. Нәрестені тербету кезінде айтылатын ән? (Бесік жыры). 
Қорытынды. 
- Сабақтан қандай жаңа ақпарат алдыңыз? 
- Балалар алған ақпараттары мен өз түйгендерін ортаға салып, талдау 
жасайды. 
Әрине, әр адам үшін өмірдегі ең маңызды және қымбат нәрсе – бұл 
отбасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет